Балабақша сабақ жоспары: Күн
технологиялық картасы
Білімберусаласы: Шығармашылық
Тараулар: Сурет салу
Тақырыбы: Күн.
Мақсаты: Білімділік: Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу.
Дамытушылық: Балалардың саусақ бұлшықеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр түрлі көктемдегі жұмыртқалар суреттері.
Әдіс – тәсілі: Көрсету, айту, түсіндіру.
Билингвалды компонент: Күн — солнце
Құрал — жабдықтар: Гуашь, сурет дәптер, сүлгі.
Танымды оятушылық
а) Балалармен амандасып өз орындарына отырғызу(шаттық шеңбері)
б) Назарларын сабаққа аударту
Ұйымдастыру — іздестіру
Балалар біз қазір сендермен сурет салудан күннің суретін саламыз. Күннің пішіні — дөңгелек, түсі — сары. Күн болмаса дала үнемі қараңғы болып тұрады. Күн аспанда болады. Күн бізге жылу береді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам жасайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Құшақ толы гүлдерді,
Теріп — теріп алайық.
— Балалар, орнымызға отырамыз.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру: Бояуды аузымызға салмаймыз, көзімізге апармаймыз.
— Балалар қазір оң қолымыздың сұқ саусағын сары түсті бояуға малып, күннің суретін саламыз, бірінші дөңгелек пішін жасаймыз садан кейін таяқшалар салу арқылы күннің сәулесін саламыз.
Ойын: «Күн мен түн»
Шарты: Күндізгі болатын жағдайларды айтқанда көзімізді ашамыз, түнде дегенде көзімізді алақанымызбен жабамыз. …..