Балабақша сабақ жоспары: Көгершін — бейбітшілік құсы | балабақшаға Көгершін — бейбітшілік құсы арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Көгершін

0

Сабақтың тақырыбы: Көгершін — бейбітшілік құсы
Жаңа ән: Ақ көгершін
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бейбітшілік құсы туралы мағлұмат беру. Көгершін құсының түрлерімен таныстыру. Интернет арқылы бейнелі сюжеттер көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушыларды музыкалық ырғақты сезіне білуге үйрету. Музыка тыңдау арқылы музыкалық сауаттарын ашу. Өнерге баулу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Баян аспабы, оқулық, дәптер, тақырыптық суреттер, үнтаспа, интернет жүйесі, интерактивті тақта, қағаздан қиылған көгершін қиындысы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (амандасу, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын сұрау
— Балалар, өткен сабағымызда қазақтың халық музыкасының орыс композиторлар шығармаларындағы орны тақырыбымен танысқан болатынбыз. Олай болса менің сұрағыма жауап беріңдер.
— Орыс композиторларының қазақ шығармаларындағы алатын орны қандай?
— А. В. Затаевич қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
— Ол кім?
— Қандай шығармаларын білесіңдер?
— Қандай еңбектері бар?
— С. В. Рахманинов қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
— Ол қай халықтың композиторы?
— Қандай шығармаларын білесіңдер?
— Өткен сабақта композитордың қай шығармасын тыңдадық?
-«Дана әжем»әнінің авторларын ата.
— Осы әнді бірге орындайық. Ән айту ережесін сақтайық.

Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көгершін — бейбітшілік құсы
— Көгершін құсы. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.
Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Моногамды. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. (Картадан көрсету) Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР — де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен. (Суреттерін интернеттен көрсету)

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1 — 2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, ұрғашысы да кезектесіп басады. Жұмыртқадан 14 — тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зияндарын тигізеді. Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған. Кептер – кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған (тек полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және түркептер (4 түрі) бар. (Суреттерін интернеттен көрсету) Кептерлердің қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды. Республиканың оңт. жартысында көк кептер (Columba lіvіa); Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Солт. және Батыс Тянь — Шаньда құз кептер (Columba rupestrіs); Жайық өзенің аңғарында дыр кептер (Columba palumbus), Арал т — нен Алакөл қазаншұңқырына дейінгі шөл далада қоңыр кептер (Columba eversmannі) таралған. Сондай — ақ, республиканың таулы аймақтарындағы жалпақ жапырақты орман белдеуінің етегінде түркептер (Streptopelіa turtur); шығыста, оңт. аймақтағы тауларда, орманды далада, далалық жерлерде үлкен түркептер (Streptopelіa orіentalіs) кездеседі. Кептерлердің қанатының ұзындығы 180 – 250 мм, салм. 240 – 350 г (дыркептер – 600 г — дай). Басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. Кептерлердің көпшілігінің қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Көбі жылына 2 рет, кейбіреуі 4 – 5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдастарының дәнімен, шошқа жаңғақпен қоректенеді
(Әр елдің бақыт құсы туралы қысқаша мағлұмат беру және суреттерін көрсету)

— Балалар, Мәскеу қаласында оқушылардан құрылған «Большой хор» бар. Осы хордың орындауында Исаак Дунаевскийдің «Летите, голуби!»әнін тыңдайық. Бұл ән 1957жылы Мәскеу қаласында өткен жастар фестивалі кезінде арнайы шығарылған.
Музыка тыңдау. «Летите, голуби!» Сөзі: Михаил Матусовский
Әні: Исаак Дунаевский
«Ақ көгершін» әнінің алғашқы орындаушысы Күләш Бәйсейітованың орындауында үнтаспадан әнді тыңдау, екі әннің мағынасын, әуенін салыстыру.
Оқулықпен жұмыс.
— Балалар, оқулыққа назар аударайық.(тақырыпты мәнерлеп оқу)

Жаңа ән үйрену:
«Ақ көгершін» (авторлармен таныстыру)
Сөзі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов
Ойын.
— Балалар, «Ақ көгершін»әні бейбітшілік, бақыт, көктемгі күн сияқты жарқын сәтті суреттейді. Алдымызда қағаздан қиылған ақ көгершіннің арғы бетіне қасыңда отырған досыңа жүрегіңнен шыққан жақсы тілегіңді жазып, бір — біріңізге сыйға тартасыздар.

Сабақты бекіту.
— Көгершін қандай құс?
— Көгершіннің әлемде қанша түрі бар?
— Қазақстанда көгершіннің қанша түрі кездеседі?
— Исаак Дунаевскийдің «Летите, голуби!»әнін қандай оқиғаға арнаған?
— Қай халықтар қандай құстарды бейбітшілік белгісіне жатқызады?
— А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әнінің мағынасын кім айтып береді?
— Жарайсыңдар.

Қорытынды:
«Көгершін — бейбітшілік құсы»тақырыбын оқып келу,
«Ақ көгершін»әнін жаттау, дәптерге көгершін құсының суретін салып келу.
Бағалау, үй тапсырмасын беру…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!