Балабақша сабақ жоспары: Гүлдене бер Астана

0

Гүлдене бер Астана
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру.
Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой — өрісін, қимылын ұштау. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Астана қаласы туралы слайд.
Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, ән, тақпақтар айту, слайд арқылы түсіндіру.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
— Қайырлы таң, қонақтар!
— Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылулық шеңбері. — Ал, енді балалар бәріміз бір — бірімізбен сәлемдесіп алайық.
— Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Астана!
Келдік саған қуана!
— Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз сау болсын! Күніміз күлімдесін!
Еліміз аман болсын!
Ата — анамыз қасымызда болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Аспанымыз ашық болсын!
Әнұран орындалады.
— Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
— Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз
— Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата — бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз — қазақ.
— Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
— Біз қай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында.
— Біздің ұлтымыз кім?
— Қазақ
— Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
— Орыс, өзбек, түрік, қытай.
— Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
— Әнұран, ту, елтаңба.
— Ел ордамыз, бас қаламыз қай қала?
— Астана. — Біз қай қалада тұрамыз? — Атырау қаласында.
— Енді балалар бәріміз орнымыздан тұрып астана туралы әнімізді орындап берейік.
Ән: «Астана – арман қала»
Балалардың тақпақтары:
Жанерке: Жас астанам, жас қалам,
Тарихым бар ашпаған.
Ордасы боп ашылдың,
Ей, бас қалам — Астанам.
Асылжан: Барша әлемге әйгілі, Ел басымыз Нұр аға
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.
Айерке: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа
Ей, бас қалам — Астанам.
Аружан: Шырқап көкке аспан — ән
Болашаққа бас қадам,
Қазақ рухын биіктен
Ей, бас қалам — Астанам.
Аяулым: Елордасы елімнің Қазағымның жүрегі
Астанамды бірінде,
Күллі әлем біледі.
— Балалар, ендеше слайдқа назар аударайық.
Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. 1997 жыл 10 — желтоқсанда бұрыңғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.. БірақАқмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 — мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды.
Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақпатриотымыз. Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп мақтан етейік.
Слайдтан көрсету.
Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.
Ал, енді балалар біз Астана қаласына саяхат жасайық. Сендер Астана қаласына саяхат жасағыларың келеді ме? Онда саяхатымызды бастаймыз. Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.
(Слайдтан ақ орданы көрсету)
Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан. Ақ орда Қазақстан Республикасы президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіс сөздер жүргізеді.
(Слайдтан Бәйтеректі көрсету)
Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші — “Астана – Бәйтерек ” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды.. «Бәйтерек»- бас қаламыздың символы. «Астана — Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңіжәне ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананыңқасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.
(Слайдтан Хан шатырды көрсету)
«Хан шатыры» — Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын — сауық орталығы. 200 — дей метрлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кинотеатрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады. Бұл көргендеріміздің барлығы біздің Отанымыздағы, Республикамыздағы, Елордамыздағы демалатын орындар.

(Слайдтан мұхит аралын көрсету)
Келесі көрікті жерлерінің бірі — “Думан” ойын — сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің. «Мұхит аралы» (Океанариум) Қазақстандағы тұңғыш әрі бірден — бір нысан. Бұл әлемдегі мұхиттан 3 мың шақырымға жуық қашықтықта жатқан бірден — бір — «Мұхит аралы». «Мұхит аралында» 3 миллион литр су бар. Қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған. 70 метрлік дәліз бен түрлі мөлшердегі 11 аквариумнен тұратын екі үлкен көрме аумағындағы түрлі — түрлі балықтардың тіршіліктеріне жақыннан қарауға болады. Бұл аквариумдағы «Мұхит аралдың» ең ірі тұрғындары — акулалар, алып алабұғалар, тәкаппар губандар — Наполеондар, коралл трауттары және өзге де балықтар тіршілік етуде.
(Слайдтан пирамиданы көрсету)
«Пирамида» — Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық суретші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар көрме залдары орналасқан.
— Астана қаласының әдемі ғимараттарын, түнгі көріністерін тамашалайық.
— Балалар мынау от шашу. Астананың туған күні болған кезде осындай от шашулар шашады екен.
Ойын: «Теңге алу»
Балалардың тақпақтары:
Ануар: Астана бас қала,
Жаңа қала жас қала.
Зәулім сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.
Нәсіп: Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Мәңгі қалар есінде.
Сұлтан: Бәйтерегім аспанмен таласады,
Ай мен күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды қайсар ер азаматтар,
Астананы тұрғызған қарашы әні!
Жұмабек: Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң ұлы отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
— Балалар, бүгін біздер кімнің туған күнін тойлап жатырмыз?
— Біздің ел ордамыз, бас қаламыз қай қала?
— Біздің президентіміз кім?
— Біздің ұлтымыз кім?
— Ендеше балалар, астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын! Тәуелсіздігіміз нығайсын! Қазақстан жасасын! Шекарамыз берік болсын! Еліміз тыныш болып, қазақ елі гүлденсін! Тағы да астананың туған күні құтты болсын! Сау болыңдар! …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!