Балабақша сабақ жоспары: Ертегілер еліндегі шалқан
Тақырыбы: Ертегілер еліндегі шалқан
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету.
Көрнекіліктер: Ертегі суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, сиқырлы қорапша, табиғи гүлдер, ағаштар, шалқан суреті.
Бингвилизм: қыс — зима, шалқан — репка
Жылулық шеңбері: «Қайырлы таң»
ҰОІӘ барысы: Музыка ырғағымен балалар кіріп орындықтарының жанына келіп тұрады.
— Балалар, қараңдаршы, біз ғажайып ертегілер еліне келіп қалдық, бізден бұрын апайлар келген екен, кәне қонақтармен амандасайық. Қайырлы таң, көк аспан, Қайырлы таң, жер ана. Қайырлы таң, алтын күн. Сәлеметсізбе!
Здравствуйте! — Балалар, ертегілер елінде қандай әдемі, мұнда бәрі бар. Мен ертегілер елінен келген ертегішімін. Қазір біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Менің соңымнан жүріңдер.
— Балалар қараңдаршы бұл не? (Бірінші ертегі ол Шұбар ала тауық.)
— Ол ертегі не туралы? Жарайсыңдар?
Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
— Мұнда не отыр? Бауырсақ кімнен қашып кетті? Оны не жеп қойды?
— Жарайсыңдар! Мына жерде не тұр? (үйшік). Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (аңдарды атайды)
— Дұрыс айтасыңдар. Балалар қараңдаршы, мында сиқырлы сандық жатыр. Оны ашып көрейік. Бұл не? (Шалқан). Енді осы ертегімен танысайық.
— Дұрыс, айтасыңдар, шалқан – репка(қәне, қайталайық).
— Өте жақсы, балалар! Енді мына суреттерге қараңдаршы. Не бейнеленген. Осы кесте арқылы біз «Шалқан» ертегісімен танысымаз. Содан кейін маған мазмұнын айтып бересіңдер.
Ертегіні оқу.
Балалар
— Шалқан қайда өсті?
— Ол қандай болды?
— Атайға кімдер көмектесті?
— Міне қандай тату – тәтті отбасы! Бір – біріне көмектесіп, өз туысқандарына қамқорлық көрсетеді.
— Ал сендар бір – бірлерімен доссыңдарма? Ендеше дос болайық!
Балалар мұқият тыңдап алғаннан кейін мазмұныны айтып береді.
Сергіту сәті.
Д. О.: «Қай кейіпкер жоқ?»
О. ш.: Ертегі кейіпкерлерінің біреуін алып тастап, жоғын айту. Балалар шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер бар? (ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан).
— Қане, санайықшы неше кейіпкер екен? (алты)
Сұрақ — жауап тәсілі арқылы қорыту.
— Қандай ертегімен таныстық? (шалқан)
— Қандай ертегілер туралы жұмбақ жасырдық? (бауырсақ, шалқан)
— Ертегі сендерге ұнады ма? (ия)…..