Балабақша сабақ жоспары: Дәрігер Айболит бізде қонақта
Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта
Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті — рөлді ойынды өз ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Шаттық шеңбер:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын,
Достарымыз коп болсын.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуміз керек?
Балалар: Жаттығу жасаумыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, денсаулықты сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Мен сендерге бүгін тері тазалығы туралы айтайың мына суретте 5 ереже мына суретте. Біреу есік қағып тұр бұл кім кірқожалақ бала келеді.
Сәлеметсіңдер ме неге бәрі тап — таза әдемі.
Тәрбиеші: Сен кімсің? Балақай сен неге кірсін жоқ тазамын, сен құлап қалдың ба жоқ таңертең жуындың ба ия қалай көрсетші. Мұрат қолына түкіріп бетін сүрте салады. Ой деп тәрбиеші.
Мына бала,
Бетін қара.
Кір — қожалақ, қап — қара.
Тырнағы өскен,
Шашы көптен
Алынбапты — ау масқара!
Әдеті бар жаман — ақ,
Киімі кір — қожалақ,
Көрген емес тазалап.
Тәрбиеші: Мұрат қарашы мына балаларға бұлар күнде жуынады тап таза балалар. Қане балалар Мұратқа біз түсіндірейік Суды білесін бе жоқ дейді.
Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолды жу.
Тазалықтың досы –
Су дегенің осы.
Тәрбиеші: түсіндің бе енді міне сағаң шелек су, шара қолыңды жу.
Мұрат: кетпейді ғой, су кетірмегенді не кетіреді сабың.
Інжу:
Сабындаған кезінде
Ашытады көзіңді,
Бола білсең төзімді,
Тап — таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы
Сабын деген осы.
Азиз:
Сүлгі ақ мамықтай түгі бар,
Қызыл — жасыл түрі бар.
Жұмсақтығы мақтадай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы.
Арайлым: Щетка. Үш тілде айту су, сабың, орамал, щетка. Мұратты жуындырады тазалайды, шаштаразға апарады.
Сюжетті — рөлдік ойын: «Шаштараз»
Айару: Мұратты бірге балалармен отырғызады. Өз гигиенаң өз тазалықтарың туралы айтайық бізге қандай құралдар көмектеседі? Мына суретте Тазалықтың досы бұл не, сабынмен қолды сабындаймыз, орамалмен сүртеміз, тіс тазартамыз, шашымызды тараймыз, орамал аузымызды жауып сүртеміз, ысқыш мачалкамен ысқылаймыз, шампунмен жуынамыз.
Тәрбиеші: енді біз ауырып қалғанда кімді шақырамыз? Бұл кім екен? Балалар бізге қонаққа дәрігер Айболит келді.
Дәрігер Айболит: Сәлеметсіздер ма балалар. Мен сендерге қонаққа келдім, мен аңдарды емдеп, енді сендердің денсаулықтарыңды тексеруге келдім. Қазір мен сендердің күлімдеген көздеріңді, қызғылт түсті беттеріңді және әдемі күлкілеріңді, тістеріңді қарағым келіп тұр. Балалар қуана қарсы алады. Дәрігер Айболит балаларға жақындап, олардың бастарын сипалап, денсаулықтарын сұрайды.
Тәрбиеші: дидактикалық ойын ойнайық. «Өз орнына сал» балалар Айболитке көмектесейік орманда бір маймыл бүкіл заттарды араластырып жіберіпті. Заттарды тиісті адамдарға беру керек. Бұл Айболит дәрігер, аспазшы, біздің анамыз. Заттарды қояды. Мына дәрігер сіздің құралдарыңыз. Рахмет
Дәрігер Айболит: Аңдарға күнде нүктелі жаттығу жасаймыз, ал сіздер жасайсыздар ма? Әрине дәрігер біз күнде нүктелі жаттығулар жасаймыз.
1. Мұрын саусақ ұшымен айналдырайық;
2. Қасымызды бармақпен айналдырайық;
3. Құлағымызды саусақ ұшымен айналдырайық;
4. Маңдайымызды саусақ ұшымен айналдырайық.
Дәрігер Айболит: жарайсыңдар балалар, сендер жаттығуды жақсы біледі екенсіңдер, мен сендерге ризамын сол үшін сендерге тазалық сақтайтын құралдарды беремін, мен енді кетейін аңдар мені күтіп жатыр, ал сендерге айтарым, өздеріңді таза ұстаңдар, ауырмайық, әрдайым көтеріңкі көңіл күйде болыңдар, жақсы сау болыңыздар.
Тәрбиеші: балалар бізге қонаққа кім келді?
Балалар: Мұрат кірқожалақ келді.
Тәрбиеші: дәрігер Айболит орманда нелерді емдейді екен?
Балалар: аңдарды, жануарларды.
Тәрбиеші: денсаулыққа қажетті құралдарды атап беріңдерші? Біз қандай жаттығу жасадық?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Дәрігер Айболит – орман дәрігері, балалар денсаулыққа қажетті құралдарды және олардың қандай пайдасы бар екенін біледі.
Игерді: Нүктелі жаттығуды жасауды, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерді, тазалық құралдарың біледі.
Меңгерді: Денсаулықты қалай сақтау керектігі туралы біледі.
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК
тәрбиеші Байдешева Кулимхан Жакслыковна…..