Балабақша сабақ жоспары: Балапандар

0

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Күні:
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Балапандар .
Мақсаты:
Білімдік: кесек ермексаздан балапан бейнесін мүсіндеуді үйрету; мүсіндеудің шымшу, есу, басу, тегістеу тәсілдеріне жаттықтыру.
Дамытушылық: көркемдік талғамдарын, қиялдарын, ойлау қабілеттерін, саусақ қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суретгер, кішкентай балапандар, үлгі сурет, жасалған үйшік.
Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, су, сүрткіш, тақтайша, кескіш таяқша.
Пәнаралық байланыс: ҚМҰҚ.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «балапан» өлеңінің сөзін дайындау.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу.

Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Армысын, асыл күн! Армысың, көк аспан! Армысьің, жан досым! Жылуына жылу қос. Міне, меніц қолым! («Өзін-өзі тану» пәні бойынша.) Балалар қимыл көрсете отырып, бір-біріне жылы сезімдерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық ізденістік Жұмбақ жасыру: Өліден тірі туады,тіріден өлі туады»Сұрақ-жауап:
— Балалар, үй құстарын атаңдаршы? Тәрбиеші үй құстары туралы (үй құстары және оларды күту, қамқор болу, әдемі екендігі т.б.) шағын әңгіме жүргізеді.
Балалардың назарын суреттегі балапандарға аударады. — Балалар, қараңдаршы, мына балапандар қандай әдемі! Кәне, санайықшы, қанша балапан бар екен? Тауықтардың балапаны көп пе, әлде аз ба? Енді, осы тауық балапанын тағы да көбейтейік. Ол үшін біз ермексаздан балапандар мүсіндейік.
Мүсіндеу жолдарын түсіндіреді:
1. Үлкен ермексазды ширату тәсілі арқылы үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз.
2. Алақан арасына салып домалақтау әдісі арқылы ермексаздың кіші бөлігінен балапанның басын жасаймыз.
3. Қолымызды сулап, созу арқылы сүйірлеп, тұмсығын шығарамыз.
2 Сергіту сәті:
Іші тола бөлменің,
Ойыншығым көп меніц. Босқа тізіп қоймайық, Келе гой, дос, ойнайық. « Мына түрган арғымақ, Мінем оған қаргып-ақ. Мьна тұрған қояным, Алдына жем қоямын. (Қ.Мырзаәлі.)
4. Ермексаздың үлкен бөлігін сопақша пішінге келтіріп, сүйірлеу арқылы құйрығын шығарамыз.
5. Қолды сулап алып, жасаған мүсінімізді тегістейміз.
6. Таяқшамен балапанның тұмсығын, қанатын сызамыз.
7. Қызыл түсті ермексаздан аяғын жасаймыз. Ермексазды жіңішкелеу есіп, шымшып басу арқылы саусақтарын шығарамыз, денесіне қосамыз.

— Балапан мен жұмыртқа

— Қаз, тауық, үндік

Балалар балапандарды санайды.

Балалар орындарына отырып, мүсіндеуге кіріседі.
Балалар тәрбиешінің көрсетуімен үлгі суретке қарап отырып, балапанның басын мүсіндейді. Үлгіге қарай отырып тұмсығын келтіреді.

Өлең мазмүнына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық түзетушілік Балалар алдын ала жасалған үйшікке
жұмыстарын орналастырып, бірнеше жұмысқа
баға береді.
Тәрбиеші балалар жұмысына ризалығын білдіреді
Балалар өздерінің
жасаған
балапандар туралы
әңгімелеп, «үйшікке»
орналастырады.
Балапандарды тағы
бір рет санап
шығады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй құстары туралы қарапайым мәліметтерді;
Игереді: құстардың ерекшеліктерін келтіре отырып мүсіндеуді;
Меңгереді: құстарға қамқор болу керектігін. …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!