Балабақша сабақ жоспары: Әрқашан күн сөнбесін
Тақырыбы: Әрқашан күн сөнбесін
Құрметті ата-аналар, апайлар және біздің ересектер тобының бүлдіршіндері!
Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге: — зор денсаулық, отбастарыңызға бірлік, береке тілеймін. Бүгінгі «Әрқашан күн сөнбесін » атты ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі Ұ.Әшірбековаға сөз береміз.
Балалар, қараңдаршы өздерің құлпырып кетіпсіңдер. Барлық жер құлпырып кетіпті, өйткені бүгінгі мереке 1 мамыр көктем мерекесі.
Мамыр жастық мерекесі, мамыр достық мерекесі
Шалқыған берекесі, мамыр еңбек мерекесі.
Қаулайды жапырақтар, жайнайды ажырап бар
Көрікті кең өлкесі, мамыр көктем мерекесі.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін.
Тахмина: Көк көйлегін киді жер
Шешіп ақ қар ішігін
Емірене сүйді жел
Тал – теректің бүршігін.
Ж. Мерей: Алақай – ау балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай
Гүлге оранды кең дала
Келді ауылға көк торғай.
Динара: Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.
Нұрсәуле: Қараторғай келіпті
Үйшік жасап берейін
Алғашқы гүл көрікті
Бәйшешекті терейін.
Бейбарыс: Алғаш рет күркіреп
Ағыл – тегіл жауса күн
Қырға шығар дүркіреп
Көктем басы жауқазын.
Дильназ: Көктемде көңілді
Құстар келіп жатқанда
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік ауылға.
Расул: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Гүлсая: Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
Ақнұр: О, Алланың әмірі!
Тағы келді мамырым
Жақсылықтан нәр алған
Мамырымның тамыры.
Аяжан: Сәуір ептеп ығысып
Шыға келді күн ысып
Сыбырлайды жапырақ
Бір – бірімен ұғысып.
Дамир: Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота құм
Жан тербеген жел нәзік
Осы менің Отаным!
Еңлік: Жасыл көктем шағындай
Өмірімнің асқары
Көңілдердің асқары
Біздің ауыл аспаны.
Қ. Мерей: Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!
Мағауия: Гүлге толып кең дала
Жұпар шашып көктемде
Тербеледі жәй ғана
Самал өбіп өткенде
Нұрдәулет: Көк шалғынды кешеміз
Қолымызға гүл ұстап,
Туған жерде өсеміз
Таза ауамен тыныстап.
Ернұр: Көктемде көңілді
Бақта да. бау да,
Ақ гүлдер өрілді
Біз еккен ауылда.
1. Ән: Біз өмірдің гүліміз. Орындайтындар:
2. Қазақ биі: «Қамажай» Орындайтын: Зейнелбай Аяжан.
3. Ақ көгершін әні.
4. Үнді биі, орындайтын: Қожахмет Тахмина.
5. Грузин биі, орындайтындар: Өмірбек — Бейбарыс, Шүкірәлі — Ақнұр, Мергенбай — Расул, Бейбіт — Нұрсәуле
6. Орыс биі, орындайтындар: Сәндібек Гүлсая
Сейітислам Дильназ
Жылқайдар Мерей
Қыстау Мерей.
7. Хор: Бақытты балалық шақ.
Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Бата беру: Ақ жаулықты әжелерден бата тілеу. …..