Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы

0

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …

1 А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіндегі үлесінің теориялық
негіздері
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … ..
1.1. Бала тәрбиесі жөніндегі мұраларының психологиялық, фәлсафалық,
педагогикалық
негіздері … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … …
1.2. А.Байтұрсыновтың психологиялық-педагогикалық мұраларының көлемі мен
мазмұны … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..
2 А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұраларының бала тәрбиесіндегі
маңызы … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … …
2.1. Бала тәрбиесіндегі педагогикалық идеяларды оқу үрдісінде пайдалану
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … …
2.2. Бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды А.Байтұрсыновтың
шығармаларымен таныстыру арқылы оқушы білімін қалыптастыру … … … … …
2.3 Тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстар өткізуде А.Байтұрсыновтың
мұралары арқылы бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері … … … … … … … … … …

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесі қай ұлт, қай
қоғам, қай кезеңде де басты мәселе ретінде қаралған. Ата заңымызда
мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары түпкі мақсат-мұрат ретінде атап көрсетілген.
Білім-ғылым жүйесінде де тәрбие тағылымдарына үнемі көңіл бөлініп
келеді. Өткен тарихысмызда, ата-бабаларымыздың ғасырдан-ғасырға жеткен
ғұлама ойшылдарының даналық ойларында да адам әлеміне, жас ұрпақ тәрбиесіне
айрықша көзқарас берілген.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы саяси-әлеуметтік, экономикалық
өзгерістермен қатар білім саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі – жас
ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру, ұлттық тұлғаны қалыптастыру.
Қазақ тарихының даму кезеңдерінен, ежелгі дәуірден жеткен әдебиеті мен
тарихында, мәдениетінде ақын-жыраулардың өлең-жыр, толғауларында, Әл Фараби
фәлсафаларынан бастап, Абай әлемінде, тәлім-тәрбиелік еңбектерінде табиғи,
жалғасын тапқан адам болмысы бүгін де көкейтесті мәселелердің бірі.
Ата-бабаларымыз өткенімізбен сусындаған, бүгінгіні қадірлей білетін,
тарихы менмәдениетін дріпьей алатын, табиғатты аялай білетін, Отаны үшін
жаныны аянбай еңбектенетін ұлттық тұлғаны қалыптастыруда, тәрбиелеуде өз
еңбектерін сарп еткен. Бала тәрбиесі – баршаның ісі демек, жас ұрпақ
тәрбиесіне айрықша көңіл бөлінген.
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі жиырмасыншы ғасырдың басында Алаш қайраткер
— қаламгер мұраларынан да кең орын алған.
Қазақстан руханият әлемінде А.Байтұрсынов, оның ұлттық әдебиет пен
мәдениет тарихындағы, тәлім — тәрбие саласындағы іргелі еңбектері ерекше
көрініс береді. Репрессия кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсыновтың
еңбек — мұралары еліміз тәуелсіз алғалы кең көлемде қарастырыла бастады.
ХХ ғасыр басында әдебиет майданына келген қазақ ақын, жазушыларының
үлкен шоғыры ел мақсаты, халық қамы үшін жастарға арнап, әсіресе,
ағартушылық — педагогикалық салада ерекше жұмыла еңбек етіп түрлі ғылым
салаларына арналған мектеп оқулықтарына нұсқаулар, алғашқы зерттеулерді
жазды. Тумысынан поэзия үшін жаратылған Мағжан Жұмабаев Педагогика
кітабын шығарса, сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытов психология,
әдістеме, эстетика саласынан үш еңбек жариялады. Ал, Ахмет Байтұрсынов
мектеп оқушыларына арнап тұтас кітапхана тудырды.
Тақырыптың өзектілігі бүкіл өткен тарихымыздан бері ата-бабаларымыздың
арман-аңсарына айналған бостандық, тәуелсіздік мәселесін, ұлттық мемлекет
құру идеясын, адам әлемінің ақыл-парасатына, тәлім-тәрбиесіне, еркіндіктің
есігі айқара ашылуына өмір-тағдырын арнаған А.Байтұрсынов психологиялық —
педагогикалық еңбектері арқылы (Оқу жайы Қазақтың өкпесі атты
мақаласында) зерттеп-зерделеу, танып-талдау арқылы ұлттық тұлғңаны
қалыптастыру болып табылады.
Әдеби — сын мақалаларын, көсемсөз еңбектерін, аудармаларды былай
қойғанда, оның ішінде педегогикаға, психологияға арналған күрделі, маңызды,
терең құнды еңбектер жазған көсем ғалым, білікті зерттеуші.
Сонымен, еліміздегі азаматтың нұрлы шапағаты арқасында қазақ халқының
рухани қазынасына репрессия жылдарында миұзға батқан алып кемелер – Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев,
Міржақып Дулатов сынды зор тұлғалар, талант иелерінің аса көркем, терең
идеялы, күрделі шығармалыры қайтып оралды.
Қысқасы, Алаш ардақтысы, аса дарынды зиялылардың бірі – Ахмет
Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы еңбек — мұраларын, осы
бағыттағы ғылыми — теориялық ойлау жүйесін, оқу — әдістемелік бағытындағы
ұстанымдарын мектеп ісі мен білім жүйесін, ұстаз бен шәкірт психологиясын
зерттеудегі әдістерін бүгінгі күннің талаптары тұрғысынан қарастырудың
маңызы зор.
Атап айтар болсақ: Ахмет Байтұрсынов көрнекті қаламгер, дарынды
драматург болумен бірге тәлім — тәрбие тақырыбында еркін-еңбек, өнімді
жұмыстар жасады.
А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие тақырыбындағы мұраларын, ондағы тұлға
табиғатын кең көлемде қарастыру, сол арқылы Адам әлемін, оған тән қыр-
сырларды ашудағы ғалымның ізденіс іздерін, ұстаздық, ғалымдық қырларын,
өмір тәжірибелерін тарата талдап, зерделеу – тақырыптың өзектілігі болып
табылады.
А.Байтұрсыновтың мұралары Алаш зиялыларының осы бағыттағы ізденіс-
көзқарастарымен, білім-ғылым жүйесіндегі реформалар арнасымен қоса қабат
ашылды.
Қазақстан ғылымында педагогика мен психоология ның қалыптасуы мен даму
кезеңдері, зерттеу жүйесі бар, Көне кезеңдерден басталған Әл-Фараби, Абай
Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиевке ұласқан тағылымды бел-белестерді де
бүгінгі күні ағысты арна алған.
Қазақ тарихы мен мәдениетінің руханият өріс-өресінің бел-белестері қайта
қаралып, зерделі зерттеу жүйесіне айналып келеді. Осы орайда, Алаш
ардақтыларының қоғамдық-саяси, педагогикалық және психологиялық
көзқарастары, ақын-қаламгер, ұстаз-ғалымдығы алуан қырлы, мың сырлы белгі,
ерекшеліктері де арнайы зерттеу жүйесін құрап келеді. Бұл ретте А.
Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын С.Қирабаев, Р.Тұрысбек; қоғамдық-
саяси көзқарастарын Д.Құсайынов; педагогикалық және психологиялық
еңбектері әр қырынан зертелгенімен ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесі
арнайы қарастырылмаған.
1. Осы бағыттағы ізденіс, зерттеулерден жиырмасыншы ғасырдағы қоғамдық
әлеуметтік жағдайлар, ұлт тарихы мен танымал тұлғалар тағдыры, білім-
ғылым жүйесі, тәлім-тәрбие өрісі кең танылады. Ең негізгісі
А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолы, қызметі, адами бітім-
болмысы жан-жақты талданады. Осы зерттеулерге сүйене отырып,
А.Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие ісін ұйымдастыруға арнаған
мұраларындағы ұлттық тұлғаны қалыптастыру мәселесіне педагогикалық
тұрғыда назар аударылмағандығын байқадық. Бұл мәселенің тәрбиелік мәні
зор. Ұлттық тәрбиені жүзеге асыру барысында А.Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-
тәрбиеге арналған мұраларындағы тұлғаны қалыптастырудың теорялық және
әдістемелік жағынан қарастырылмауы бізге зерттеу тақырыбын таңдауға себеп
болды.
Зерттеудің мақсаты: А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұраларын
ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап, еңбектеріндегі тұлғаны қалыптастыру
мәселесін айқындай отырып, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігін
ашу. А.Байтұрсыновтың педагогикалық идеяларының бала тәрбиесіндегі маңызын
анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайларды,
кезең-уақыттың ерекшеліктерін негізгі назарда ұстап, Алаш зиялыларының ұлт
руханиятына қосқан үлестерін айқындау;
А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы
мен дамуына ден қойып, осының негізінде психологиялық-педагогикалық
мұраларын, оның ішінде тәлім-тәрбие саласындағы ізденіс, еңбектерін кең
көлемде қарастыру барыснада ұлттық тұлға жасау жолдарын жан-жақты ашу;
Философиялық таным теориясы, тұлғаны қалыптастыру туралы психологиялық
және педагогикалық теориялар, Алаштың қаламгер – қаламгерлерінің және осы
бағыттағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие
саласындағы еңбектеріндегі ұлттық тұлға тұжырымдамасы. Педагогика және
психология ғылымдарының дамуына өзіндік үлес қосқан Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,
М.Х.Дулати, А.Құнанбаев, Х.Досмұхамедов мұралары және қазіргі кездегі
ғалымдардың зерттеу жұмысы бойынша жазылған ғылыми еңбектері негізінде
алынған.
Зерттеу нысаны: А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұралары.
Зерттеу пәні: А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі мұралары арқылы
баланы тәрбиелеу.
Зерттеу жұмыстарының әдістері:
Теориялық талдау мен эмпирикалық әдістер: әңгіме, сауалнама, сапалық
және сандық өңдеу әдістері.
Зерттеу орыны:
Тараз қаласы, №44 қазақ орта мектебі, 3 б сыныбы.
А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұраларында тұлғаны қалыптастыру туралы
ой-пікірлерінің анықтаушы, тұлғаның ғылым-білім жүйесін өрістетуде,
қоғамдық сананы қалыптастыруда алар орнының дәлелденуі зерттеу
жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбиелік мұраларын оқыту арқылы ондағы тұлға
табиғатын кең көлемде қарастырып, осының негізінде жас ұрпаққа берілетін
этнопедагогикалық және этнопсихологиялық білімдерді пайдаланып және оны
сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану жүйелі түрде жүргізілсе, тұлға
қалыптастырудың тиімді жолын жасауға мүмкіндік кеңейеді.

1 А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіндегі үлесінің теориялық
негіздері
1.1. Бала тәрбиесі жөніндегі мұраларының психологиялық, фәлсафалық,
педагогикалық негіздері.

Оқу-ағарту жұмысы мен мектеп ісін, шәкірт тұлғасы мен орны жайлы байыпты
тәжірибе, мәнді ұсыныс, алуан салыстыру-зерттеулер жасалынды.
Бұл – бүгінгі білім мен ғылым жүйесінде де аса қажет компонентер болып
табылады.
Қазіргі кезеңдерде азаматтық, ұлттық мәселелермен бірге оқу-тәрбие жайы,
жас ұрпақтың дұрыс қалыптасып, мол білім, айқын мамандық иесі болуы аса
маңызды мәселелердің бірі ретінде есептелінеді 20.
Біздіңше, бұл мәселелер ұстаз ғалым А.Байтұрсыновтың өмірі мен
қызметінен, тәлім –тәрбие саласындағы еңбектерінен айқын аңғарылады 34.
Атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы еңбектері
(“Адамға тіл,құлақ қандай керек болса,бастауыш мектепте үйренетін
білім де сондай керек.”) адамның өмір-дүние есігін ашқаннан бастап, өсіп-
есеюін, еңбекке араласуын, қоғамға көзқарасын тағы да басқа жүйелі, нақты
сөз етуімен ерекшеленеді.
Бұдан басқа мектеп ісі, оны басқару жайы, мұғалім мен шәкірт
арақатынасы, тәлім-тәрбие жұмысы, оның әуелгі негізі мен мақсат-мұраттары,
дидактикалық жалпы мәселелері, оқу-ғылым жүйесінің түйінді тұстары да алуан
мысал-дерек, салыстырулары арқылы беріледі. Бұл реттен алғанда,
А.Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы мұра-мирастары –
халқымыздың өмірімен, дәстүр-өнегелерімен, руханият саласындағы
жетістіктерін де жүйелі сөз етуімен мәнді, әрі тағылымды әсер қалдырады.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінің мазмұндық құрылымын мына жүйе арқылы
көрсетуді жөн көрдік.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінің мазмұндық құрылымын үш салаға бөліп
қарастырдық. Олар: әдебиет, тіл саласы, психологиялық-педагогикалық.
Әдебиет саласындағы еңбектерін қоғамдық-саяси, әлеуметтік, тарихи, деп
көрсетіп оны проза, поэма, драматургия деп жіктедік.
Тіл саласында А.Байтұрсыновтың ана тілі, ана тілінде оқыту туралы,
психологиялық-педагогикалық маазмұндағы еңбектерін – психология пәні,
педагогикалық ой-пікірлері, тұлға мәселесі, тұлғаны қалыптастыру және
тәрбиелеу жан жүйесі туралы, ұстаз тұлғасы, шәкірт тұлғасы, мінез-құлық
туралы деп көрсеттік.
А.Байтұрсыновтың тәлім-тәрбие саласындағы алғашқы еңбегі – “Тәрбиеге
жетекші”.
Бұл кітаптың “Таныстыру” атты кіріспесінде – мектеп ісі жас ұрпақ
өміріне, тәрбие жұмысының мақсатына зор маңыз беріледі. Еңбектің құрылымы
(4 бөлімге бөлінген), ондағы бала дамуы ен оны тәрбиелеудің мақсаты кеңінен
түсіндіріліп, әр бөлімге анықтама беріледі. Айталық, алғашқы бөлімінде
тәрбие мақсаты, өзіндік белгі-сыры сөз болса, екіншісінде – дидактикалық
жалпы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Үшінші бөлімде – мектеп ісі мен
оны басқару, тәртіп, тазалық, десаулыққа көп көңіл бөлінеді. Өмір, уақыт
шындықтары, дәуір ұсынған талап-тьілектер, мектеп, мұғалім, шәкірт
арасындағы ортақ байланыс, мұраттар да кеңінен сөз болады. Қысқасы, ұстаз
бен шәкірт тақырыбының түйіндері қысқа да құсқалы үлгіде баяндалады. Бұған
қөоса автор өмір — дүние сырын, адам әлемін енгізгі назарда ұстап, ұлттық
тәлім-тәрбие негізіне, еңбектің ыр-сиаптына, оның қоғамға, ортаға әсеріне
зор маңыз береді.
Нәтижесінде: мектеп ісі мен жас ұрпақ тәрбиесі, ұстаз бен шәкірт
байланысы, өзіндік орындары, дидактиканың жалпы мәселесі, халқымыздың
тұрмысы мен шет елдер тәжірибесімен тығыз байланыста көрсетіледі. Артық-кем
тұстарына көзкарас білдіреді. Біздіңше, А.Байтұрсыновтың ұлттық тәлім-
тәрбие мәселесін мектеп ісінен, жас ұрпақ өмірімен байланыстыру, әрі
қазіргі кезеңнің міндет-талаптарымен де табиғи үндестік тауып отырғанын
айту абзал. Бұл – біріншіден.
Екіншіден, егемен елдің білім жүйесінің заңдық негізін жасалынып,
тұжырымдамалық-бағдарламалық тұрғыдан бағыт –бағдары айқындалған. Бұл тұста
А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі мектеп ісі, ұстаз бен шәкірт қатынасы
арасындағы табиғи қатынастың барын байқар едік. Демек, ұрпақ болашағы, ұлт
келешегі – білім-білікке тікелей байланысты. Ал, ақиқатқа тура қарасақ:
“Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім”(М.Әуезов).
Кітаптың алғашқы бөлімі “Тәрбие негізі” деп аталады. Автор тәрбие ісін,
оқу-ағарту, тәжірибе тағлымдары, сондай-ақ білім нәрімен бірлікте қарайды.
“Тәрбиенің де, білім берудің де тірегі – мәдениетті өмір, яғни адам
баласының түрлі тараулы толық өмірі – Тәрбие беру мен білімнің берілуі
бірімен-бірі айырылатын өзгеше мақсаттары бар”, — деп көрсетеді ұлы ұстаз.
Осы тұста атап өтер жайт: автор тәрбие ісі мен оның әуел бастағы мағына-
міндеттерін кең көлемде ашады. Ол үшін, әрине тәрбиенің мақсатына, әуелгі
негізіне мән береді. Дұрыс тәрбие, оң бағыт, пайдалы ақыл-кеңес кім-кімді
де межелі биікке, мұратына жеткізетіні да нақтылы айтылады.
Бұдан кейінгі автордың көңіл бөлген мәселелерінің бірі – тәрбие ісін
жеке, жалаң қарастырмай, керісінше, оқу-ағарту жұмыстарымен, ондағы
тәжірибе тағылымдарымен тығыз байланыстырады. Өйткені: “Жалғыш ағаш – орман
емес”. Тақырып табиғатына осы тұстан мән берсек, бүгінгі ғлым, білім жүйесі
ұлттық мектептің түпкі мұраты – оқу тәрбие ісін бірлікте жүргізу, озық
тәжірибені ортақ игілікке айналдыру.
Бұл – кеше мен бүгінді байланыстыру, өмір тәжірибесін нақтылы
практикада қолданып, жүзеге асырудың тиімді тұстарының бірі.
Бұл – ата-бабаларымыздың дәстүр-өнегесінің бүгінмен үндесуі, ұрпақтар
сабақтасығы, тари тағлымы.
Бұл – кешеден бүгінге жеткен басты байлық, шынайы шындық.
Кітапта “Тәрбие” ғылымының саласына кең мағын, зор маңыз беріледі. Адам
баласының өмірге келуі, есеюі, өсу жолдары, осы бағыттағығ ақыл, әдемілік,
мінез бәрі-бәрі тәрбие тақырыбымен сабақтастықта өріс алатыны жеткізіледі.
“Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс” (В.Г. Белинский) екенін айқын
аңғарған автор өмір мен оқудағы тәлімдік істерді ортақ, сабақтас деп
түсінеді. Соған өмірдің – қоғамдағы орнына ерекше мән, мағына
беріледі.автор тәрбие мен оқу ісіне өзара байланыста қарайды. Бұл бағыттағы
ойын былай білдірген: “Тәрбие жалаң ақылға емес, адамның қайратына да,
сезіміне да бағытталады, білімдендіру көбінесе ақыл жұмысын күшейтуге
арналады”. Сонымен бірге, тәрбие тағылымы адамның өмірге келгеннен кейінгі
кезеңдерінің бәрінде де игі әсерін, ықпалын тигізеді. Бұл туралы автор:
“Тәрбие сәулесі түспйтін адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие берілмеген
жерде шын ақылды, мәдениетті адам болмақ емес” деп түйін жасайды. 30:283.
Расында, отбасынан басталатын тәлім-тәрбие арналары өмірдің сан тараулы
“Тар жол, тайғақ кешу” кезеңінің баршасын қамтиды. Өмір — өзенде өз отанынв
қалтқысыз олып есею – азаматтық борыш. Бұл мақсатқа жетпу, талап биігінен
көрінбеу – ұлттық мүддеге, арға сы.
Кітаптың құндылығы бүгінмен үндестігі – тәрбие табиғаты, оның өзіндік
белгі-ерекшеліетеріне кең орын берілгендігі. Бұл тұста автор тәрбие ісін
адам өмірімен, еңбегімен байланыстырады. Бұл бағыттағы тәрбиенің орны, әуел
бастағы міндет-қызметі, адам әлеміне әсер-ықпалы, нақтылы дерек көздері
арқылы беріледі. Тәрбие ісін – жалаң ақыл, салмақсыз үгіт-насихат арқылы
жүзеге асыруға болмайтындығын,керісінше өмір-дүниеге ісерін, адамның өсіп-
есеюіне, еңбектегі орын- үлесіне қарай жүйелі жүргізу қажеттілігін нақтылы
көрсетеді. Тәрбие мазмұнынан: “Басшы болсаң көппен сырлас, көптің мұқтажын
өте” (М.Х. Дулати) деген асыл -ой, өмір тәжірибесі терең танылады.
Тұлға қоғамда әртүрлі адамдармен араласады. Өзінің бойындағы
ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты қызметтер атқарады және ол
атқарған істерін өзі өмір сүрген ортадағы адамдарға пайдасын тигізіп,
олардың өмірлерін жақсартуға әрекет жасайды. М.Х.Дулати еңбегі “Тарих и
Рашидиде” ел билеген басшылар – ақылды, ашуға бой алдырмайтын, зерек,
зерделі, әр уақытта халқының жағдайын ойлап отыратын ұлы тұлға. Олар өз
бастарының қамын емес, халқының қамын ойлайтын, болашақты болжай білетін,
адамдардың бойындағы іскерлікті, ерік-жігерді танып ажырата алатын,
заманның жақсарып халқының әл-ауқатын түзеп, өркениетті ел болу жолында
өмірінің барын сарп ететін адам болуға тиіс. Осыған байланысты ел билеу
теориясын тұжырымдап, мынандай он шарт ұсынады. Олар: бірінші шарт, кез-
келген істі шешер кезінде мемлекет басшысы өзін бағынышты кісінің орнына
қойып, ол адамды өзіне әмір жүргізуші деп есептесін; екінші шарт, мемлекет
басшысының ең басты мінажаты-мұсылмандардың мұң-мұқтажын орындау болуға
тиіс; үшінші шарт, ас ішу мен киім киюде халифалардың қарапайымдылығын
қабылдап, мәртебелі басын аста-төк тамақ пен әлем-жәлем киімге үйір
қылмасын; төртінші шарт, орынсыз қаталдыққа, бос сөзге бой алдырмай, келген
кісімен жұмсақ сөйлессін, әлсіздер мен кедейлердің кеңесін тыңдаудан
арланбасын; бесінші шарт, жұртқа жағамын деп шешім қабылдаған кезде
әлсіздік, екіжүзділік танытпасын және әркімнің көңілін табамын деп әділет
пен шариғаттан аттамасын; алтыншы шарт, мемлекет басшысы еліне төнетін
қауіп-қатерден қаперсіз болмасын және ол әміршінің әділ билігі халықты
бақытқа кенелтіп артына мәңгілік жақсы атын қалдыратынын есіне мықты
ұстасын; жетінші шарт, мемлекет басшысы көзі ашық, құдай жолындағылармен
бірге қарым-қатынас жасауға һәм кеңесіп отыруға үйір болсын, олардың
кеңесін тыңдауды бақытым деп есептесін; сегізінші шарт, мемлекет басшысы
өркөкіректік пен әділеттілік танытып, бағыныштылары мен әлсіздерге қамқор
болсын, халықтың махаббатына ие болсын; тоғызыншы шарт, мемлекет басшысы
қатыгез басшылардың қылмысты істеріне және қарауындағыларды қасқырдай
талайтын безбүйректерге немқұрайлы қарамасын; оныншы шарт, көрегендік.
Мемлекет басшысы ел өміріндегі әрбір оқиғаға тереңнен үңілуге және оның
себептері мен салдарын біліп отыруға міндетті 13:-21.
М.Х.Дулати осы айтылғандардың тек мемлекет басшыларына ғана емес, жалпы
адамзатқа, ел басқарып жүрген азаматтарға, қоғамның әр түрлі саласында
қызмет істейтін тұлғаларға арнай отырып, бұл қасиеттердің түбінде
өлмейтінін, әділдіктің әркез жеңетінін, өмірдегі барлық істерден іс-әрекет
үшін адамдар әйтеуір бір жауап беретініне меңзейді.
Мұның бүгінмен байланысты, ортақ тұстары бары анық аңғарылады.
Кітаптың “Тәрбиеге жетекші” еңбегінде құндылық қыры мен қызғылықты
тұстарын еске алған тұста алыс-жақын елдер тәжірибесін, әр алуан
көзқарастар жиынтығын атап өту де кәделі іс. Өйткені, автор адам әлемі,
оның еңбегі мен тәрбиесін сөз еткенде өркениетті елдер тәжірибесіне
сүйенеді. Адам жаратылысын, тұлға ретінде қалыптасуын да ұлттық белгілермен
бірге алыс-жақын елдер тәжірибесімен, жекелеген кітап, көзқарастарымен
байланыстырады. Автор осының бәрінен де адам әлемін, жаратылыс
ерекшеліктерін жеке тұлға ретінде қалыптасуын ерекше құбылыс ретінде
қарайды.
Біздіңше, мұның мақсат, маңызы айрықша. Өйткені, адам мен оның еңбегі,
тәрбиесі – қай қоғам кезеңде де аса мәнді болған. Адамның қоғамдағы орны,
еңбегі мен үлес-салмағы бүгінгі таңда да аса маңызды. Адам-шешуші тұлға
дейтініміз сондықтан болса керек.
Автор тәрбие мақсатын сөз еткенінде бұл бағыттағы сан алуан
көзқарастардың да болғанына көңіл бөледі. Айталық, “Ерте замандаы жабайы
педагогиканың мақсаты: баланы ата-анасына қаратқызып тәрбиелеу болса керек,
басқаша айтқанда, әкенің қызметін-ұлы, шешесінің қызметін-қызы білу” екенін
еске алу арқылы ұлттық мүддені жоғары қояды, құлдық психологияға, тар
өрістің себеп-сырларына сын көзбен қарайды. Уақыт талаптары мен өмір
шындығын алға тартады.
Бұдан басқа, атап айтқанда, кейінгі кездегі тәрбие ісін ойға алғанда:
“…баланың жан қуаттары өсуіне қарай, табиғатына қарап тәрбие беру”, “адамды
бақытты қылу” секілді мақсаттармен байланыстырады 30:-284. Бұл тұста
автор адам әлеміне, жаратылыс заңдылықтарына, тәрбие иірімдеріне енеді.
Адамның есею, қалыптасу ерекшеліктеріне ден қояды. Баланы оқыту мен
тәрбиелеу, сауатын ашу мәселелеріне де назар аударылады. Нәтижесінде – жас
ұрпақтың еркін өсуіне, тәрбие өнерін жетік меңгеруіне жол, мол мүмкіндіктер
ашады. Ең негізгісі, “Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да,
қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрыңын себуі керек” деген (К.Гельвеций) айқын
мақсат жан-жақты танылады. Автор бұл тұста ұлттық тәлім-тәрбиеге, жеке
тұлға табиғатына ден қояды. Адам жаратылысы мен отбасындағы тәрбиенің
маңызын-шешуші орын алатындығын баса көрсетеді.
Кітапта маңызды тақырып, кәделі ойлар өте көп. Айталық, автор “тәрбие
арманы туралы” айтқанда ақыл мен дана “тетігін” ерекше айтады. Әрбір адам
өмірге келген соң болашақ мақсат, мұратын “Кім болам?” деген сұрақпен
сабақтары белгілі. Осы тұста әрбір адам, мысалы қарапайым шебер – нағыз
өнерпаз, оқытушы – тәлімді тәрбиеші, оқымысты – ғалым тағы басқа болсам
деген армандары анық. Автор “арман” дегенді осылай түсінеді. Соған
байланысты тәрбие арманында өзіндік белгі-бедері барын айта келіп, оған
мысыр, парсы жұртының талап-тілектерін ойға алады. Мысалы, мысырлықтар
тәрбие арманын – бағыныштық, парсы жұрты-дене күші мен әділдік, гректер-
адамның жан, дене құбылымтарын жетілдіру, ал румындықтар мемлекетке пайда
келтіру, мінсіз қызмет ету деп таниды. Сондай-ақ, неміс халқы-ойшыл әрі
іске табанды, таза”… әр затты пәлсәпәмен білдіреді. Қайсібір зат, құбылысқа
сергек қарайды өмірдің маңызына көп мән береді. Орыс елі туралы айтқанда:
“…өмірдің адамгершілік жағын өркендетуді” мақсат еткен. Негізінен алғанда,
автор арман әлемін әр адамның жаратылыс, ерекшеліктерімен, соған байланысты
халықтық белгілері болатынын баса көрсеткен. Жоғарыда мысыр, грек, неміс
тағы басқа халықтар туралы айтқанда арман тақырыбы келешек кілті, кемелдену
белгісі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын түйін: адам арманымен асқақ,
мақсатты мұрат, ізденістерімен – нәтижелі жеңіске қол жеткізері анық.
Өйткені, өмірдің қоғамның қымбат қазынасы – “адам және оның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары” (ҚР Конституциясы). Бұдан шығатын түйін: жеке
тұлға мен оның еңбегі, тәрбиесі қай уақытта да маңызды болған. Автор адам
тәрбиесін – аса маңызды шешуші іс деп біледі. Оның негізі – ұлттық тәлім-
тәрбие, отбасы екенін ерекше атап көрсетеді. Қоғамның дамуы, өмірдің қызық-
қымбаттылығы – жеке адамның дұрыс қалыптасып, жақсы тәлім-тәрбие алуына
тікелей байланыстылығы нақтылы мысал-деректермен беріледі. Бұл тұста еске
алар жайт. Ж.Аймауытұлының адам табиғаты, тәлім-тәрбие тағылымына қатысты
көзқарастар жүйесі – Абай, Мағжан ойларымен үндесетінін айту орынды.
Осы тұста автор жеке тұлғаның қалыптасуына, әлеумет тәрбиесінің әсер-
ықпалына зор маңыз береді. Атап айту керек: автор тәрбиенің қандай болса да
адамға, оның ортасына пайдалы, нәтижелі болу керектігін негізгі назарда
ұстайды. Осы тұрғыда М.Әлімбаевтың “Халық – ғажап тәлімгер” деген еңбегінде
айтылған мына пікірлерді келтіруді жөн көрдік: “Адамды қалыптастыру
қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны
дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір
негізі болып табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп
есептейтін биологизаторлық көзқарасқа қарама-қарсы педагогика ғылымы тұқым
қуалаушылық факторлардың белгілі бір рөлін жоққа шығармайды, жеке бастың
қабілеттері мен қасиеттері адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасып
дамиды” деп дәлелдейді 54:-20.
“Тәрбие – жеке тұлғаны қоғамдық өмірге бейімдейді, оның дүниетанымын
қалыптастырады, жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Тәрбиеші мен
тәрбиеленуші арасындағы заңды ыждағатты, қарым-қатынастың қалыптасуы –
тәрбиеленушінің іс-әрекетіне белсендірек, ынта-ықылас туғызатын құбылыс.
Бұл жеке тұлғаның жан-жақты дамының бір өзегі болады” 54:-14.
Адамды қалыптастыру, тәрбиелеу, оның бейімделуі және жан-жақты дамуы,
тұлға болып қалыптасуы әлеуметтік тәрбиеге де тікелей байланысты.
Ал, әлеумет тәрбиесі – жеке тұлғаның қоғамдағы орын-үлесінен бастап,
үлкенді-кішілі ұжымдарда өзін-өзі ұстауы, көзқарас-танымының орнықты,
еңбегінің жемісті болуына дейінгі әрекет-қимылдарға тікелей байланысты өріс
алады. Әлеумет тәрбиесі – адамның қалыптасуында шешуші орын алады. Әр
еңбектің нәтижелі болуна оң ықпал етеді.
Кітапта мұның мысал-дерегі жеке тұлғаның қалыптасуынан, өмірге, еңбекке
араласуынан көрініс береді. Автор жеке тұлға – қоғам байлығы дегенді баса
көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін ерекше атап көрсетеді.
Мұның ақиқатын бүгінгі уақыт шындыққа шығарып отыр. Расында, адам мен
оның еңбегі, тәрбиесі-қоғам үшін, орта-айналасы үшін аса маңызды іс болып
табылады. Айқынырақ айтсақ, адам мен оның еңбегі, әсіресе бүгінгі таңда:
ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтуға, бірлік-татулығымызды арттыруда, ең
бастысы – демократиялы, салауатты қоғам құруда басты алғы шарттардың бірі
болып табылады.2:- 41, -42. Елбасы “Қазақстан – 2030” атты стратегиялық
жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген “Адамдардың ой-
санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет
өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты
халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы өзіндік молшылыққа бағытталған
әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті.
Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады”, —
деп көрсетеді 8.
Қаншама жылдар қажет болған жадайда да адам оның қажеттіліктері, жан
дүниесі зерттеле бермек, мақсат-мұраттары әр кезде маңызды болмақ.
Адам әлемі, оның мақсат-мұраты әр кезде-ақ маңызды болған 20: -13,-44.
Осы реттен келгенде, “Кабуснамадан” келтірілген төмендегі үзіндіде үлкен
мән бар: “Адамдардың бірінші түрі — біледі және білген сайын білгісі
келеді; екінші түрі – біледі, біле тұра білмеймін дейді; үшіншісі —
білмейді және білгенннің тілін алмайды”. Сөз төрт топқа бөлінеді. Біріншісі
– білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер; екіншісі – білуге де, айтуға да
қажеті жоқ бірақ айтуға блатын сөздер; үшіншісі – білуге қажеті жоқ, айтуға
болатын сөздер; төртіншісі — білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер”.
Осындағы адам әлемі, жаратылыс табиғаты, ақыл –парсаты мен кемшіл
тұстары қазіргі кезеңде де айқын аңғарылады. Абай айтқан:
“Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем,
жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға
қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен
демектік не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып,
аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-
керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал
шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл
немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп көзі көрген,
құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары,
білсем екен, көрсем екен деген”, немесе: “Адам ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды
таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады”.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы
нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда соны адам десе болады.
Мұндай сөзді естігенде жайқақтай, шалғырттанып не салбырап, салғырттанып
естісе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол
жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-
есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді
танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілдісөз
болады” 39:-20 деген ақиқат ойлар кеше қандай мәнді болса, бүгін де
қадір-қасиеті артып, маңызы жоғарылап, асқақтап тұр. Өйткені, адам –
адамзаттың ұлы байлығы, қоғам күші, өмір мұраты.
Ұлы мұратқа – асқақ айбын тән. Адам мұраты – ұлы игілік. Өмір мәні, адам
мұраты уақыт сыры осы.
Әлеумет мәселесі әр кезде-ақ маңызды орын алған. Автор “социалдық
педагогика” мәселесі: “әр адамды жеке адам деп қарамайды, көбінесе —
әлеуметтің, мемлекеттің мүшесі” деп таниды. “Адам өз қызметін өзі жеке
атқара алмайды, рудың, халықтың мүшесі болып атқарады” деп түсінген автор
қоғам байлығы – адамды, оның іс-әркеттерін, ой мен сөз жүйесін ерекше
атайды. Бұл тұста адам — табиәркеттерін, ой мен сөз жүйесін ерекше атайды.
Бұл тұста адам – табиғат жемісі болғанымен, белгілі бір қоғам аясында өсіп,
есейетіндігі, ұжымдық негізде тәрбиеленіп, ерекше қабілет пен кемелдікке
қол жеткізетіндігі сөз етіледі. Бұдан: “Адам — өзінің табиғаты жөнінен
қоамдық, тіршілік иесі” (Аристотель) болатындығы айқын аңғарылады.
А.Байтұрсыновтың бұл бағыттағы ізденіс, көзқарастарын құптаған орынды.
Өйткені: адам, оның қоғамдағы орны, мемлекет мүшесі ретіндегі міндеті –
пайдалы қызметке негізделуі тиіс.
1.2. А.Байтұрсыновтың психологиялық-педагогикалық мұраларының көлемі мен
мазмұны
Қазақ халқының мол мұраларында өшпес өнеге қалдырған аса ірі, толымды
тұлғалардың педагогикалық мұраларын зерттеу, қазіргі қазақ педагогика
ғылымының ең бір толғанысты мәселелерінің бірі.
Осы тұрғыдан қарағанда халқымыздың аяулы да бірегей перзенттерінің бірі
– біртуар ғалым, тамаша ұстаз, қоғам қайраткері, қазақ психологиясының
негізін қалаушы, өз заманының ең білімдар адамдарының бірі, азаматтық
биіктен көріне білген А.Байтұрсыновтың ой-толғаныстары, сындарлы
тұжырымдары, ұлттық тұлға қалыптастыруы мен ұлттық тәлім-тәрбиелік
негіздері зерттеуіміздің негізгі нысанасы болды.
Асылы, ұлт болашағы – ұрпаққа, оның тәлім-тәрбиесіне, 160; -53 жас
ұрпақтың білім алып, қалыптасатын ортасына байланысты. Осыған орай “біздің
ұрпақтың” келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтын:
әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің, өз балалары мен немерелері
алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.біз өз
балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, ола біздің жасымызға
жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді:
Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, дендері сау, әрі білімді, білікті бола ма?

Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме?
Олар бейбіт татулықта өмір сүре ме? – деп айтылған қарапайым дегенмен
маңызды, қажетті сұрақтардан болашақ ұрпағының жан-жақты дамыған әл-
ауқатты, білімді болуын ойлап, бұл жолда қажымай халқыа қызмет етіп отырған
Елбасымыздың бүгін мен ертеңді, ойша салыстырып, жаңа дәуірдің ұрпағын
қазірден тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетіп отыр 8.
“2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың
қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың
“Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш
аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және мұсылман әлемінің арасындағы экономика
мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады” 8: -31. Бұл ой-
арналардың негізсіз емес екеніне сенеміз. Себебі, елінің болашағын ойлап,
оқыған, алдыңғы қатарлы халықтар қатарынан көріну үшін талмай еңбек еткен
ұлыларымыздың жас ұрпаққа төзімді болып, білім сусынына қанып, көрегенділік
пен қажырлылылықты қатар ұстағанда ұлтының болашағы бақытты болатынына
күмән келтірмеген.
“2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге
дамушы елдерге үлгі болады”, — деп сенемін.
Жануарлар әлемінде жолбарыс туыстас болғанымен Барстың өзіндік
ерекшеліктері де бар. Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен,
алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен,
айлалығымен дараланатын Барс болмақ. Ол жаңа асулар мен шыңдарды
бағындыруда, мақсатына жетелейтін, елеусіз бірақ сенімді соқпақтарды
іздестіруде табанды да, бірбеткей болуға тиіс. Кез-келген ортадағы қатаң
бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге
жетелеп, көрегендік танытады. Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың
алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да,
шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс” 8: -27, -28.
Ұрпақ болашағы өркениетті өмір сүруі қазіргі таңда нағыз Отанын сүйген,
елжанды арыстарының қасиетті ісі болып отыр. Ұлтымыздың бойындағы өзіне тән
асыл қасиеттерін Барысқа теңеп, жас ұрпағымыздың, ұлттық тұлғаларымыздың
бойына қалыптастырып тәрбиелеу баршамыздың әсіресе, ұстаздар қауымының
алдындағы жауапты іс. Ұрпақ тәрбиелеуде оның бойына жан-жақты ізгі
қасиеттерді сіңіруде, оларды біртұтас етіп, бере білу, білімдерін тереңдету
мақсатында талмай еңбек ету керек. А.Байтұрсынов еңбектерінің де ұлттық
тұлға бойына қажетті қасиеттерді қалыптастыруда маңызы зор демекпіз.
Біздіңше, қоғамға, өмір-тұрмысқа, келешекке керекті мамандықтар ашу,
адам мүмкіндігіне бет бұру – бүгінгі талап, болашақ ісі. Атап айту керек,
автор кітаптың мақсат-мұратын айқындағанда: “Комплекспен оқыту – сабақты
қазір әңгімемен өткізу емес, баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз
бетімен білім тапқандай қылу” екенін ашық көрсетеді.
Автор мектептің (ақыл, әлеуметтік, дене тәрбиесін) міндетін дұрыс жолға
қоюды негізгі мұрат деп біледі. Онан кейінгі жерде оқу, оқыту ісі мен
бағдарламалардың жекелеген түрлерін кең көлемде қарастырады. Ондағы үш
тірек (еңбек, жаратылыс, қоғам мәселелері) оқу ісінің негізгі құрамдас
бөлігі болып табылатыны жан-жақты көрсетіліп, мысал-деректер негізінде
талданып беріледі. Кешенді оқыту, жұмыс жоспарлары, оқу кестесі тағы басқа
маңызды мәселелер мектеп ұжымы, жас ұрпақ психологиясы, ұлттық рух
негізінде кең өріс алады.
Кітап авторының комплекспен оқытуға қатысты көтерген мәселелерінің
қайсыбір салалары (мысалы, оқу, оқыту ісі, ұстаз, шәкірт, бағдарлама, жұмыс
жоспары тағы басқалар) бүгін де арнайы сөз етіп қолдауды, құрметтеуді қажет
етеді. Атап айтқанда, ауыл мектебіне көмек-қамқорлық көрсетіп, қалың көпке
ортақ тәжірибесін тарату, ұстаз беделін көтеру, жас мамандарға қамқорлық,
білім сапасы, оқулық жайы бүгін де өткір қалпында қалып отыр.
Біздіңше, “Бағбанға да бап керек”. Елімізге есім-еңбектері кеңінен таныс
халық мұғалімдері – Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева тағы басқалардың ұстаздық
тәлім-тәрбиелері қазіргі кезеңде көпке үлгі. Алайда, білім жүйесін
жетілдіру ісінде, ұстаз беделін көтеруді, ауыл-қала мектептерінің
тәжірибесін таратуда, жас мамандарға қамқорлық пен оқулық мазмұны, сапасы
өз деңгейінде еместігінде жасыру қиын. Мемлекеттік білім мен ақылы оқу
жүйесінде ортақ мұраттармен бірге алшақтықтар, бірізділік байқалады.
Тегінде, “Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі”
(К.Ушинский).
Демократияға қадам басқан қоғамда мұғалімге артылатын жауапкершілік жүгі
жеңіл емес. Бүгінгі мектептің басты міндеті — өзіндік ой-көзқарасын ашық
айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің
шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық
қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады. Мұғалімге қойылар міндет
Қазақстан Республикасының “Білім” туралы Заңында:
— оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке басы мен шығармашылық
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызу;
— педагогтік этика нормаларын сақтау;
— оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқығын сыйлау тағы басқа деп атап
көрсетілген (5 тармақ, 41 бап). Ал өзгені сыйлау ең бірінші, өзінді
сыйлаудан басталатыны белгілі. Ендеше, мұғалімнің өзін сыйлауы – осы
мамандықты таңдау жолынан басталады 20: — 32.
Мұғалім, оның қоғамдағы орны, беделі бұрын да, бүгін де маңызды орынды
алғаны анық. Мұғалім беделі, жеке басының ерекшеліктері мектеп ісінде, жас
ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен
мұғалімнің өзі, сонан соң мемлекет жауапты. Егер мұғалім білімді, өз пәнін
жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында — әріптестері,
шәкіртері арасында арта түсері даусыз. Әрине, мұғалімнің жеке өзі адами
қасиеттермен үлгі бола білуі де керек. Мектепте, өмір-тұрмыста, қоғамдық
ортада қалай болса солай жүрген адамда қандай бедел, қадір-қасиет болуы
мүмкін?!
Ұстаз-жеке тұлға. Ол-үлкен ақыл-парасат иесі, тәлімді тәрбиеші, өмір
тәжірибесі мол, мейірім-қайрымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ алдында
мұғалім беделін қайтсек көтереміз, абыройын қайтсек асырамыз дейтін
мәселені ешкім де тікелей шешпейді. Мұғалімнің беделі-тек өзіне ғана
байланысты. Ұстаз беделі-оның білім дәрежесінен, балалармен тіл табысуынан,
ата-аналарымен қарым-қатынасынан көрінеді. Өзінің де тәрбие дұрыс, ішкі
мәдениеті жоғары жанды оқушлар да еріксіз мойындайды. “Мұғаліміңді неге
сыйламайсың?” деп ешқандай шәкіртті сөзге, зорлап мойындата алмайсың.
Қоғам, уақыт өзгерген. Талап, талғам да жоғары. Осы ретте келгенде,
А.Байтұрсынов ұстаз беделіне, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасына көп
көңіл бөлген. Әрбір адам — өзіне-өзі сеніп, биік талап-талғаммен қарап,
туған ел-жерге, таңдаған мамандығына адалдық, табандылық танытса – еңбек-
ізденіс нәтижесін береді деген ұлы мұрат міндет айқын аңғарылады.
“Әуелі өзің үлгілі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады. Әйтпесе
ертең опық жейсің. Қазақ халық педагогикасының талай-талай принціптері мен
атлаптарының арғы-бергі замандардағы ұлы ойшылдардың пікірлері мен
сабақтастығы, орайластығы, деңгейлестігі, Мәселен, өткен замандардың бір
ақылгөйі Синека “уағыз айтып, жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы
ұйыту оңай” деген екен. Дана педагог Лев Толстой: “Балаларды адамгершілікке
тәрбиелеу түгелдей игі өнегеге саяды” деуінен алдымен ұрпағым жақсы,
шәкірттерім тәрбиелі болсын деген ата – ана да, ұстаз да өзі өнегелі болуы
құптарлық” 54: — 13.
“Тумысынан дарынды ұстазды әулие деуге болады. Ол кез-келген шәкірттің ең
сүйікті жақыны, жанашыры, қамқоршысы, болашағын болжаушы, адамзатқа
“Алланың ақ жолын” Өмір заңдылықтарын айқындап көрсетуші құрметті де,
құдіретті тұлға. Дарынды ұстаз шәкірттерінің санасына адамдық асыл
қасиеттер сіңіріп, өшпес рухани өрнек қалдырады, ең сүйікті бейне ретінде
жүрегінде мәңгі сақталады. Сонымен ең әуелі ұстаз “сегіз қырлы, бір сырлы”
білімді, өнерлі болуы тиіс 54:-37. Ұстаз тұлғасының осындай болуы
болашағымызға деген сеніміміз. Өнерлі, білімді, өнегелі ұстаз тұлғасынан
болашақта дәл осындай шәкірт тұлғасының қалыптасуына күмән келтірмейміз.
Ұстаз тұлғасы қандай болу керек деген сұраққа біз “Ұстаз шәкірттерін
сүйетін, дарынды, саяси сауатты, білімді, сөзі де, өзі де мәдениетті,
сабырлы, әдепті, биязы, жаңаша іс ұйымдастыра білетін, барлық салауатты
өмірдің басшысы бола алатын адам болуы керек” деп тұжырымдадық. Қазіргі
ұстаз тұлғасын А.Байттұрсыновта осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын
осылайша сомдаған.
Көңіл бөліп, көп болып қолға алатын іс-мектептердегі оқулықтармен
қамтамасыз ету жайы. Ж.Аймауытұлы мектептегі оқулықты-күрделі, шешуші
мәселе ретінде қарайды.
Қазіргі таңда оқу құралын жазуға, оны сапалы бастырып шығаруға байқау
жарияланып жүр. Әр пән бойынша мектептердегі үздік ұстаздардың басын қосып,
оқулық-хрестоматиялар дайындауға кірістік. Жеке пәндер бойынша нақты
бағдарламалар жасалынуда. Бұл әлемдегі дамыған елдердің осындай
бағдарламасына балама түрде, ұлттық тұрғыда жасалса дейміз. Мұндай
бағдарламасыз ұлттық мектептерді қалыптастыру да қиын.
Біздіңше ұлттық мектеп, лицей, гимназияларға арналған оқулықтар аз.
Бұл ұлттық мектептердегі пәндер тереңдетіліп оқытылатындықтан орта мектепке
арналған оқулық бағдарламасынан күрделеніп жасалынған оқулықтар қажеті.
Сондықтан уақыт оздырмай жеке пәндер бағдарламасын, соған сай оқулықтар
шығарудағы кейбір кемшіліктер жойылса дейміз. Мұндағы ойымыз әлі де болса,
қазақ тілінде қажетті сапалы оқулықтардың жетіспеушілігінен туындап отыр.
Бізде Білім туралы заң, оған қоса мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Енді
осыларды жүзеге асыратындай тетіктерін ойластырса дейміз. Әсіресе, соңғы
кезде оқытудың жаңа технологиясын меңгеру деген мәселе қозғалды. Бұны
меніңше, мектептерді толықтай компьютерлендіру, мұғалімдерді компьютерде
жұмыс істеуге әзірлемей қолға алу қиын. Сонда ғана мұғалімдер оқытудың жаңа
технологиясын меңгеріп, пәндері бойынша Интернетпен байланыс жасап, әр
ғылымдағы жаңалықты оқушыларға таныстырып отырады. Немесе өзге елдерде осы
пәндерді оқыту әдісін үйренеді, сол арқылы оқушылардың таным-түсінігін,
елде, әлемде болып жатқан ғылыми жаңалықтармен дер кезінде таныстырады.
Негізінен бұл мәселелер кеше де, бүгін де басты тақырып ретінде оңды
шешімін күтіп тұр.
А.Байтұрсынов еңбектерінде бұл тақырып кезең-уақыт аясында
қарастырылады. Мектеп ісінің түйінді мәселелеріне кезең биігінен жауаптар
беріледі. Ұстаз-ғалымның бұл бағыттағы ізденіс-еңбектері жеміссіз де емес.
Керісінше, үлгі-ғибраттық қырлары көп. Біз оқулық, ұстаз, ұлттық мектеп,
мектепті компьютерлендіру сияқты өз пікірлерімізді тақырыптан аутқи отырып
айтуымыз әлі де көптеген кемшіліктерді ұстаздар қауымы жұмыла отырып, жою
қажет дегеннен туып отыр, дегіміз келеді.
Кітапта бағдарлама мен оқыту ісіне қатысты мәселелерді жүзеге асыру
үшін – комплексті оқыту үлгісіне зор маңыз беріледі. “Комплекс деген не?”
деген сұраққа: “Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырыппен бір
пікірдің төңірегінде жинап, қосып, түйдектеп біріктіріп оқыту… Өмірде шын
жолығатын нәрселерді, құбылыстырды байланысқан, іліктескен, бір-біріне әсер
еткен қалпында араларындағы қатынасын зерттеу” деп анықтама беріледі.
Комплекстің мәні қазақтың өмір тұрмысында, этнографиялық көріністерінде
байқалатын “ат бастатқан тоғыз”, “жамбы бастатқан тоғыз”, “құндыз бастатқан
тоғыз” тағы басқа тоғыз түрлі бұйым-заттағы құндысымен (ат, жамбы, құдыз
тағы басқа) салыстырылады 31:-27. Қысқасы, бір тақырып (зат, құбылыс тағы
басқа) төңірегінде бірнеше іліктес, мағыналас нәрселерді біріктіру-комплекс
табиғатын танытады. Автор бұл тұста: “Жер, тұрмыс жағдайына қарай әр елдің
сазы (ән-күйі) да әр алуан, Түркістан елінің әні бұлтарысы жоқ, тік тартар
айқай, қайырмасы жоқ, келте немесе бірыңғай текетірек болып келеді, түйеге,
атқа, есекке мінген адам болсын, ауылдан былай шыға беріп: “ауылың сенің
белде еді, әридай” деп қозғайды. Арқаның әні толқынды, ырғақты, айқайлы,
зарлы, қайталамалы, қайыруы ұзын болып келеді. Теріскейдің, батыстың әні
мұңды, зарлы, шерлі, желдірме, көй-көй болып келеді” 31:-20 деп халық
әндері мен орыдалуын, тақырып-мазмұн аясын, түпкі мұраты мен
ерекшеліктеріне назар аудару арқылы білім жүйесіндегі орнына, жас ұрпаққа
рухани-эстетикалық әсеріне де зор маңыз беріледі. Сөйтіп, ән-әуеннің мәтін-
мәніне, ұлттық-тәлімдік сипаттарына ден қояды. Халық мұрасына, ұлттық-
тәрбиелік ерекшеліктеріне нақтылы талдау, байыпты барлау жасайды.
Автор “Комплекс жүйе ме, әдіс пе?” деген сұрақтарға орыс
оқымыстыларының дерек, көзқарастарын кеңінен пайдаланады. Қазақы көзқарас,
танымға барлау жасалынады. Нәтижесінде-комплекс жүйесіне табан тірейді.
Оның өзі пән жүйесімен салыстырылып, айырмасы, ерекшеліктері көрсетіледі.
Бұл бағыттағы автор ойлары төмендегідей: “Комплексте бала өмірді, құбылысты
өзі бақылайды, сезінеді, тәжірибе қылады. Оқуды заманға тіреп, заманмен
байланыстырып оқиды.
Пәндерді бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесіне жақсы. Бала нәрсені
тұтас түрінде іске пайдалы жағынан қарап оқып, біледі. Бөлшегін, тарауын,
қимылын елемейді.
Комплекс тұтас, түйдек түрде ұқтырады. Баланың жан жүйесіне тура…
Комплексте-сабақ үздіксіз, бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып
отырады. Бір сабақтағы нәрсе екінші сабақта да зерттеледі…
Комплексте керексіз көп … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz