Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе____________________________ ________________________________
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ_________________
1.1 Оқушы тұлғасының қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы, педагогикалық мәні мен сипаты_____________________________ _________
1.2 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың адамгершілік сезімін жетілдірудің ерекшеліктері______________________ _______________________________
1.3 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық тәжірибесін үлгі ету формалары, әдістері және мазмұны_________________
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МАЗМҰНЫ_______________________
2.1 Бастауыш сыныптың жеке пәндерінде адамгершілікке тәрбиелеу бағытында жүргізілген іс-шаралар_________________________ ________
2.2 Сыныптан тыс іс- шараларда оқушылардың адамгершілік қасиеттері арқылы қарым-қатынас әрекеттерін қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру әдістемесі_________________________ _____________________
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ________________________
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі демократия мен қоғамдық прогресстің одан әрі дамуының өлшеміне айналып отырған бүгінгі шақта, көркемөнердің халықтық рухани өмірдегі рөлі де ерекше арта түседі. Адамгершілік тәрбиесін беру жұмыстарын түбірімен қайта құруды және жетілдіруді, жан дүние байлығы арқылы оның идеялық талпыныстарын, әдеп-өркен өлшемдерін, шығармашылық қабілет өресін қалыптастыруды алға міндет етіп қояды. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді. Осыған байланысты, оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің әлеуметтік маңызы арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізе отырып, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор деп атап көрсетті[1]. Сапалы білім — ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру үшін әлемдік білім кеңістігіне шығып, Қазақстанның жаңа ұлттық моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет. Республикамыздың стратегиялық мақсат-міндеттерін шешу жолында қоғамның әлеуметтік- экономикалық, мәдени — рухани даму мәселелері адам факторына жасалатын жағдайлармен өлшенетіні белгілі. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. 2012 жылдың 10 шілдесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламасында: Балалардың, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін шешуге бағыттайтын рухани- парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөніндегі мәселе күн тәртібінде өткір тұр дей отырып, бүгінгі таңда оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызды екендігін қадап айтты[2].Осыған орай жастардың бойына құнды ұлттық сана-сезімді дамытып, рухани, мәдени және ұлттық тәрбие мен бай мұраны игеруге көңіл бөлу қажет деп табылды.
Оның маңыздылығы, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында да: жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, жеке тұлғаны қалыптастыру атап көрсетілді [3]. Адамгершілік тәрбиесі ол мұғалім мен тәрбиешінің әрбір істерінен, жүріс-тұрысынан, адамдармен қарым-қатынас жасауларынан беріліп отырады. Тіпті әрбір сыныптың жас ерекшеліктері мен ұл-қыздың жекелей тәрбиені терең менгерулері келешек ұрпақтың елге, жерге, ата-анаға, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін дамыту болып табылады.
Кеңестік кезеңде жеткіншектердің адамгершілік тәрбиесі мәселесіне аса
назар аударған ғалымдар да аз болмады. А.С.Макаренко: адамгершілік сана
мен мінез-құлықтың бірлігіне үлкен мән беріп, оқушыларды моральдық
теориямен қаруландыру керек деп санады[5].Ғалымдар: Б.Т.Лихачев, О.И.Рута, И.С.Каменоградский, А.М.Арсеньев, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров,
Г.М.Гмурман, Ф.Ф.Королев, И.С.Марьенко тәрбиенің жалпы әдіснамалық проблемаларының көп аспектілігін зерттеген[6,7].
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі бойынша зерттеу жасаған ғалым-әдіскерлер Р.Рахымжанова, Ә.Әшірова, К.Карбозовалардың еңбектеріне де негізделеміз. [6,7]
Кейінгі жылдары оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық, жалпы теориялық негіздерін, тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесін жасауда, бала тұлғасының адамгершілік жағынан қалыптасуы мен дамуын И.А.Кайров, И.В.Свадковский, оқу процесінде тәрбиелеу проблемаларын Э.И.Моносзон, А.И.Дулов, Г.И.Щукина, тәрбие процесі мен педагогикалық ынталандыруды Л.Ю.Гордин, В.М.Коротов, З.И.Равкин, балалар ұйымының іс-әрекетінде ұжым мен тұлғаны тәрбиелеуді Т.Е.Конникова, Л.И.Новикова зерттеді[5,7].
Қазақстан ғалымдарынан адамгершілік тәрбиесі мәселелерін шешуге қосқан салмақты үлеске А.К.Қисымова, Ж.Б.Сәдірмекова, А.Е.Дайрабаева, С.Ә.Әбілдина,А.Аманжолова,Ұ.О.Асано ва,С.Ұзақбаеваның,С.Нұрмашева, С.Нұрмашева,А.А.Бейсенбаева,И.Мелик ова, А.С.Жұмабаеваның,С.Қалиев,
Қ.Ералин, Л.Байсерке, Қ.Бөлеев, С.Смайлов, Н.Верещагина, Р.Төлеубекова, Г.А.Аңламасова,Н.Кушеров және т.б. ғалымдардың еңбектері жатады[8]. Ғалым-педагогтар Э.И.Шыныбекова мен Э.А.Орынбасарова өз еңбектерінде қазақстандық ғалымдардың жұмыстарынан оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу проблемаларының мына бағыттарын ажыратады: оқу процесіндегі адамгершілік тәрбие; оқудан тыс жұмыстағы адамгершілікке тәрбиелеу; оқушылар тұлғасының мына адамгершілік сапаларын қалыптастыру: елжандылық және ұлтжандылық, ұжымшылдық, ізгіліктілік; адамгершілікке тәрбиелеу факторы ретіндегі мұғалім тұлғасы; қоғамдастықтың балалардың адамгершілік тәрбиесіне қатысуы.
Сонымен қоғамның бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиеленуін- жетілдіруде берген тапсырысы мен ана тілінің балаларды адамгершілікке тәрбиелеу кұралы ретіндегі мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі, оның практикада ғылыми негізделіп қолданылмауы және бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде мақал мен мәтелдің мағынасының кең ашылып қарастырылмауы арасында шынайы: қарама-қайшылық орын алып отыр. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда жеке пәндер арқылы оқушыларға адамгершілік теориясын берумен байланысты жұмыстары бар болғанымен оқушы тұлғасының қалыптастыруда адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін қазіргі таңда көкейкесті деп таңдап, арнайы зерттеуімізге негіз болды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуді ғылыми-педагогикалық жағынан негіздеу және мектеп практикасына тиімді енгізудің жолдары мен әдістерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының мектептің оқу- тәрбие жұмысы арқылы орындайтын адамгершілік іс-әрекетінің мәні мен құрылымын анықтау.
2. Бастауыш мектепте оқушыларды жеке пәндер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінің моделін құру.
3. Кіші жастағы оқушыларды сыныптан тыс іс- шаралар арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін және ұтымды жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны — бастауыш мектеп оқушыларын оқытылатын жеке пәндер мен халық тәжірибесін үлгі ету арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні — бастауыш сынып оқушыларын ана тілі, дүниетану және еңбек пәндері арқылы адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш сынып оқушыларына мектептің оқу- тәрбие жұмысында жүргізілетін жеке пәндер және сыныптан тыс іс-шаралар арқылы орындалатын адамгершілік іс-әрекетінің мәні мен құрылымын зерттеуде халық тәжірибесін үлгі ете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу үрдісінің моделіне негізделген жолдары анықталса, онда кіші жастағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігі әлдеқайда артады және жалпы жоғары сана, ізгі қасиеттер қалыптасар еді.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш мектептерде жеке пәндерді оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесінде пайдалану жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеп қорыту, педагогикалық бақылау жасау, сауалнама жүргізу, сұрақ-жауап, интервью алу, әңгімелесу өткізу, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық эксперимент өткізу, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы, № 48 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп
Курстық жұмысының құрылымы диплом кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеуде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі дәлелденген және нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, зерттеудің теориялық-практикалық мәні баяндалады.
Қорытындыда курстық жұмысты зерттеу бойынша тұтастай қорытынды жасалады және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, қарастырылып отырған проблеманың перспективасы айқындалады.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушы тұлғасының қалыптасуына адамгершілік тәрбиенің ықпалы, педагогикалық мәні мен сипаты
Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көзқарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады. Баланың санасы ғылымды меңгерудің нәтижесінде қалыптасу, көзқарасы, сенімі бекиді. Сенім- дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім- күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілік, адамгершілік, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы, өнегелі эстетикалық адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуде сурет, ән, ана тілі сабақтарының орны ерекше. Сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге, секцияларға қатысып оқушылар музыка, көркемсурет, кино, театр, би, спорт, еңбек арқылы тәнім-тәрбие алып өз сезімдерін бекітеді.
Адамгершілік тәрбиесі біртұтастық оқу-тәрбие процесінің негізгі болып табылады. Адамгершілік мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады.
Мораль (латыншасы моранис, қазақшасы — әдет-ғұрып) — әлеуметтік шындықтың эстетикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі. Мораль дегеніміз адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдың сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көзқарас болғандықтан, мүдделер де қарама-қарсы болады, әртүрлі моральдар қатар өмір сүреді[6,32].
Бүгінгі жағдайда бұрыңғы Кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерген. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты. Этика — бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
Этикаға нормативті этика және мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің әр түрлі нормалары қоғамдық тұрмыстағы сан алуан формалары жайлы ілімдер жүйесін біріктіреді. Адамгершілік норма — адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ерекшеліктері бойынша немесе тиым салу арқылы реттеліп отыратын адамгершілік қағидалар формасы.
Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілдікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды.
Бүкіл адам баласына әр қоғамда ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этиканың нормалары бар. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды. Мораль адамның — мінез құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. Әсіресе мына заманда: нашақорлық, алдау, арбау, сөзге тұрмау, жауыздыққа бару, жақындарына қамқорлық жасамау т.б.
Мораль — қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың ара-қатынасынан туындайды; адамгершілікке жататын, немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Біз мұны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі өнегелі саналы идеял деп бөлінеді. Өнегелі немесе адамгершілікті сана — адамның қарым-қатынасынан, оның эмоциялдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, атаананың үлгісінен басталып ағайын туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге — адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілі саналылығы, ерекшеліктерінің жиынтығы.
Өнегелілік — сезімнен, ұлттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұятты бар адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашанда өнегелі болуға тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі қажет. Өнегесіздікке жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін, ар-ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек, өнегелілікке дағдылану керек[21,30].
Адамгершілік тәрбиесі — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әсерлі өлең, сурет, әңгімелер пайдаланады, үлгілі, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалық қатынас жағдайында әдепкі адамгершілік әдет дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси-әлеуметтік сананылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік), дүниетанымын, этикалық талғамын, ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этикалық әңгіме, пікір сайыс, лекция өткізу және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиет кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиесінен басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, ілтипаттылығын, орындағыштығын, жауапкершілігін қалыптастырады. Әр қоғамда, барлық өмірде, еңбекте, тұрмыста, жанұяда, тапаралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның сана сезімін реттеді, қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесіне тән міндеттер бар. Олар:
oo Оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
oo Олардың санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
oo республикаға, оның Президентіне, әнұранына, рәміздеріне, шәкірттердің ізеттілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерсек жөн, объектіге — шәкіртке ықпал етушілер бірауызды болғаны керек [29,30].
Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық, Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады, кеңелді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуді еңбектенуге ізеттілік норманы сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінісуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы, қоғамдағы, қоғамдық орындардағы өзінің мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны кеңейтіледі.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерде зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың педагогикалық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадық.
Ал, Р.Үсембаева А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу атты диссертациясында А.Байтұрсынов еңбектерін бастауыш сынып үшін саралап, Ахмет тағылымдары атты арнайы бағдарлама мен әдістемесі арқылы бастауыш сынып оқушыларның адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстар арқылы дәлелдейді [15,16].
Ал, Л.К. Керімовтың қиын балалар тәрбиесіне арналған еңбегінде, оларды қиын балалар етіп тәрбиелейтін әлеуметтік жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетеді. Әсіресе, қиын балалардың мінез құлқын түзетуде адамгершілік тәрбиесінің ықпалының мол екеніне тоқталады[13,18]. Көпұлттық Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А Кимнің еңбегінде негіз болады. Әр бір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне салт-дәстүріне, әдеп-ғұрыптарына аса мән бере отырып адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан жақты ашып көрсетеді.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми педагогикалық тұрғыда жүйесін жасалған. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе адамгершілік адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олармен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиесінің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның оның жанды саласы-мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады.
ХІХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершілік тәрбиесінің даму тарихын зерттеген. Э.А Орынбасарованың еңбегінде қазақ төңкерісіне дейін және төңкерістен кейін де қоғам дамуында адамгершілік тәрбиесінің басты орын алғанына архив деректерін енгізге ала отырып тұжырымдайды[21].
Ал, болашақ мектеп мұғалімдерін мектепте адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыруға байланыста А.А Калюжный, А.А Аманжолова, С.Қ Әбілдинаның еңбектері арналған[18,23 ].
Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық, негізін айқындау керек.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру-өмір талабы. Әр халықтың ұлттық тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісінде тікелей байланысты.
Қазақ халқы елін, жерін, оның табиғи , мәдени байлығын , өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын сақтап, қорғап, рухани адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы керек. Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым әл-Фарабидің: Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген өсиет сөзі бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Дулат жыраудың:
Ақылменен теңгеріп, қайратыңа дем беріп,
Өзіңді — өзің меңгеріп, қайырудағы сұңқардай.
Мезгілінде жем беріп, қымтап ұста тізгінді.
Анадан да сақ болып, тарпаң атқа мінгендей.
Алдыңа бесік өңгеріп — мақсатыңа сүйтіп жет! — деген өлеңінен қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасын айқын аңғарғандаймыз[19].
Болашақ ұрпақ тәрбиесі — ата бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі, артта қалған із қандай болса ұрпағыңның болашағы сондай. Сондықтан бала тәрбиесі, әсіресе бүгінгі күнде, балабақшалар саны көбейіп, халықтың экономикалық жағдайы көтеріліп келе жатқан кезде, өте өзекті мәселенің бірі болып табылады. Қазақтың белгілі ақыны М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты кітабында Жалпы педагогика екі нәрсе жайында сөйлейді: дене тәрбиесі, жан тәрбиесі жайынан деген. Сондықтан менің бүгінгі өрбіткелі отырған тақырыбым, ол баланың алдағы уақытта үлкен әріппен жазылатын Адам болып шығуы үшін жан тәрбиесінің өте қажеттігі туралы. Жан тәрбиесінің бір көрінісі адамгершілік тәрбиесі туралы болмақ. ХХІ ғасыр — тоқтаусыз даму прогресс — бәрі дұрыс, бәрі болуға тиісті, бірақ адам бойында, яғни, бала бойында адамгершілік, мейірімділік түсінушілік деген ұғымдар қалыптаспаса, адам ХХІ ғасырдың робытына айналуы мүмкін.
Ұлттық дәстүр арқылы педагогикалық ерекшеліктерді ескере отырып , дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту бүгінгі күн талабы . Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты , жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі , ақыл — ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз-еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның төрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық , педагогикалық , әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемге байланысты адамның бойындағы кісілік, тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді:
— әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады , өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқсамайды;
адам әр түрлі елдердің , тарихи дәуірдің материалдық-рухани мәдениеті мен жетістіктерін үлгі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер етеді;
адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, ұлтына, туысына, туған жеріне тәуелсіз, барлық адамдарға ортақ адамгершілік қасиеттер болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейірімділік, қатігезділік, әділдік т.б.
Осы рухани-психологиялық қасиеттерді адам бойында қалыптастыратын-тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы : Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүрі болып қала бермек.Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі — тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы- батыр халық- деген[23]. Демек, рухани-психологиялық қасиеттердің бірі- ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғаған батыл істерін мақтан етіп, үлгі — өнеге қылып, өлең — жыр, дастандарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлары. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап , жерін жауға бермей, ұлан — байтақ өлкесін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуге үйретуіміз керек.
1.2 Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың адамгершілік сезімін жетілдірудің ерекшеліктері
Қазіргі танда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті оқу- тәрбие үрдісінде қалыптасатындығы белгілі. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшаңдайды. Біз бұл жерде Л.В Занковтың идеясын негізге алуға болады. Ол баланы қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтары мен еркін араластыру керек, әртүрлі баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет деген ұсынысын зерттеуімізге басшылыққа алдық [23].
Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени — этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде бірінші міндет- ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтамақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымды- лықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып , басым бағдарын жеке тұлғаның рухани — адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару.
Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту — заман талабы. Егер адам руханилығын айырылса, онда ол эмоция мен сезімінен айырылады, жалаң рационализм мен прагтизмнің құлына айналды. Сөйтіп , материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жіберуі мүмкін.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптасады.
Әр заманның өз адамы деген қағиданың мәніне терең үңілетін болсақ, өмір тәжірибесі өзінің нәтижесімен көрсете отырып, дәлелдеп береді. Бұл көзқарас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрініс тапқан. Онда: Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі ,-деп жазылған [24].
Ал Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамасында білім беру жүйесінің негізі міндеттері төмендегідей көрсетілген:
Жеке адaмның рухани қабілет мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру , әрбір адамды дамыту үшін жағдай жасау;
Жеке адамның шығармашылық қабілеттері мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді дамыту.
Соның ішінде гуманитарлық білімнің жаңарту мақсатында тәрбиелеу процесін ізгілендіру және баланың дербес қабілетін ескеріп , тереңдетіп тәрбиелеу мақсаты көзделген. Бұл мақсатқа жетіп, аталған міндеттердің орындалуы, ең алдымен, жеке тұлғаның рухани құндылықтарының дамуына баса назар аударуды қажет етеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: Бастауыш мектептің өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңдерде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу керек, өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал келеді. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайында қисынды да жүйелі баяндап, жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз қарым — қатынас жасауды үйренуге, алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруі тиіс, — деп көрсетілген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын дәлелдейді [3].
Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мектептің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Демек, бүгінгі таңда педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеу болып табылады.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру — қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да , өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдік фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмір жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларына ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады .
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады, ал рухани-адамгершілігі қоршаған орта мен адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер, ұғымдар адами мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары тәрбиеленеді. Мектепте бұл жұмыс мұғалімдердің қоғамдық жастар ұйымдарының басшылығымен жүйелі түрде көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастармен қатынастарының формалары, адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлқының сезім мен сананың жаңа формалары арқылы одан әрі дамытылады.
Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдағы тәрбие арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін бағдар ұстайды, соған әзірлейді, ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін белсенді түрде пайдаланылады. Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де әлсіз және шектеулі болса да педагог санауға сүйенуі тиіс.
Тәрбие ісі — ұзақ және күрделі үрдіс. Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. Өйткені, мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тәрбие тиімділігін ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты — әрбір тұлғаны жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам-жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда, іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Әркімнің өз басының адамгершілік тәжірибесі тиянақтырақ игеру үшін жағдай туғызады. Бұл тәжірибе балаларға адамгершілікті үйрету үрдісінде дамытылады.
Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын ұғынуды қамтамаыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттерін түсінуі үшін ең қолайлы жағдайларды қамтамазыз ететіндей етіп құрылуы керек. Ортақ мұрат тәрбиенің қажетті ортақ мақсаты ретінде жеке адамның бойында индивидуалдық формаға ие болады. Тәрбиелеуді индивидуализациялау балаларды бойындағы ең жақсы белгілері мен қасиеттері көрінетін жағдайда жеткізуі тиіс. Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани — адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани — адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Жетілгендік- балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы адамгершілік мінез-құлқының ересек бақылауынан біршама тәуесіздігінен , өз әрекеттерінің моралдық жағын, өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Адамгершіліктің дамуы — тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің жемісі — тәрбие жұмысының пәрменділігі.
Адамгершілікке тәрбиелеудің нәтижесі адамгершілік іс-әрекетті қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік іс-әрекетті тиімді қалыптастыру міндетті түрде тұтас адамгершілікке тәрбиелеу процесінің тиімділігін арттыруға жеткізеді. Игеру процесінің басты ерекшелігі оның белсенділігінде: адамгершілік білімдерді оқушы тек қана адамгершілік ісәрекетті орындағанда , олармен қандай да бір әрекет жасағанда игереді. Адамгершілік әрекет- оқушылардың адамгершілік іс-әрекетін талдау бірлігі. Мұғалім оқушылардың адамгершілік іс-әрекетінің әр түрлеріне енетін әрекеттерді ажыратып қана қоймай, оның құрылымын функционалдық бөліктерін, негізгі қасиеттерін, олардың қалыптасу кезеңдері мен заңдылықтарын білуі тиіс [6,32].
Кез-келген адамдық іс-әрекет әрқашан қандай бір нысанға бағытталған. Ол сыртқы материалдық (оқушының көлікте жасы үлкен кісіге орын беруі, өсімдікті, жануарларды немесе адамды қауіптен құтқару т.б) болуы мүмкін. Әрекет әрқашан мақсатқа бағытталған. Әрекетті орындау соңында әрқашан да бір нәтиже алынады. Ол қойылған мақсатқа сәйкес келуі де , келмеуі де мүмкін. Мысалы, бала жасы үлкен кісіге қайырымдылық жасау мақсатында оның қолындағы затын көтерісіп келе жатып жерге түсіріп сындырып алсын. Баланың қойған мақсаты (көмектесу) мен нәтижесі (сындырып алып, ренжіту) сәйкес келмейді.
Баланың мектепте болғанының бірінші күнінен бастап жетуі тиіс мақсатты ұғынуға үйрету керек. Ол үшін кейбір балаларға мақсатты есінде ұстауға байланысты арнайы тапсырмалар берген жөн.
Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі. Төменгі сынып оқушыларының тебіреністері, олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Сабақта тәрбие процесінің барлық негізгі элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері ұйымдастырылуы өзара әсер етеді. Сабақта тәрбие беру сәттері ғана емес, бүкіл оқыту процесі тәрбиелейді.
Балалар ортақ жұмыстың ойдағыдай орындалуынан қанағаттанғандық және қуанышты сезімге ие болатын сабақ өздігінен ойлануға түрткі болып, оқушылардың бірлесе тебіренуіне, олардың адамгершілікке тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.
Үйге берілетін тапсырманы орындауға кейде оқушылар тобына лайықтап берсе, онда үй тапсырмасы тәрбиелік міндеттерді шешу үшін неғұрлым тиімді пайдаланылуы мүмкін екендігін тәжірибе көрсетеді. Топқа берілген үй тапсырмасының сипаты жеке оқушыға берілетін тапсырмадан гөрі басқаша болады. Қайталау үшін жаттығулар дидактикалық ойындар және практикалық тапсырмалар түрінде берілуі мүмкін. Топқа берілген үй тапсырмасын біртіндеп енгізу қажет. Бірінші тапсырманы оқушылардың бір-екі тобына қаңтардың екінші жартысында-ақ беруге болады. Топқа екі-үштен төрт-бес балаға дейін енгізуге болады. Балалар тапсырманы орындап болған соң, сыныпқа өз жұмыстарының нәтижесі туралы баяндайды. Олардың үлгісі бойынша мұғалім оқушыларды ұжымдық тапсырмаларды орындау ережелерімен таныстырады.
Мұндай тапсырмалар екі аптада бір рет беріледі. Мұғалім топтарға үйге тапсырма бергенде мынадай тәрбиелік міндеттерді алдына қояды: балаларда өздігінен бірлесе жұмыс істеудің дағдыларын қалыптастыру, балалардың өзара көмегін ұйымдастыру, жұмыс бөлісуде, әрбіреуінің қосқан үлесін бағалауда бір-біріне қайырымдылық, әділеттілік сезімді тәрбиелеу. Топтарға берілетін үй тапсырмалары Сыныптағы істері, оқудағы мүдделері негізінде біріккен, ынтымақты кішкене ұжымдар құруға, балалар арасында жеке достық қатынастар дамуына көмектеседі.
Ортақ жұмыс үшін топтар құрғанда мұғалім олардың арасындағы жолдастық байланысты, балалардың бір-біріне көзқарастарын, олардың ұжымдық жұмысқа әзірліктерінің дәрежесін еске алады. Ұжымдық жұмыс дағдысы жоқ бірінші сынып оқушысы осындай дағдылары бар балалар тобына енгізіледі.
Сыныпта ұжымдық жұмысқа әзір емес балалар көп болса, педагог сыныпты топқа бөлуге асықпайды, әуелі бір топқа, содан кейін екі, үш топқа ұжымдық тапсырма береді. Бұл топтардың жұмысын мұқият бақылауға, балалардың бірігіп еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Балаларды үйге берген тапсырманы орындау үшін топқа біріктіру балаларға білім дәрежелеріне қарай да саралап қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Бір топқа неғұрлым күрделі, екінші топқа күрделілігі шамалы тапсырма беруге болады. Кейде орташа қабілетті баланы озат балаларға қосылуға ұмтылуы үшін озат балалар тобына қосудың пайдасы бар.
Бақылау, сыныпта оқу материалын әзірлеу, дидактикалық ойындар үйге берілетін топтық тапсырмалардың мазмұнына енеді [23,24].
Бақылаулар.
1. Жыл маусымдары белгілерін (қыс, көктем): аспан жағдайы, жауын-шашын, жел; құстарды; даладағы, бақшадағы, парктегі, бақтағы, көшедегі жұмыстарды.
2. Балалардың үйлерінде, үй маңында мекендейтін жануарларды, құстарды.
3. Терезедегі өсімдіктерді: ағаштың кесіліп алынған бұтақтарының бүршік жаруын, көк пияз, үрме бұршақтың қалай өсетінін бақылау.
Балалар тобына бірінші тапсырманы бергенде мұғалім оларға оқушылар арасында міндеттерді бөлуге негіз болатын жұмыс жоспарын ұсынады. Мысалы, көшеде көктемнің белгілерін бақылау төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі:
1) қыспен салыстырғанда көктемде көшенің қалай өзгергендігін көріп, суретін салу;
2) қыста мұнда болмаған қандай құстар пайда болды. Құстардың қылығын бақылау, олардың аттарын білу;
3) адам қандай шаруашылық жұмыстарына араласты, көктемде қандай өзгерістер пайда болды (қыспен салыстырғанда).
Барлық топқа бір тапсырма (сыныпта 10 немесе одан да көп топ болуы мүмкін) немесе бірнеше топқа бір тапсырма беріледі, немесе әр топ өзіне айрықша тапсырма алады.
Сыныпқа арналған оқу материалын дайындау. Сан және цифра деген тақырып бойынша балаларға төмендегідей тапсырма ұсынуға болады: бір парақ қағазға берілген бір санға сәйкес фигураларды (сәбіз, алма, үйшік, қайықтарды) желімдеу. Жұмыс көлемі барлығында шамамен бірдей болуы үшін, кімнің қанша алатынын, қандай көлемде парақ қағаз алуға болатынын, кім қандай фигураны жапсыратынын балалар өзара келісуге тиісті.
Сан құрамы деген тақырып бойынша оқушылар түрлі-түсті қағаздан әр түрлі аппликация әзірлейді. Мысалы, алты санына бірнеше аппликация әзірленеді: бір және бес, екі және төрт, үш және үш. Сол жағына балалар бір түсті дөңгелек немесе шаршы, оң жағына екінші түстісін желімдеулері мүмкін. Әр топ өз есептерін құрастыруына болады. Балалар кім, не туралы (құс, шие, қайық және т.б. туралы), қандай амалға (қосу, алу т.б.), қандай сандармен есеп ойластыратындықтары туралы келіседі. Сабақта топ Сыныпқа өз есеп жинақтарынан есеп шығаруды ұсынады. Есептер сурет, кескіндемелер, аппликациялармен безендіріледі.
Қазақ тілінен сыныптағы барлық топтар күшімен әліппе құрастыруға болады. Балалардың әрбір тобы өздеріне бірнеше әріп алып, құрамында осы әріптер бар сөздер табады. Бұл сөздерге оқушылар кескіндемелер іздеп, оларды парақ қағазға желімдейді.
Кейін осы ретпен суреттері бар қиын сөздердің сөздігін жасауға болады. Тиісті суреттерді іріктеп алып, балалар әрқайсысын парақ қағазға жапсырады, астына сөз жазады. Барлық парақтарды бір мұқабамен қаптайды. Сөздікті сабақта қиын сөздердің жазылуын қайталағанда пайдалануға болады. Балалар тобына рольдер бойынша әңгіме немесе тақпақ оқуды дайындауды тапсыруға болады. Балалар жиналып, өзара рольдерін бөліседі де, оқуға жаттығады.
Дидактикалық ойындар оқу материалын балалар үшін қызықты түрде қайталауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ойын үстінде балалар топтағы балалармен араласу дағдыларын үйренеді. Бұл жағдайда балалармен араласу негізі жай ғана ойын емес, сабаққа дайындық жасайтын оқуға арналған ойын болып табылады[24].
1.3 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық тәжірибесін үлгі ету формалары, әдістері және мазмұны
Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары — әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, рәсімдері мен рәміздері, жөн-жоралғылары құқықтық заң, бұлжымайтын ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған.
Халықтың ізгі әдеттері құқықтық әдеп болып қалыптасып, ол ғұрыпқа, яғни құқықтық заңдылыққа — дәстүрге, санаға сіңіп салтқа айналған. Ұлттық салт-сана мен дәстүрлер құқықтық нормалар арқылы әлеуметтік әдеп — яғни құқықтық мәдениет болып қалыптасқан.
Дара тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығы, сәлемдесу әдебі, ата-ананы, жалпы адам баласын сыйлау сияқты құқықтық мәдениеті, Отанға, ата-бабаға, ата-анаға, ұжымға қызмет етуі сияқты құқықтық парызы халықтың салт-дәстүрлері арқылы орындалып, өмір заңдылықтарымен өзектескен қасиетті құбылыс. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығын адамгершілік қасиеттермен байланысты деуге әбден болады. Қазақта Тірі адам тіршілігін жасайды деген мақал бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі, әдебі бар. Әрбір адамның негізгі тірліктері: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, сергу, еңбек ету, тынығу. Әрбір тірліктің өз тегі, қалпы, құқықтық мәні, тәртібі бар.
Әділет басқанды ұйқы басады деп, халқымыз бекер айтпаған. Ұйқы қалпынан асса, ол — ауру. Әрине әсіресе жас баланың ұйқысы қанық болуы қажет, бірақ ол қалпынан аспау керек. Әрбір әдепті адам, уақытысында жатып, дер кезінде тұрып, тіршілік жасамаса, адамдық қасиетінен айырылып қалады. Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық деп, халық ерте тұрудың мәнін ерекше бағалайды. Ерте тұру үшін, ерте жату ләзім. Қазіргі заманда еліктеткіш теледидар көріп немесе бос сандалып көше кезіп, уақытысында ұйықтамау көп баланың әдетіне айналып барады. Ол құқықтық мәдениетке қайшы келетін, келеңсіз жағдай [13,18].
Әрбір адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады. Киімнің жарасымды, үйлесімді болуы, көбінесе, жеке бастың киіне білуіне байланысты. Жазда, күзде, қыста, көктемде киетін киімдерді өз ретімен кимесе, жарасым болмайды. Сән қуып, тән азабына ұшырап жүргендер аз емес. Ал талғамсыз, жарасымсыз сән күллі жүрттың алдында күлкіге ұшыратады. Қыста сәнді деп, жалаңбас жүру — денсаулыққа зиян. Жақсы киіну үшін сол киімді күте білуді үйренуіміз қажет. Киімін таппай, күйініп, киімін тапса, үстіне қалай-болса солай іле салатын салақ бала салауатты бола алмайды. Тәрбие құқықтық нормаларды қалыптастырады. Жеке тұлғаның өзіне-өзі қызмет ету құқығын шәкірттерге жан-жақты түсіндіріп, олардың құқықтық санасын арттыру ісінің нәтижелігі тәрбиешінің ұстаздық шеберлігіне байланысты.
Сәлемдесу — құқықтық — адамгершілік міндет. Сәлем — әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Сәлемдесу — кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Амандасқан адам қазақ салтында он алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не қолын алып амандасады. Ол Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін деген мағынаны білдіреді.
Үлкен адамға сәлем беру — кіші адамны құқықтық міндеті. Қазақта Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді деген әдеп бар. Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады. Сәлем беру — имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктің белгісі. Сәлем қылу кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге мүмкіндігінше күлімдеп, жылы шырай көрсете, иман жүзділікпен қарап, құрмет көрсету ниетін білдіру қажет. Үлкен адамдар сәлем қылған келінге бірауыз сөзбен батасын береді. Сонымен қатар, амандасу кезінде негізгі сөзде … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz