Бала деген бақыт өлеңі, биғали шоман, өлең, тақпақ, жыр, өлең шумақтары

0

Бала деген бақыт екен ең биік,
Тәңір берсе бәрімізге тең қиып!
Өкпелетпей бөліп бізді тастамай,
Дәу ұлдарың бесікте өссе дөңкиіп.

Бас-басыңа бала берсін өрімтал,
Сол қызықты осы өмірден көріп қал.
Әр бойжеткен теңін тауып кешікпей,
Бесіктегі бөпесіне жолыққай!

Биғали Шоман