Баяндама «ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Баяндама «ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ»

Бағыты: Барлық пәндер Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Материалда жаңартылған білім беру мазмұны туралы түсіндірілшен. Жас мамандарға өз көмегін береді деген ойдамын.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

Ел болашағы жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені баршаға аян. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Ел болашағына бағыт-бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген. Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да, дамыған елдердегідей Республикамызда білім беру жүйесі сапасын дамыту ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына, үйлесімді дамуына ұстаздардың жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеруінің, кәсіби дамуының маңызы зор. Бұндай талапқа сай қызмет істеу үшін әрбір ұстаз үздіксіз ізденуі, сонымен бірге кәсіби білікті маман болуы тиіс. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Білім беру мазмұнын өзгерту не үшін қажет?Елімізде білім беру саясаты мен тәжірибеге ықпал ететін маңызды салаларда өзгерістер орын алды: -экономика;-адамдардың өзін-өзі басқаруы;-қарым-қатынас көлемі және жылдамдығы;-еңбек нарығының құрылымы;-шекарамыздың ашықтығы;-оқыту мен үйретудің нәтижелі тәсілдерінің анықталуы.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларға тоқталар болсақ, олар: — әлем стандартына сай білім беру;— бәсекеге қабілетті тұлға дайындау;— тәжірибелік дағдыларды дамыту — функционалдық сауаттылықты арттыру;— ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі қандай?Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:1.    Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.2.    Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;3.    Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың»  берілуі.4.    Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;5.    Оқытудың  тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру6.    Білім  беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;7.    Бөлімдердің  мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;8.    Оқытудағы  жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)         Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану,  талдау, салыстыру, бағалау);3.Шығармашылық ойлау дағдысы4.Логикалық ойлау дағдысы5. Сыни ойлау дағдысы6. Алгоритмдік ойлау дағдысы7.Критикалық ойлау дағдысы8.Проблемалық ойлау дағдысы9.Технологиялық ойлау дағдысы10.Тілдік құзіреттілік дағдысы11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;       

Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?     Ықтимал себептері Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;        Бағалау үшін;Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;Тақырыпты қайта қарау үшін;Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;Күрделендіру үшін;Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;Түсінуге көмектесу үшін;Бағамдау үшін. Білім берудің жаңарту жолдарыБіліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.4. Білім беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану.5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Бағалау жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті. Критериалды бағалауда оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, сонымен қатар тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады. Білім берудегі жаңартылған бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Қорыта келе айтарым, ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, әрбір ұстаз тынымсыз еңбектенуі тиіс. Міндет ауыр, мақсат айқын. Әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтсек, жақсы нәтижеге жететініміз сөзсіз.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.