баяндама «Үлгермеушілікпен күрес жолдары»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




баяндама «Үлгермеушілікпен күрес жолдары»

Автор: Джуманова Сапаргуль Бердибаевна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәлімгерлерге Сыныбы: Барлық сыныптар

Жарияланған уақыты: 2018-12-25


Материал туралы қысқаша түсінік

Кластағы үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін жұмыстың баяндамсы




Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джуманова Сапаргуль Бердибаевна

Баяндама: Үлгермеушілікпен күрес жолдары.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оны алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілер мыналар;• жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі,оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;• үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы:• мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау:• мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстыңболмауы,мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ жұмыс жүргізбеуі:• тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;• бағалаудағы біржақтылық;• оқыту мен тәрбие үрдісінде сабатастықтың болмауы;• сабақ қалдыру оқушының ауырып қалуы т.б.Оқу – тәрбие ісі меңгерушісісінің бұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейін.Ең алдымен, меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысу керек (үлгірмеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты). Оқушылардың үлгірмеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс. Олардың тақырыптары: Нашар үлгіретін және үлгірмейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, Үлгірмеушілікті болдырмау және алдын алу жөнәндегі педұжымның іс — әрекеті, т.т. бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып, пікірлер тыңдалып, үлгірмеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет. Бұл жұмыстар оқушы үлгірмеушілігінің себептерін білуге, алдын алуға бағыт береді, көмектеседі. Сондықтан біздің мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үлгірмеушілікпен жұмыс үлгілерін ұсына кеткенді жөн көріп отырмын.Үлгірмейтін оқушылардың оқуға қалыпты көзқарасын қалаптастыру жөніндегі жұмыс жүйесі. Жұмыскезеңдері. Қалыптасуғатиісті көзқарасОқу материалының мазмұнына көзқарас. Ең оңай қызықты материал(маңыздылығына қарамастан). Маңызы бар материал. Маңызды, негізгі, бірақ қызықсыз материал.Оқу үрдісіне көзқарас Мұғалім — әрекет етуші, оқушы – қабылдаушы. Мұғалім жетекшілік атқарады, оқушы үрдістің жекелеген кезендерінде ғана қатысады Оқушы жетекшілік етеді, мұғалім үрдістің жекелеген кезеңдерінде ғана қатысады. Оқушы өз бетімен әрекет етеді.Өзіне, өз күшіне деген көзқарас. Көп күшті қажет етпейтін жұмыстар кезіндегі табыстарын мадақтау. Азғантай күш қажет жұмыс кезіндегі табыстарын мадақтау. Көп мөлшердегі күшті қажет ететін жұмыс кезіндегі табыстарын мадақтауМұғалімге (ұжымға) көзқарасы. Нейтралитет. Мейірбандылық, көңіл бөлу, көмек беру, жаны ашу. Көмек беру мен қатар өзіндік пікірінің болуы.Мұғалімнің үлгірмеушілікті болдырмау жөніндегі жұмыс жүйесін зерттеу мақсаттары: нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім, білік, дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекетін талдау.Тексеру жоспары мына төмендегілерді қамтиды.1. Кадрларға мінездеме беру: аты-жөні, білімі, педстажы, кәсіби біліктілігін көтеруі.2. Нашар үлгіретін оқушылардың білім, білік, ағдыларының жағдайы:• мұғалімдермен әңгімелесу (нашар үлгеретін оқушылардың саны және олардың жеке білім олқылықтарының есебін жүргізуі үлгірмеушілікті болдырмау жұысының әдістері мен түрлері):• бірінші жарты жылдық барысындағы мұғалімнің қойған бағаларын және олардың нармаларға сәйкестігін талдау (бақылау жұмыстарын, оқушылардың дәптерлерін, журналдағы, күнеліктердегі бағаларды талдау);• мұғалімнің сабақ барысында үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі жұмысының түрлері (сыныптағы және үй жұмыстарының саралық сипаты, қателердің алдың алу);• қатемен жұмыс жүйесі және оқушылардың жадынамаларымен саналы түрде жұмыс істей білуі;• оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау жөніндегі әкімшіліктің іс-әрекеті.3. Нашар үлгеретін оқушылармен жұмысты бақылау түрлері.Сабақтағы бақылау бағдаламасы. Оқшылардын үгірмеушілігін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі.Мұғалімнің аты-жөні Пәні Уақыты СыныпСұрау кезінде:• сыныпта достық қарым-қатынастар жағдайы жасала ма?• тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші құралдар қолдануға рұқсат етіле ме?• жауап жоспары беріле ме, үйден жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат етіледі ме?• тақырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріле ме?• оқушылардың унемі қайталанатын қателеріне назар аударыла ма?• оқушының жауабын көтермелеу тәсілі қолданылады ма?• жетістікке жету жағдайы жасала ма?Жаңа тақырып түсіндіру кезінде:• нашар үлгірушілерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы қиындық туғызбай ма?• жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме?• мұғалім нашар үгіретін оқушылардың жана тақырыпты үсіну денгейін анықтап, ескере ме?• тақырыпқа қызығу тұрғызатын құралдар қолданыла ма?• нашар үлгірктін оқушылар әнгімеге тартыла ма?Жаттығу кезінде:• өз бетімен жұмысқа арналған жаттығулар дұрыс таңдалынды ма?• нашар үгіретіндерге өз бетімен жұмыс кезінде жедел көмек көрсетілді ме?• оқушылардын жұмыс жылдамдығы ескеріле ме?• өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланған ба?Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:• үй тапсырмасының көлемі қаншалықты тиімді?• үй тапсырмасына қатемен жұмыс енгізілген бе?• мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме, кездесер қиындықтар жөнінде ескерте ме?• нашар үлгіретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған ба?Ал төменде оқушылармен жұмысты ұйымдастырудын техналогиялық қартасын ұсынып отырмын.Жұмыс түрлеріҚашан? Не үшін?Не жүргізіледі?Қалай?Сабақүстіндегі жұмыс Оқушының даму деңгейін әрі қарай дамуының жақын аймағын анықтау. Үнемі оқушының пәндерді меңгеруін, нәтижелерін есепке алып отыру, диагностикалау. Ақыл-ой дамуының артта қалмауы үшін, пәнді мезгілінде оқып отыруы үшін. Сыныпта микроклимат жасау. Іс-әрекетті алгаритімдеу. Сабақтын қалуға байланысты білімдегі олқылықтарды болдырмау. Қызығуды арттыру. Оқутыдың мотивтердін қалыптастыру. Бақылау картасы. Жұмысқа жаппай сұрауды қосу. Топтарда жұмыс істеу, дайындық кеңестері, білімді түзету сабақтары, тірек конспектірлері, пәндер бойынжадынамалар, карточкалар.Сабақтан тыс жұмыс Қиындықтар туған кезде:1)жаңа материал менгеру кезінде;2)білімдегі олқылықтарды анықтаған кезде.
1.Үлгірмеушілік-ті болдырмау.2.Білімдегі олқылықтарды жою.3.Оқу мотив- терін, қызығуды қалыптастыру. Нашар үлгірушілермен жұмыстағы жеке-тұлғалық әдіс.
1.Жеке және топтык кенестер.2.Үй тапсырмасын орындауға көмектесу.3.Үйірмелерге қатысу, шығармашылық тапсырмалар.Тәрбиежұмысы Пән мұғалімдерінің бақылауына үнемі сүйене отырып 1.Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру.2.Оқу мотивтерін, қызығуды қалыптастыру. 1.Жеке-тұлғалық әдіс. 2.Мәдиниетті орта туғызу. 1.Үйірмелерге, жорықтарға, өзін-өзі басқаруға тарту.2.Сынып сағаттарын өткізу.3.Қызығуына сүйену.Ата-ана-лармен жұмыс Үй тапсырмасын орындамағанда, сабақтан қалғанда,т.б. Жұмыс үздіксіз жүреді. Ата-аналарға педагогикалық көмек көрсету. Үлгермеушіліктің себептерін анықтау. Балалардың біліміне деген бірыңғай талаптардың сақталуы. Оқушының түрін және үлгермеу себептерін анықтау. Үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі ата-аналарға кеңес. Мұғалімдерге арнап үнемі семинарлар ұйымдастыру.Ата-аналарға талаптарды түсіндіру.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.