Баяндама, бастауыш сыныпта жобалар әдісін қолдану
• Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде.
• Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау.
• Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды дұрыс көрдім.
Жобалар әдісі педагогикада жаңалық емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ — та пайда болған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады.
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»
Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс — әрекеті арқылы шешімін табуды алдын — ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.
Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс — әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу болып табылмайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалар әдісінің мәртебесі
(басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады.
Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі мен оның нәтижесіне жаңашыл көзқараспен қарау.
Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс — әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Бірақ бастауыш сынып оқушыларын зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болатыны, болжамды қалай құру керек, эксперимент қалай жасалатыны т. с. с.
Жобалардың түрлері
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
— Жобада басты іс — әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т. б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық);
— Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба;
— Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау);
— байланыстың сипаты: қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;
— жобаға қатысушылардың саны;
— жобаның ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері
(сипаттаудың мүмкін нұсқалары):
Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады:
Жобалар әдісінің кезеңдері
І. Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.
ІІ. Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс — әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс — әрекет келісіледі.
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді; алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады.
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі
Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікірталасқа қатысады, өзіне өзі баға береді, мұғалім бағалайды.
V. Қорытынды.
Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды, олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым — қатынастар арқасында қоғам дағдылары жетілдіріледі. Шығармашылық қабілеттері арттырылады.
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары
Жобалар әдісі оқу үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады (мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі, әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т. б. ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын тежейтін басты мәселе – жобалық тапсырмаларды білім стандарттарының талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды оқушылар орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктері абстрактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады. Өзінің іс — әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік — образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық — бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата — аналарды да қатыстыруға болады.
«Қ. Мұңайтпасов көшесінің кереметтері» жобасы туралы
Екі жыл қатарынан өз сыныбыммен «Астана даңғылдарымен» атты үздік экскурсиялық жаяу жүру бағытының қалалық сайысына қатыстым. 2011жылғы сайыс — еліміздің Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына өткізілсе, 2012 жылғы сайыс — Ұлы отан соғысы жеңісінің 67 — жылдығына арналды. Осындай үлкен жобаларға қатысу үшін көп еңбек ету керек. Бұл сайыстың мақсаты: оқушыларды өз елін, туған жерін, қаласын, мектебін білуге, өз Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу. Ал біз жұмысымыз нәтижелі болу үшін неден бастаймыз деген сұрақ туындады? Мектебіміз 4 шағын ауданында орналасқан. Осы шағын ауданында Қ. Мұңайтпасов көшесі бар. Оқушыларым осы көше атау туралы не біледі екен деп ойландым? Оқушыларымды 3 топқа бөлдім. Әр топқа тапсырмалар берілді. Жобаны «Қ. Мұңайтпасов көшесінің кереметтері» деп атадық. Сұрақтарға жан — жақты ақпараттардан жауап ізденгеннен кейін, жаяу экскурсияға шықтық. Әр топ өз тапсырмаларын қызығушылықпен орындады. Әр оқушы жобаға көтеріңкі көңіл — күймен қатысты, жазған эсселеріне жауапкершілікпен қарады, әр ескерткіштің алдында бастарын иіп тұрды. Келесі күні көрген, білген, естіген ақпараттарын суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазды. Осы жасаған жұмыстың нәтижесін бейнефильмге және фотосуреттерге түсіріп, түрлі слайдтар жасадық. Оқушылармен бірігіп жұмыс жасаған ата — аналардың көмегі зор болды.
Осы жобамыз қалалық сайыста бірінші орынға ие болды.
Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап етеді. Сонымен қатар басында айтылған мәселелерге жауап тапқан сияқтымын
• Оқыту үрдісінде өздігінен жұмыс орындаулары жоғары деңгейде.
• Берілген тапсырманы дұрыс қабылдау және оны толық жүйелі түрде орындау.
• Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алады
Қорытынды
Жобалар жасау арқылы балалар өздерінің жеке қызығушылақтарын көрсетуге ұмтылады. Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша жоба әдісі нәтижесіне жетеді. Мен өзім танып — түсінген нәрселердің маған не үшін қажет екенін, оларды қай жерде, қалай қолдану керек екенін білемін – міне, жоба жасау арқылы оқытып — үйрету әдісі туралы замануи ұғымының негізі осындай. Бұл академиялық білім мен прагматикалық қабілет арасындағы байланысты табуға тырысатын көптеген білім беру жүйесінің назар аударып отырған мәселесі.
Астана қаласы, № 48 мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Жусупова Орынгүл Қабдулқызы