«Бағдаршам» жапсыру

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Бағдаршам» жапсыру

Автор: Қайырбай Амангул Бекболатқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-08


Материал туралы қысқаша түсінік

балаларга багдаршамнын тустерин айту айыра билуге уйрету




Ұымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы.Білім беру саласы: «Жапсыру»Бөлімі: «Жапсыру»Тақырыбы: «Бағдаршам»Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол ережесінің белгілерін есте сақтауға, білуге оны бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Балаларды бір – біріне көмек көрсете білуге, зейінді, ұқыпты болуға тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекіліктер: Бағдаршам, ала жол, май, тратуар, алатаяқ.Әдіс- тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, бекіту.Жаңа сөздер: Бағдаршам – ситафор, жол – дорога, белгі – знак.

Әркеттің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

Мотивациялы – ынталандыру кезең.

1. Кірісне бөлім.Ұйымдастыру кезеңі:Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.Амансыңба Алтын күн!Амансыңба Көк аспан,Амансыңба Жер ана.Амансыңба достарым,Сендерді көрсем қуанам.-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар көшеде жүру тәртібін не басқарады?Дұрыс айтасыңдар балалар. Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейді. Балалар қараңдаршы бізге қонаққа бағдаршамның өзі де келіп қалыпты. Бағдаршам біздің балаларға жолдан дұрыс өту үшін не айтасыз?Өтер кезде жолда,Абайсыз болма.Әуелі қара оңға,Содан соң қара солға.Балалар қараңдаршы бағдаршамның неше көзі бар?Ал, түстері қандай?Қызыл, сары, жасыл түстер нені білдіреді?Балалар біз бағдаршамға арнап тақпақ айттып берейік.Ашса кезек үш көзін,Айтшы деп ұқ үш сөзді Тоқта! Сақтан! Жол ашық!Жүрме жолға таласып.Жақсы балалар өте жақсы айттыңдар.Ал, балалар сендер жиек жол деген не екенін білесіңдер ме?Ол не үшін қажет? Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешесіңдер ме?Көш бойлап аяндайды,Адам тасып аялайды.(автобус)Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта», «Жүр»! дейді.(бағдаршам)

Балалар, тәрбиешіге қарап, жылулық шеңберіне тұрады.

Бағдаршам.

Тақпақ айтамын.Үш көзі бар.

Қызыл, сары, жасыл.Қызыл түс жанса- тоқтаймыз.Сары түс жанса – дайындаламыз.Жасыл түс жанса – жүреміз.

Иә, ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі жол.

Иә.

Ұйымдастыру ізденгіш кезең.

2.Негізгі бөлім.Ал, таяқ ұстанған,Жол тәртібін нұсқаған,Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)Май қызметкері кіреді. Жол ережесі туралы айтады. Мен сендерге жол белгілерін алып келдім. Келіңдер бірге көрейік. Енді мен сендерді тесеріп көрейін сендермен бір ойын ойнайық.«Сиқырлы таяқ» ойыны:Мақсаты: Милиционер аға бағдаршам көздерін көрсетеді. Ал, сендер қимыл – қозғалыспен бағдаршамның атқарған қызметін көрсетесіңдер. Ал, енді балалар үстел басына барайықта, бағдаршам жапсырып үйренейік.Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық,Алақанды ұрайық.Оңға бір, солға бір,Бір отырып, бір тұрып.Бойымызды жазайық.Жақсы, балалар жұмысымызды жалғастырайық.Ал, енді жұмыстарыңды әкеліп мына тақтаға жапсырайық. Дұрыс жапсырдыңдар, түстерді де дұрыс қойыпсыңдар.

Балалар тыңдайды есте сақтайды.

Балалар бірге көреді.

Балалар қызыға ойнайды.

Түстерді дұрыс тауып жапсырады.

Қимыл – қозғалыспен жасайды.

Балалар қуана өз жұмыстарын көрсетеді.

Рефлексиялық түзету кезең.

3.Қортынды бөлім.Балалар бүгін бізге кімдер қонаққа келді?Тағы да кім келді?Сендерге қызықты болды ма?Балаларды мақтау, мадақтау.

Бағдаршам.Милиционер аға келді.Иә.

Нені біледі: Жол қиылысындағы бағдаршамды , жол белгілерін айыра біледі.Қандай түсініктерді игерген: Жол белгілерін, бағдаршамның түсін ажырата білу түсініктерді игеріледі.Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Жолда жүру ережесін қатаң сақтауды.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.