Әжетханада сөйлеме


Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі:
— Ұлым, дәретте отырғаныңда сөйлейтініңді байқадым. Мұның — жаман әдет, — дейді.
— Онда тұрған не бар, әке? — дейді.
— Әрбір сөзді жазып алатын екі иығыңда екі періште отыр. Оның атын кітапта «Кироман-Катибин» дейді. Періштелер — өте пәк жаратылыс. Адам әжетханаға кіргенде, олар лас жерге кірмей тыста тұрады. Сен әжетханада сөйлесең, періштелер сөздерді жазу үшін амалсыз шайтанның үйіне кіруге мәжбүр болады. Бұл — Құдайға ұнамайтын қылық, — деді әкесі.
Бала жаман әдетінен тыйылыпты. «Әжетханада сөйлеуге болмайды» деген ырым осыдан қалыптасқан екен.
loading…