АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ

0

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Жоспар
КІРІСПЕ
1.ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1.1.Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері
1.2.Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2.1.Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы
2.2.Қазақстан – ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік – экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды. Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады.
Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.
Осы мақсат жолында автор өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
oo ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
oo бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы қарым-қатынас үдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері мен түрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдау жасау;
oo Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси, этникалық, діни және мәдени үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға және елдің жалпы дамуына әсерін анықтау;
oo ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтағы Қазақстан мен әртүрлі елдердің екіжақты мүдделерін анықтау;
1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.
КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды. Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті . Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен де көрініп, ТМД мүшелерінің ішкі сауда айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы іс-жүзінде даму жоспарларымен келіспестен толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер де әр түрлі болды. Қара металлургия және энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып, КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды кең масштабта түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Біріншіден, экономиканы синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды ұсыныстар жасалынып, ТМД құру және оның аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды. Қазіргі таңда мемлекеттердің өте алшақ саяси және экономикалық мүдделеріне қарамастан болашақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың бағыт-бағдары жасақталып жатыр. ҚР мен ТМД елдерінің экономикалық кеңістігіндегі шын мәніндегі интеграция – байланыстардың жаңа құрылымы және қатысушылар қүрамының анықталуы, өз елдерІ ішінде жэне мемлекеттер арасында өзара тиімді нарықтық қатынастарды дамыту негізінде жүзеге асырылады.
1.2.Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.
ЕурАзЭҚ – қүрамына Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жэне Тэжікстанды енгізе отырып, Кедендік одақты дамыту үшін үлкен мақсатты – ортақ экономикалық кеңістік пен ортақ рынокты қалыптастыруды, саяси одақ құруды көздеді. Украина, Молдова және Армения бақылаушы мәртебесін алды. 2003жылдың 19-20 ақпанында ЕурАзЭҚ-ның «Бірінші экономикалық форумында» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қауымдастықты құрудың бастамашысы ретінде 2011 жылға арналған негізгі міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі біріккен мемлекеттердің ортақ ақша бірлігін енгізу. Аз уақыттың ішінде дайындалып, 2003 жылдың 23-ақпанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украинаның Біртүтас экономикалық кеңістігін (БЭК) құру туралы Келісімге қол қойылып, бекітілді.. БЭК-тің мақсаты: суперұлттық экономикалық реттеуші ұйым арқылы аймақтық интеграцияға қол жеткізу, сэйкесті заңнамалар мен экономикалық саясатты үйлестіру, сауда және тариф бойынша бірыңғай жүйелеп отыратын мемлекетаралық тәуелсіз комиссия құру. Қазақстан, Ресей, Украина және Түркіменстан президенттері газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы ұсынысқа қол қойды. БЭК-ке қатысушы елдердің экономикалық әлеуеті ТМД-ның барлық әлеуетінен 96%-ға жетеді. Қазақстан, Ресей, Украина мен Белоруссия экономикалық реформалар қарқыны, ортақ байланыс тілі т.б. факторлар бойынша ТМД елдерінің ішіндегі нақты әріптестерге айналып, ал мұндай құрылым құру БСҰ-ға мүше болуға қайшы келмейді. ЕурАзЭҚ кеңістігінде екі жақты сауда-саттық келісімдерге сүйенген еркін сауда тәртібі әрекет етеді. Заңды қүжатталған көп жақты ЕСА шаруашылық байланыстарды және өзара сауда-саттықты ынталандыруға, кедендік одақтың қалыптасуына алғышарттар жасауға қабілетті. 2005 жылы өмірге деген қанағаттылықты білдіру дэрежесі ҚР-да 79%, РФ-да 40%, Белоруссияда-39%, Украинада – 28% болды. Экономикалық жағдайы жақсы деп баға берілген жалғыз ел Қазақстан – 30%, 2005 жылдың күзіне қарай 42%-ға дейін өскен. Басқа елдерде орташа бағалар ауытқып тұрады, мэселен, Белоруссияда – 56 және 18% немесе Ресейде – 45 жэне 10%. 2005 жылдың күзінде Украинада – 2%, немесе жарамсыз және орташа бағалардың тең үлесі көрінеді. БЭК туралы акпараттандырудың дэрежесі Украинада ең жоғары, Қазақстан одан кейінгі орында, ал ең төменгі орында Ресей. Келесі маңызды мәселе, бұл әлдеқайда дамыған ғылыми-техникалык, өндірістік, қаржылық, кадрлық жағынан қуатты елдер. Бұларды толық және нәтижелі қолдану әлдеқайда кең рынокты талап етеді, ал төрттіктің рыногы — 230 млн. адаммен бай, табиғи ресурстары мол елдер. Бұлар іс жүзінде қатысушы елдердің экономикасының негізгі сұраныстарын толығьшен қамтамасыз етеді. Экономика интеграциясы бірінші кезеңнің өзінде-ақ көлік, энергетика, байланыс басқа да қызметтер саласында бір ізге келтіру мен үйлесімділікті қажет етеді.
2.1.Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.
Қазақстан Республикасы төуелсіздікке ие болғаннан кейінгі … жалғасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз