АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ | Скачать Курстық жұмыс

0

С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ ЖШС-і

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Т.А.Ізбасов
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Л.Ө.Дүйсалиева
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-4
І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Азаматтық құқықтың пәні 5-9
1.2 Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде 9-13
ІІ ТАРАУ. АЗАМАТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Азаматтық құқықтың қайнар көздері 14-17
2.2 Азаматтық құқықтың қағидалары 18-23
ҚОРЫТЫНДЫ 24-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге белгілі. Сол салалардың бірі болып табылатын — азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен реттеленетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың пәнін құрайды. Азаматтық заңдар сондай-ақ, тиісті құқық салаларымен реттелмеген жағдайда отбасылық, еңбек, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға да қолданылады.
Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол — мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Курстық жұмыстың өзектілігі: азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі деп есептеуге болады. Өйткені, бұл саламен реттеленетін құқық қатынастарының шеңбері кең. Азаматтық құқығымен реттеленетін қатынастарының түсінігі — реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі материалдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаттары:
— азаматтық құқық пәнін түсіндіру;
— азаматтық құқықтың жүйесін, қағидаларын толықтай ашып, жазу;
— азаматтық құқықтың ұғымын және оның мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— тақырыптың теориялық сипатын ашу;
— құқықтық қоғамда азаматтық құқықтың түсінігін қарастыру;
— азаматтық құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Азаматтық құқықтың пәні

Азаматтық құқық — құқықтың бір саласы. Оның атауы ежелгі уақыттан белгілі. Оны Римдік заңгерлер Римдік азаматтарының құқығы — цивильді құқық деп атады. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың заңды тұлғалармен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақты бөліністерімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының мәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген. Өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатнастар құрайды.
Азаматтық құқық жүйесі әдістері. Мемлекеттегі құқықтық нормалары-ның жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді. Яғни, олар іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқықтар жүйесі 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше. Жалпы бөлімнің 1-бөлімі: Жалпы ережелер. Жалпы бөлімнің 2-бөлімі: Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Жалпы бөлімнің 3-бөлімі: Міндеттемелік құқықтар. Ерекше бөлімнің 4-бөлімі: Міндеттемелердің жекелеген түрлері. Ерекше бөлімнің 5-бөлімі: Интелектуалдық меншік құқығы. Ерекше бөлімнің 6-бөлімі: Мұрагерлік құқық. Ерекше бөлімнің 7-бөлімі: Халықаралық жеке құқық.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқықытық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардың іс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иемдену, не басқа субъектілерге беру барысындағы қатынастар. Бұл қатынастар нарықтық қатынастар барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастарына айналады. Сондықтан, нарық — реттеудің негізгі объектісі болады.
Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамалары екі түрлі жеке мүліктік емес қатынастарды:
1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес;
2) мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарға авторлық, өнертапқыштық сияқты қатынастар жатады. Мысалы, бір ұйымның екінші бір заңды тұлғаның тауарлы белгісін пайдалануы, соңғысына зиян шектіруі, атына кір келтіруі мүмкін.
Мүліктен тыс, мүліктік емес қатынастар, мүліктік қатынастар сияқты емес, басқа фактілердің, басқа субъектілердің арасында пайда болады. Олар мүліктік мазмұны болмайтын, ақшалай бағалауға келмейтін, жеке және заңды тұлғалардан айырмайтын игіліктерге байланысты туындайды.
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет. Азаматтық құқық қатынас адам-дар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары, жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
1) Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;
2) Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар;
3) Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер.
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік — зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері.
Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рәсімдеуге болады.
Азаматтық құқықтық катынастарының жіктелуінің үлкен рөлі бар. Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай — азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:
— азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік және жеке мүліктік емес;
— реттеу тәсіліне байланысты: заттық және міндеттемелік;
— тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті және салыстырмалы;
— қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі және қарапайым болып бөлінеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді және жойылмайды.
Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды.
Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі Азаматтық Кодекстің 7-бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады, біріншісі нақты іс-әрекет негізінде, ал екіншісі оқйға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады. [I: 2; 34-35бб.]
Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б., ал әрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.с.с.. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам әрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды.
Әрекет өз кезегінде құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Кұқықтық емес әрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады.
Ал құқықтық әрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз ететіндіктен, заңдық деректердің көбісін азаматтық құқықты құқықтық әрекеттер құрайды. Бірақ құқықтық әрекеттердің заңдық мағыналары азаматтық құқықта әрқашан бірдей емес.
Барлық құқықтық әрекеттер өзінің заңдық мәні бойынша заңдық әрекет және заңдық актілер деп бөлінеді. Заңдық әрекет — бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық — құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер. Ал заңдық әрекеттерге қарағанда заңдық актілер — бұл осы зардапты арнайы тудыру үшін жасалғанда заңдық зардаптарды тудыратын құқықтық әрекеттер. Заңдық актілер құрамына әкімшілік актілер мен мәлімелелерді жатқызады. Сонымен, азаматтық құқықтағы заңдық деректер келесідей жіктеледі:
а) оқиға және әрекет;
б) құқықа жататын және құқықтық емес әрекеттер;
в) заңдық әрекет және заңдық актілер;
г) әкімшілік актілер мен мәлімелелер. [III: 1; http:lekcia.com; Азаматтық құқықтың пәні]

1.2 Азаматтық құқық ғылым және оқу пәні ретінде

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық кұқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін катынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтык нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық кұқық ғылымы сол кұқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепе-теңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жок бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті. [II: 1; 46-47бб.]
Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.
Заңгер үшін азаматтық-құкықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.
Цивилистикалык ғылымда жалпы ғылыми тәсілдермен катар талдаудың жеке құқықтық әдістері де пайдаланылады. Жалпы ғылыми әдіске материалистік және тарихи әдістер жатады. Жеке құқықтық әдіске азаматтык құкықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты социологиялық зерттеу әдістері (мысалы, статистикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.
Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылымы одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның даму келешегі мен тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білімнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, мемлекет.
Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады. [II: 2; 66-67бб.]
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер, мазмұны және объектілер.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай пайда болғанда ғана пайда болады. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады.
Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құыққ қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері — осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық салдар, яғни белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдылық факті болып табылады. Мысалы, мәміле жасасу, ерлі-зайыптылардың айырылысуы, біреуге әдейілеп зиян келтіру заң әрекеттері болып табылады.
Көп жағдайларда құқықтар мен міндеттер құқық тәртібінде рұқсат етілген әрекеттердің нәтижесінде пайда болып өзгеріп немесе қысқарып отырады. Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер заңды әрекеттер болып табылады. Белгілі бір құқықтық нәтижелер тудыру ниетімен істелген, ерік берілген, заңды әрекеттерге мысал бола алатын, басқаша айтқанда, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
Мәмілелермен қатар, тікелей құқық және міндет тусын деген ниетпен істелмеген, бірақ құқық қатынастарының пайда болуына немесе оның қысқаруына негіз болып табылатын сан түрлі әрекеттер болады. Мұндай әрекеттерге мысал болатындар: некелесу, әдеби шығарма жазу, өнертабыс және т.с.с.
Кейбір әрекеттер құыққ тәртібінде тыйым салынғандықтан ғана , яғни заңсыз болғандықтан құқық қатынастарын тудырады. Мысалы: Азаматтық Кодекстің 917-бабында былай делінген: басқа біреудің жеке басына не мүлкіне немесе заңды тұлғаға зиян келтіруші сол зиянды толық өтеуге міндетті. Зиян келтіру болып табылатын болғандықтан, яғни зиян келтірушіні азаматтық жауапқы тарту салдарын тудыратын заңсыз әрекет болғандықтан зиянды өтеу міндеті зиян келтірушінің еркінен тыс ретте болады. [II: 3; 38-39бб.]

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ
2.1 Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құкықтық нормалардың жиынтығын камтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құкыктық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның кұрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен деп түсінген жөн.
Ішкі салалардың «жалпы бөлімі» мен «жалпы ережелерін» бір-бірінен бөліп карау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле койған жоқ. Аталған саланың «жалпы бөлімі» жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың «жалпы ережелерінде» мұндай дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.
Азаматтық құқық жүйесі төмендегідей ішкі салаларға бөлінеді: «Міндеттемелік құқық», «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар», «Интеллектуалдық меншік құкығы», «Мұрагерлік кұқығы», «Халықаралық жеке құқық», осындай әрбір ішкі саланың өз нормаларына сай келетін «Жалпы ережесі» болады. Оның әркайсысы өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге жіктеледі. Айталық, шарт институты және шарттан тыс міндеттемелік институты деп бөлінеді.
Қазакстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
1. Жалпы бөлім:
І-бөлім. «Жалпы ережелер» (тараулары: азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу; азаматтық құқықтардың субъектілері; азаматтық құқықтар объектілері; мәмілелер; өкілдік және сенімхат; мерзімдерді есептеу; … жалғасы