Атақты режиссер Дэвид Линч сюрреалистік мини-фильм ұсынды

0

Атақты режиссер Дэвид Линч сюрреалистік мини-фильм ұсынды

Кинематография тарихында өзіндік қолтаңбасы арқылы есімі алтын әріптермен жазылатын режиссерлердің бірі — Дэвид Линч. Оған қатысты қандай да бір жаңалық шыға қалса, авторлық кино сүйер қауым елең етпей қоймайды. Сол себепті, маэстро ұсынған жаңа сюрреалистік мини-фильмімен бөліскенді жөн көрдік. 

Режиссер Дэвид Линчтің аудио-визуалды ролигі «Құмырсқа бас» («Ant Head») деп аталады. Мини-фильм қазан айында Лос-Анджелесте өткен Disruption фестиваліне арнайы түсірілген. Бейнебаянда адам басына ұқсас нәрсенің үстін құмырсқалар басып алған. Фонға таңдалған музыка Линч пен композитор Анджело Бадаламенти жақында бірлесе шығарған «Thought Gang» альбомынан алынғаны анық. 

Естеріңізге сала кетейік, Линч пен Бадаламенти алғаш 1986 жылы шыққан атақты «Көк барқыт» фильмінде бірге жұмыс істеген. Бірақ, әлемдік мойындау оларға «Твин Пикс» сериалынан кейін келді.