Ата-анаға көмек болатын 8 ереже

0
Ата-анаға көмек болатын 8 ереже казакша Ата-анаға көмек болатын 8 ереже на казахском языке

Төсегіне жата салысымен ешкімді мазаламай жылдам ұйықтап қалатын бөбек – әр ананың арманы. Өз сәбиіңізді сондай ақылды балалардың қатарына қосқыңыз келсе, төмендегі амалдарды қолданып көріңіз.
Сәбиді өздігінен ұйықтауға ерте жастан үйретіңіз. 2-3 айынан бастап-ақ күні бойы белсенділік танытып шаршап қалған бөбекті әлдилеп, тербетпестен төсекке жатқызыңыз.
Күндіз белгілі бір уақытта баланы төсегіне жатқызып қойыңыз. Ал өзіңіз жанында тұрып онымен сөйлесіңіз. Осы арқылы сәбиді ақырындап өз төсегіне үйретуге болады. Сонда ол бұл орынның қауіпсіз әрі ыңғайлы екеніне көз жеткізеді.
Тек баланы төсекте тым ұзақ уақытқа қалдырудың қажеті жоқ. Ол анасының әркез қасында екенін сезінуі тиіс.
Егер бөбек бөлек төсекке жатудан түбегейлі бас тартса, әзірше оны өз төсегіне жатқызу туралы ойыңызды кейінге шегере тұрыңыз.
Сәбиге өз «ұясын» жасап беріңіз. Ұйқыға жатқан нәресте өзін анасының құрсағында жатқандай сезінгенді жақсы көреді. Сондықтан, маңайына оралған жұмсақ көрпе төсеп, сондай-ақ сүттің иісі сіңген киімдеріңіздің бірін қойсаңыз да болады. Мұндай таныс иіс оны тыныштандырады.
Қолға алып әлдилегенге де көнбейтін бөбектерді жөргектеп қоюға болады. Сонда ол өз қолынан өзі шошып оянбай, тынышталып қалады.
Уақыт өте келе сәбиді бөлмеде өзін жалғыз қалдырып үйретіңіз. Мұндайда оның көңіл күйін сырттай бақылаған дұрыс. Жағдайдың ушығып бара жатқанын байқасаңыз, яғни ол мазасызданып жыласа, бірден қасына барып қолыңызға алыңыз.
Өзіңіз сабырлы болыңыз. Нәресте анасының көңіл күйін өте жақсы сезінеді. Сондықтан, сіз өзіңізге сенімді әрі байсалды болсаңыз, бала да тез тынышталады.