АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ
ЖШС-і
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
ПӘНІ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ
Орындаған: Б.Д.Серікжан
Ғылыми жетекшісі: Л.Ө.Дүйсалиева
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.
Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі
ЖШС-і
Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Азаматтық құқық пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________________________
______________________
Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы:
Дүйсалиева Л.Ө.
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-5
І ТАРАУ. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Ата-аналардың құқықтары және олардың отбасыда қолданылуы 6-11
1.2 Ата-аналардың міндеттері 12-13
ІІ ТАРАУ. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ТҮСІНІГІ МЕН ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Ата-ана құқықтарын шектеу және айыру 14-17
2.2 Ата-ана құқықтарынан шектеудің және айырудың салдары 17-22
ҚОРЫТЫНДЫ 23-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазақстан халқы 2009-жылғы санақ бойынша 16,403,000 адамға жетті.
Қазіргі таңда бұл сан шамамен 17 миллионды құрайды.
Танымал американдық әлеуметтанушы мен психолог Констанция Аронс әлемде
әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасатынын есептеп, дәлелдеген. Америка
Құрама Штаттарында жыл сайын 1 миллион отбасы ажырасады.
Ажырасу әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай
ретінде қабылдана бастады.
Бұл өз кезегінде әрбір адамның жарын өз еркінше таңдауға мүмкіндік
береді. Алайда таңдау кеңістігі кеңейгенмен де отбасы беріктігі нығайып
жатқаны шамалы. Оны еліміздің статистикасынан көруге болады. Мәселен, 2015-
жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 148,769-ды құраған. 2016-жылдың
қаңтар-сәуір айында 39,682 неке заңдастырылған. Неке қию 4,6% төмендеген.
Осы жылдың қаңтар-сәуір айында 16,338 ажырасу фактісі тіркелген.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жоғарыда жазылған статистикалық
мәліметтерді негізге ала отырып, әрбір бұзылған неке – ата-аналардың (ең
болмағанда біреуінің) құқықтарының шектелуіне, одан әрі, ата аналардың (ең
болмағанда біреуінің) құқықтарын айыруға дейін жеткізетіні сөзсіз. Бұл
жағдайлардың бәрі сәйкесінше, отбасыдағы балалардың өмірі мен денсаулығына
үлкен әсер тигізетіні анық. Яғни, отбасыдағы балалардың тағдыры ата-
аналардың өз құқықтары мен міндеттерін қаншалықты толық және кең қолдануына
тікелей тәуелді.
Қазақстан Республикасындағы ата-ананың балаларға қатысты құқықтары мен
міндеттері сақталады. Ата-ананың қасиетті міндеті балаларына қамқорлық
көрсету. Балалар келешек қоғам екенін жұрттын бәрі де біледі. Алайда,
өкінішке орай, осы қарапайым түсінікті ата-аналар бәрі бірдей меңгере
қоймаған. Сондықтан, күн сайын балаларға қамқорлық көрсетуді талап ететін
адамгершілік нормалармен қатар, заң ата-аналар үшін балаларға қамқорлық
көрсету туралы құқықтық міндеттер белгілейді. Заң ата-аналардан балалардың
заңды мүдделерін қанағаттандыруды талап етеді.
Балалардың заңды мүддесі:
1) балалардың денсаулығы;
2) олардың білім жене мамандық алуына белсенді түрде қамкорлық жасау;
3) баланы адамдар, қоғам, мемлекет алдында азаматтық рухта тәрбиелеу.
Мемлекет өз кезегінде отбасының берік болуына белсенді түрде ықпал
жасайды, атап айтқанда, көп балалы отбасына материалдық жәрдем жасайды. Ата-
ана баласын тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі мекемелерге және басқа да оқу
орындарына беруі қажет. Қазақстан Республикасының заңы бойынша орта білім
алуға балалар міндетті болса, оларға оқу жағдай жасап, қамқорлық көрсету –
ата-аналардың міндеті. Бұрын мектеп тек қана мемлекеттік болса, енді білім
беру дәрежесін мемлекеттіктен төмен емес жеке мектептер де құрылып жатыр.
Мұнда жеке мектепті бітіргенде берілетін куәлік мемлекеттік мектептермен
бірдей дәрежеде екенін атап айту керек. Кейбір мектептер (гимназия,
колледждер) жеке ғылым салалары бойынша басқа мектептерге қарағанда терең
білім береді. Мұндай мектептерге балалар өздерінің бейімділігін, қалауына
және мүмкіндігіне қарай орналастырылады.
Ата-ананың борышы – баланы адамгершіліктігі жоғары, қашанда әділдікке
бой ұрған тәрбиелі адам етіп қалыптастырып шығару. Ата-ана өз баласын ең
алдымен ұлттық дәстүрге, инабаттылыкқа тәрбиелейтіні табиғи нәрсе. Осыған
байланысты, балаларды қалай тәрбиелеу керек деген заңды сұрақ туады. Бала
тербиелеу ісі әр халықтың өзінің ғасырлар бойы келе жатқан әдет құрып, салт-
дәстүріне байланысты әдістері бар. Орыс жазушысы әрі ғалымы В. Даль тәрбие
ісіне былай деп анықтама береді: киім-кешекпен қамтамасыз ету, мүддесіне
қамқорлық жасау; тамақтандыруға онша көңіл бөлмесе де болар; киіндіру,
оқытуға, үйретуге, бәрін де білуге баулу; өмірге керек болатын нәрселерге
тәрбиелеуге басты көңіл бөлу.
Курстық жұмыстың мақсаты: ата-аналардың құқықтары және оларды шектеу
туралы мәліметтерді жинақтай отырып, тақырыпты ашу, сонымен қатар ата-
аналардың құқықтары мен міндеттерін тәжірибеде қолдана білу керектігін анық
көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін ажыратып көрсету;
— ата-аналардың құқықтарынан айыру мен ата-аналардың құқықтарын шектеу
ұғымдарын бір-бірінен айыру, яғни олардың әр түрлі ұғымдар екенін дәлелдеу.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі негізгі тараудан,
пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Ата-аналардың құқықтары және олардың отбасыда
қолданылуы
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең болады. Осында
көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа (кәмелетке) толғанда,
сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған кезде тоқтатылады.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны
тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-
аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы
анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз
бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа
толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды,
ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге
асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында
туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және
ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он
төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын
анықтауды талап етуге құқығы бар. [І: 2; 34-35бб.]
Ата-аналар балаларды тәрбилеу жөнінде құқықтары:
1) Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға
дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
2) Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді
балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып,
өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында
келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Балалардың құқықтарын қорғау:
Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген
жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы
өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің
арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін
білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік
болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен
мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға
болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары
қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және
психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян
келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-
қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау
немесе қанау болмауға тиіс. [ІІІ: 1; https:kk.wikipedia.orgwiki; Ата-
ана құқықтары;]
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре
отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға,
оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы
бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың
дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян
келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі
болмауға тиіс. [ІІ: 1; 45-46бб.]
Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-
аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың
мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді.
Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа-
сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен
баланың арасында орын алған қатынастарды, оларды дамыту және тәрбиелеу үшін
балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі,
материалдық және отбасылық жағдайы) ескереді.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге
асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың
біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның
қатысуымен сот шешеді.
Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда
көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата-
ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың
пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу
мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер
болған жағдайлардағана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот
тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Ата-аналар заң немесе сот шешімі негізінсіз баланы өз қолында ұстап
отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған
жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға құқылы.
Ата-аналық құқық – ата-ананың өз балаларын тәрбиелеу құқығы. Ата-аналық
құқық балалардың мүдделеріне сай жүзеге асырылуға тиіс. Ата-ана баласын
коммунизм құрылысшының моральдық кодексі рухында тәрбиелеуге, баланың
шынығып өсуіне, оқуына, қоғамға пайдалы қызметке әзірленуіне қамқорлық
жасауға міндетті. Әке мен шеше бала тәрбиелеуде тең құқылы, олардың
арасында бала тәрбиелеуде туған даулы мәселелерді балаларға қамқорлық
жасайтын ұйымдар шешеді. Ата-ана ажырасып кеткенде де, балалары жөніндегі
мәселеде тең құқылы болып қала береді. Бір-бірінен бөлек тұратын ата-ананың
балалары қайсысының қолында қалатыны туралы дауды сот шешеді. Балалардан
бөлек тұратын әке не шеше баланы тәрбиелеу ісіне қатысуға міндетті,
сондықтан баламен бірге тұратын әке не шеше бұл іске қарсылық жасамауы
керек. Некеде тұрған ата-ана ғана баланы тәрбиелеу жөнінде тең құқылы болып
саналады. Ата-ана өзара некеге тіркелмесе, әкесі заңда қаралған тәртіппен
танылмаса, Ата-аналық құқықны баланың анасы ғана жүзеге асырады. Ата-ана өз
баласын заңсыз ұстап отырған адамдардан өз тәрбиесіне қайтарып алуды сот
арқылы талап етуге құқылы. Ата-ана өздерінің кәмелетке толмаған балаларына
заң бойынша қамқоршы белгілей алады. Қамқоршы адам баланың өзіндік және
мүліктік мүдделерін қорғауға міндетті. Ата-аналық құқық бала кәмелетке
толғанша жүзеге асыралады. [ІІ: 2; 38-39бб.]
Бұл тараптарды қарау кезінде сот баланы ата-анасына беру баланың
мүдделеріне сай келмейді деген қорытындыға келсе, баланың пікірін ескере
отырып, ата-анасының талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
Егер сот ата-анасының да, бала қолындағы адамның да оның дұрыс тәрбие
алуы мен дамуын қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін анықтаса, сот баланы
қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына береді.
Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс.
Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі
қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі
мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян
келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін
кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды
немесе қанауды болғызбауға тиіс. [ІІ: 3; 55-56бб.]
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы:
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның
тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды
мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына,
оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге
тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға
тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды
мекен-жайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн
негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі
бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот
шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және
апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен
баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн
жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының
режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да
осындай жағдайларды) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын
жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен
келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының
қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi
орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-
ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың
пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан,
медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы
бар.
Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
1. Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында
ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау
туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге
құқылы. Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру
баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн
ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға
құқылы.
2. Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті
түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса,
сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның қамқорлығына бередi. [ІІ: 4; 68-69бб.]
1.2 Ата-аналардың міндеттері
Ата-аналардың өз балаларына қатысты мiндеттерi тең болып табылады:
1) Ата-аналардың баланы тәрбиелеуге және оған білім беруді қамтамасыз
етуге міндетті;
2) Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
3) Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған
міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым
құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік
жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз етуге
міндетті.
4) Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге
міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере
отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқылы.
5) Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың
мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу
арқылы ата-аналар шешуге міндетті. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер
болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа
жүгінуге құқылы. [ІІ: 5; 78-79бб.]
Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі
міндеттері:
1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы
өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде
соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауға міндетті.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын
анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-
аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың
құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi. [ІІІ: 2;
http:topreferat.com.kz; Ата-ана міндеттері;]
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айырылған не олар
шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес. [ІІ: 6; 71-
72бб.]
ІІ ТАРАУ. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ШЕКТЕУ ТҮСІНІГІ МЕН
ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Ата-аналардың құқықтарын шектеу және айыру
Ата-аналар құқықтарын шектеу:
Сот баланың мүддесін ескере отырып, баланы ата-анадан (олардың
біреуінен) оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана
құқықтарын шектеу туралы шешім шығара алады.
Егер баланың ата-аналармен (олардың біреуімен) қалуы:
1) ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар
(психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың)
бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-
аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті
негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер
ата-аналар (олардың біреуі) өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және
қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін
алты … жалғасы