Аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу

0
2243

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Кафедра ішкі аурулар пропедевтикасы

Реферат

Тақырыбы: Аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу.

Орындаған:Аралбай А.Ә
Тобы: 310 А ЖМ
Қабылдаған: Тасқынова М.А

Шымкент 2018
oo Жоспар:
I.Кіріспе
oo Аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығы

II.Негізгі бөлім
oo 1)Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функцияоналдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері
oo 2) Сыртқы тыныс қызметін зерттеу

III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықттау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері.
Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдарды объективті симптомдар деп айтады.
Сондықтан науқасты клиникалық тексеру әдістері:
субъективті,
объективті,
зертханалық,
аспаптық болып бөлінеді
Диагноз қою әдістері негізгі және қосымшаға бөлінеді. Негізгі клиникалық әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады. Мейірбике оны әр науқасқа қатысты жүргізу тиіс. Негізгі әдістерден кейін дәрігер ары қарай қандай қосымша тексерулер жүргізу керек екенін шешеді.
Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді арнайы дайындалған мамандар жүргізеді. Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген, цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру әдістері сияқты маңыздылығы зор, кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады.
Әр науқасқа қандай жағдайда қосымша әдістерді жүргізу керектігін дәрігер өз бетінше шешеді. Қосымша зерттеу әдістерін дәрігер тек кейбір жағдайларда ғана тағайындайды: белгілі бір нәтиже алу мақсатында, яғни зерттеу барысында арнайы әдістердің клиникалық диагнозды қою үшін, көлемі минимальді, жеткілікті болу қажет және барлық патологиялық үдерістердің ағу ерекшеліктерін анықтағанда, өз алдына емдеу тактикасы қолданылады. Арнайы диагностикалық әдістерді тағайындағанда, міндетті түрде мына ережелерді орныдау керек: қарапайымнан қыйынға, инвазивті емес әдістен инвазивтіге өту.
Аспаптық талдау әдісінде аналитикалық қасиеттердің сезгіштігі, іріктеу қасиеті, дұрыстығы талдау процесін автоматтандыру жоғары болатын арнайы аспаптардың көмегімен анықтайды. Аспаптық талдау әдісі заттардың физикалық, физика-химиялық қасиеттеріне негізделеді. Көптеген физика-химиялық қасиет спецификалық болып келеді, олар талдаудың сезімталдығын арттырады. Аспаптық талдау әдісінде талдаудың толық автоматтандыруын жүргізуге рұқсат етеді. Оларды сандық талдаумен қатар, заттарды анықтауда кеңінен қолданады. Инструменттік әдістер организмнің ағзалар мен жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға және олардың қызметтер көрсеткіштерін өлшеуге мумкіндік береді (аудиометрия, спирометрия, электрокардиография, электроэнцефалография, реография, т.б.).
Қазіргі кезде ауруханаларда науқастардың жағдайын бақылайтын техникалық құралдар жете зерттеліп дайындалған. Сөйтіп медицинаның көптеген саласында автоматты анықталым (диагностика) және бақылау әдістері кеңінен енгізілді.
Соңғы жылдары емдеу-анықтау істерінде кванттық физика және биофизика жетістіктеріне негізделген биорезонанс тәсілдері кеңінен таралып отыр. Мұнда төменқуатты электромагнит сәулеленісімен (квант) тірі организмнің ақпараттық-қуаттық құрылымдарының өзара әрекеттесуін, гомеостазды қалыптастыру үшін жиі қолданылады. Өйткені тірі организмнен сейілетін сәулеленіс (толқындар) кванттық немесе электромагниттік өрістен құралады. Басқа толқындар іспетті, оларда да организмнің физиологиялық күйін көрсететін қуат және белгілі ақпарат болады. Оның компьютерлік анықтау әдістері (Фоль, Накатана, Акабане т.б.) адамның қалыпты күйінің өзгерістерін, аурудың симптомдары білінбей тұрғанда, ертерек тіркей алады.
Тіршілік кибернетика дәрігерлердің еңбегін өте женілдетеді. Есептегіш құралдарды, алгоритмдерді, әртүрлі бағдарламаларда емдеу және анықтау аппараттарын кеңінен пайдаланып, ақпараттың орасан зор көлемін тез өңдеуге және талдауға мүмкіндік туды. Осыған байланысты иедициналық анықталым орталықтарын ұйымдастыру мәселесінің болашағы зор.

II.Негізгі бөлім:
Аспаптық талдау əдісінің жіктелуі:
1) Спектрлік – заттардың оптикалық қасиетін өлшеуге негізделген.
2) Электрометриялық – ерітіндідегі заттардың электрлік параметрлерін өлшейді.
3) Радиометриялық – заттардың радиоактивтілігін өлшейді
4)Термиялық- сәйкес процестердің жылу эффектісін өлшеуге негізделген
5) Хромотаграфиялық əдіс – əртүрлі заттардың талғамды сорбциялануға қабілетін қолдануға негізделген.
Аспаптық әдістері рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер жатады.
Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопия (грек. endon — ішінде, skopeo — қарау, бақылау) әдісі көзбен шолып зерттеу, ішкі органдардың тексеру арқылы олардың ішкі бетінің оптикалық аспаптардың көмегімен (эндоскоптарды), жабдықталған жарық беру құрылғысымен жабдықталады. Сызба түрінде, кез-келген эндоскоп білдіреді полую түтікке байланысты лампочкой, оны енгізеді саңылау зерттелетін органның немесе қуысына. Конструкциясы тиісті эндоскоп, әрине, байланысты формасы, көлемі, орналасу тереңдігі және сол немесе өзге де орган. Эндоскопиялық ішкі ағзаларды зерттеу әдісі мүмкіндік береді қарауға шырышты анықтауға, деформация, жаралар және қан кету көзі, табу ісік білім және полиптер. Арнайы құрылғылардың көмегімен (2-сурет) эндоскопия суретке түсіруге мүмкіндік береді белгілі бір учаскелері ішкі бетінің зерттелетін органның жүргізуге биопсию (шырышты ауруларының ісік процестері білім беру) микроскопиялық зерттеу үшін, енгізу қажет болған жағдайда дәрілік препараттар.
Эндоскопиялық әдіс:
Бронхоскопия – бронхоскоп аппараты арқылы кеңірдекті және бронх тарамдарын тексереді: шырышты қабатын, қан ағу орнының жерін, ісікті көріп анықтауға болады.
Эзофагоскопия – өңештің шырышты қабатын, оның өзгеруін, ісігін, қан кетуін эзофагоскоп аппараты арқылы көре алатын тексеріс.
Фиброгастроскопия – асқазан мен он екі елі ішекті гастроскоп құралы арқылы тексеретін әдіс. Асқазанның ішкі кілегей қабатын, жарасын, ісігін көзбен көріп анықтайды.
Колоноскопия – колоноскоп аппараты арқылы тоқ ішектің төменгі бөліктерінің сілекейлі қабатындағы өзгерістерді анықтайды. Манипуляцияның алдында міндетті түрде тоқ ішекті тазартып алады.
Ректороманоскопия – тік және сигма тәрізді ішектің шырышты қабатын ректоскоп арқылы зерттейтін әдіс (ішкі кілегей қабатын, жарасын, ісігін, қан ағу орнының жерін т.б. өзгерістерді көзбен көріп анықтайды).
Цистоскопия – цистоскоп арқылы қуықты зерттейтін әдіс. Қуықтың ішкі кілегей қабатынан басқа, зәр аққыштардың қуыққа құятын санлары көрінеді, оның қызметі анықталады.
Пневмоэнцефалография – бас миындағы қарыншалар мен субархнойдальді кеңістіктің оттегіге толуы краниография көмегімен анықталатын әдіс. ПЭГ негізінен травманың паталогиясын, не қабынуды, басми ісіктері мен туа пайда болған ақауларды диагностикалауда қолданылады. Паталогиялық процесстің локализациясына байланысты көрінісі әр түрлі.
Ангиография – ұйқы артериясына контрастты затты енгізу арқылы мидың қантамырлар жағдайын анықтау КТ – ми тіндерінің қабаттарының тығыздығын тіркеуде қолданылатын мидың рентгенодиагностикалық әдісі
Эхоэнцефалография – мидың самай сүйектен медиальді сүйек құрылымын анықтайтын ультра дыбыстық зерттеу әдсі. Оңға және солға бағытталған ультрадыбыстық сигналдарды тіркейді. Осцилоскоп экранында бірнеше сигналдар бақыланады, М-эха сигналын бөліп қараймыз
Реоэнцефалография – бас миы қан тамырларының тонусы мен қан айналымын өлшеуге, анықтауға арналған әдіс. Рэограф тіркеу аппаратымен электроэнцефалографқа не электрокардиографқа жалғанады. РЭГ ми және қан тамырлар құрылымын, барлық қан тамырлар бұзылысы ауруларында қолданылады.

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.
Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Ультрадыбысты диагностика
Ультрадыбысты диагностика тіндердің ультрадыбысты толқынды бейнелеу қабілетіне негізделген.Ең үлкен ультрадыбысты қарсылық, яғни импеданс, екі ортаның шекарасында туындайды – сұйықтық және тығыз тін, ауа және тығыз тін. Қабылдағышта бейнеленген сәулелену сигналы электрлік сигналға ауысады, одан соң ол мониторда жарықтанушы нүктелер түрінде пайда болады.Жарықтанушы нүктелердің жарықтығы эхосигнал қарқындылығына байланысты . Негізінен- тығыз орталар ультрадыбысты бейнелейді, сұйық орталар ультрадыбысты өткізеді, газотәрізді орталар ультрадыбысты өшіреді.Осылайша, ультрадыбыс сұйықтық пен тығыз тіндерді дәл ажыратуға мүмкіндік береді.
УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған:
1. Бір өлшемді зерттеу (эхография)
2. Екі өлшемді зерттеу ( сканирлеу, сонография)
3. Допплерография.
Электрокардиография – жүректің жұмысын электр тоғы арқылы анықтайтын тексеру әдісі. Миокардта әр түрлі биохимиялық дәрістер жүреді. Бұл кардиомиоциттердің мембраналарынан иондардың өтуін тудырады. Нәтижесінде биоэлектрикалық дәріс байқалады – электроқозғалушы жүрек күші электрокардиограмманы (ЭКГ) сызып шығарады. ЭКГ дененің әр түрлі аймағынан белгіленеді. Қазіргі уақытта бізге ЭКГ-нің 12 түрлі электродтық комбинациясы белгілі.
Фонокардиография
Бұл әдіс жүректің дыбысын, шуын графикалық түрде сызып шығарады. Фонокардиограмма ЭКГ- нің ауытқуларымен бірге жазылады, өйткені жүректің дыбыстарын және шуларын систола және диастола кезінде нақты түрде анықтайды. Қазіргі ФКГ жүрек ақауларында қиын естілетін дыбыстарды белгілеу үшін жүргізіледі. Арнайы ФКГ-ға дайындық жүргізу қажет емес.
Флюорография (лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі.

Рентгенологиялық тексеру әдістері
Әр түрлі ағзаларда рентгенологиялық зерттеулер рентгендік сәулелердің әр түрлі аймақтарындағы ұлпалардың сіңіру ерекшеліктеріне негізделген. Рентгендік аппарат рентгендік түтіктен және экраннан тұрады. Рентгендік түтіктен тоқ жібергенде рентгендік қысқа толқынды электромагниттік сәулелену өтеді.Хирургиялық тәжірибеде оларды жүргізудің маңызы зор. Көбінесе асқазан-ішектердің, өкпе және басқа да ағзалардың ауруларында, сүйек-буын жарақаттарында, бұл әдісті кеңінен нақты диагноз қою кезінде қолданады.
Рентген сәулелерінің диагностикалық мүмкіншілігі контраст затын қуыс ағзаларға енгізгенде, оның пішіні мен көлемін анықтағанда маңызы зор.
Асқазан-ішек жолдарын барий сульфатын ауыз арқылы немесе тік ішекке енгізу арқылы зерттейді(ирригоскопия)
Ангиокардиография кезінде, несеп шығару жүйесі мен өт жолдарын зерттеуде суда еритін контрастты заттар(верографин,гиппак,кардиотрас т, омнипак).
Рентгенологиялық диагностиканың әдістері
1. Негізгі әдістер – рентгенография және рентгеноскопия.
2. Томография (қабатты зерттеу) – сызықтық томография және компьютерлік томография.
3. Флюорография
4. Контрасты зерттеу әдістері
5. Интервенционды рентгенология

Магниттік-резонанстық томография (magnetic resonance imaging, MRI), магниттік-резонанстың көмегімен бейнелерді компьютерлік жолмен жасау.Оның көмегімен мидың сұр затын ақ затынан, ісік жасушаларын қалыпты жасушадан ажыратуға болады.Бұл әдісті бас миының, бүйректің, бауырдың, сүйектің,қуық асты безінің ісіктерін және т.б анықтау үшін қолданады.
Зиянды болу қаупі бар рентгендік және гамма-сәулелерді пайдаланбай-ақ магниттік-резонанстың көмегімен алынған құрылымдық және биохимиялық ақпарат медициналық патологияларға диагноз қоюда құндылығы өте жоғары. Бұл технология ісіктерді анықтау және таратпау үшін, жұмсақ ұлпалардан тұратын мидың, жүректің және басқа ағзалардың суретін түсіру үшін баға жетпес құрал. Дегенмен бұл түсірілімді түсіру барысында пациентке ыңғайсыздық тудыратын жіңішке трубада қозғалыссыз жатуы керек.
Компьютерлік томография
Компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүректің атеросклерозы күре тамырының зақымдану деңгейін анықтауға, остеопороз ауруына күдіктенген жағдайда, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Компьютерлік томография рентгенографияның бір әдісі,яғни адам денесінің өлшемі 5 см дейін анықтауға болады.
Аты аталған бұл әдістің тағы бір кемшілігі медицинада суреттерді түсіретін басқа аппарат түрлерімен салыстырғанда бұл құралда сканерлеуге ұзақ уақыт кетеді, бұл өз кезегінде ұлпалық қысқаруға сезімтал болғандықтан, көкірек қуысын немесе асқазанды сканерлеуге жарамсыз етеді. Бірақ МРТ технологиясының артықшылығы басқа технологияларға қарағанда сау мен ауру ұлпалардың айырмашылығы мен қарама-қарсылығын жоғары дәрежеде ала алғандықтан медициналық диагноз қоюда таптырмайтын құрал болып саналады.
Көпқатпарлы КТ алу негізі:
1. Шешілуге жоғары қабілеттілік
2. Кескін алудың жоғары жылдамдығы
3. Зерттелуші аумақтың үлкен созылғыштығы

Функционалдық-аспаптық зерттеу әдістері
Клиникада түрлі ағзалардың функционалдық белсенділігін зерттеуде көптеген әдістер қолданылады. Олар шар бойынша бірнеше топқа бөлеміз.
Бірінші топқа ағзалардың қызметі кезінде пайда болған биопотенцияларды тіркейтін әдістер: олар электрокардиография, электроэнцефалография, электрогастрография, электромиография
Екінші топқа кинетиктер, ағзалардың қозғалыс ширағын және оның өзгеруін тіркейтін әдістер: асқазан-ішек жолдарының әр бөлімінің баллонды кимографиясы, жүрек ұшы кардиографиясы, эзофагогастроскопиясы(сол жақ жүрекшеден өңещшке берілетін қысым ауытқуын тіркеу); баллистокардиография (жүректің жиырылуы және қанның үлкен тамырларындағы қан ағымына байланысты пайда болатын адам денесінің ауытқуларын тіркеу);
Үшінші топқа органдардың қозғалысы не жиырылуы кезіндегі дыбыс құбылыстарын тіркеу әдістері жатады: фонокардиография (жүректің дыбыстарын жазу), фонопневмография және фоноинтестинография(өкпемен ішектегі дыбыстарды тіркеу)

Радиоизотопты зерттеу
Бұл әдіс тіндердің радиоактивті заттарды сіңіру, жұту қабілетімен сипатталады. Қазіргі кезде қалқанша безді, бауырдың, бүйректің, лимфа жүйесінің радиоизотопты зерттеу әдістері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ағзалардың қызметі, құрылымдарының ерекшеліктерін бағалауға болады.

Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. Антропометрияның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Негізінен ер адамның бойының орташа көрсеткіші 165-180см, ал әйел адамдікі- 155-170 см.

Артериялық қысымды өлшеу
Артериялық қан қысымды өлшеудің медициналық маңызы өте зор. Сол жақ қарыншаның систоласына сәйкес келетін максималды (систолалық) және минималды (диастолалық) қысымды ажыратады. Қалыпты жағдайда ересек адамның систолдық қан қысымы орта есеппен алғанда 120-139с.б.б. , диастолдық 80-89 с.б.б. Систолдық және диастолдық қысымның арасындағы айырмашылық тамыр соғу қысымы пульстік деп аталады. Оның көрсеткіші 40-50 с.б.б. Қан қысымын иық артериясынан Коротков тәсілі бойынша анықтайды
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді: 1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);
3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы). Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы əдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне əкеледі. Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын жəне одан СО2 шығуының керекті дəрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады. Өкпе вентилляциясының бұзылыстары. Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады.
Гипервентиляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында, мысалы өкпенің қабынуы, немесе ісіну кездерінде пайда болады. Бұл жағдайларда əрдір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі азайғанына қарамай, оның минөттік көлемі қалыпты деңгейде немесе сəл жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нəтижесінде болаады. Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға əкеледі, осының əсерінен тыныс алу орталығы тежеледі. Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады. Өкпенің гиповентиляциясы өкпеде ауа алмасуының азаюы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін: 1. Өкпенің жəне тыныс жолдарының дерттері (пневмония, пневмосклероз, эмфизема, бронхит ж.б.) кездерінде; … жалғасы