Ашық сабақ жоспары және ашық сабақ сценарийі «Тәуелсіздік пен Елбасы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Ашық сабақ жоспары және ашық сабақ сценарийі «Тәуелсіздік пен Елбасы — егіз ұғым»
Автор: Байтуреев Данияр Шарипбекович
Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 9 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-10
Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сыныптар үшін «Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне» орай ашық сабақ жоспары мен сценарийі сынып жетекшілері үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалсын
2-жүргізуші:
Рахмет жайғасып болсаңыздар, сіздерге ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумақсатында арнайы екі топқа біріктірсек деп отырмыз.Әрине өздеріңіздің таңдауларыңызбен ту немесе елтаңба алып тиісті орындарға жайғасыңыздар. Ендеше осы қажеттіліктер бойынша келесідей сұрақтарға жауап берсеңіздер
Мереке тарихына шолу жасаңыз?
Қоғамда немесе жастар арасында мереке тойланады ма?Бұл мерекенің жеткілікті түрде насихатталуына қандай кедергі бар?Өздеріңіз мектептен тыс кімдерді осы мерекемен құттықтап жатырсыздар?Топтар жауап берген соң келесі кезекті бейне түсірілімге береміз…1-жүргізуші:Ал ендеше келесі кезекте бейнебаянмен жұмыс жасаймыз. Оқушыларға мемлекет пен Елбасы туралы шынайы бейнетүсірілімді тамашалай отырып,екі топтың бірі іс – қимыл ал келесі бір топ сөзге шолу жасап түсіндіреді. Қойылым бойынша ортақ мақал мәтел құрастырады.
- Елбасының мемлекеттегі ролі қандай? (Мақал – мәтел)
- Тәуелсіздік бізге не берді?(Мақал мәтел)
- Егер «Екі ұғым» шын мәнінде егіз болса неге бір күнге қойып тойламасқа?
2-жүргізуші: Рахмет сіздерге келесі кезекті «Воллейбол әдісіне» береміз.Воллейбол әдісі оқушыларды сергіту мақсатымен жасалады.Оқушыларға доп түрінде сөздіктер лақтырылады,ұстаған оқушы бір құндылықты айтып оның өмірдегі маңызына тоқталады. Мысалы: (адамгершілік,ашықтық,сенім,дәстүр,толеранттылық)1-жүргізуші:Қымбатты қонақтар мен қадірменді оқушылар !!!Біз әрмен қарай ашық тәрбие сағатымызды жалғасытырамыз,ендеше келесі кезекте барлығымыз қос мерекені ВЕНН ДИАГРАММАСЫНА салып толтырамыз …Мақсатымыз ұқсастықтар мен айырмашылығын жазу.1-жүргізуші:Рахмет сабағымызды қорытындылау үшін сарапшы маманға сөз берсек…Ал ендігі кезекте барлығымыз «Тәуелсіздік»әнін тамашалайық…Келген қадамдарыңызға рахмет мерекеден мерекеге аман есен жете берейік рахмет!
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.