Ашық сабақ Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы
- Жарықтың түзу сызықты таралу заңын білу
- Жарықтың мөлдір ортадан өткенде бағытын өзгертуін түсіндіру
- Түсу бұрышы мен сыну бұрыштарының синустарының қатынасының Снеллиус заңы екенін білу
- Жарықтың сыну заңының формуласын пайдаланып есептер шығару
- Сыну заңының формуласын пайдаланып ортаның абсалют сыну көрсеткішін анықтау
- Жарықтың таралу жылдамдығының ортаның асалют сыну көрсеткішіне тәуелділігін есептер шығаруда қолдану
Бағалау критерийі
- Жарық таралу заңдарын біледі
- Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде бағытын өзгертетінін біледі.
- Снеллиус заңын сызба түрінде салып, түсіндіре алады.
- Түсу және сыну бұрыштарының синустарының қатынасы арқылы ортаның абсалют сыну көрсеткішін анықтауды есептеп шығара алады
- Сыну заңы формуласын пайдалана отырып, біртекті ортадағы жарықтың жылдамдығын анықтайды
Тілдік мақсаттарЖарықтың сынуы-Жарық сәулелері бір ортадан екінші ортаға сәулелердің бағытының өзгеру құбылысы жарықтың сынуы деп аталадыСыну бұрышы-түскен сәуле (1), сынған сәуле (3) және шегарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықтың бойында жатады.Жазық параллель пластинка — бұл екі жағынан параллель жазықтықтармен шектелген мөлдір дене.Құндылықтарға баулуИндустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалы қөсуЭкономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.Біздің басты міндетіміз – өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілу де, техникалық және кәсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.Пән аралық байланысМатематика – есептер шығару, формула түрлендіру (амалдар қолдану);Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау.Алдыңғы білімБиология пәнінен «Көз» тақырбында мәлімет алғанЖартылыстану – «Жарық көздері» тақырыбында мәлімет алғанАКТ қолдану дағдысыҮй тапсырмасын орындау барысында әлеуметтік желі материалдарын қолданадыОйлау дағдыларыБілу, түсіну, қолдану, еске түсіру, оқылым, жазылым,айтылым, есте сақтау.Сабақ барысыЖоспарланған сабақ кезеңдеріСабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)РесурстарСабақтың басыБілім дағдысы:еске түсіру, ойлау,айтылым.(7 мин)I.Ұйымдастыру кезеңі1.1Сәлемдесу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге байланысты жағымды тілектер айтады.Саламатсыңдарма?.Сендерді көргеніме куаныштымын. ..Сендер дайынсыңдар ма? Біз бастаймыз.ІІ. «Жақсартуға арналған уақыт»-әдіс бойыншаүй тапсырмасына физикалық диктант арқылы тексеру жүргіземін.
- Жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы: …………..
- Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруі жарықтың …………..деп атайды.
- …. сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға
Сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты ….. деп атайды.
- Түскен сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде …. ……….. …. жазықтықта жатады
- …….. …… …….. сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.
- n шамас …. ….. деп аталады
- с= …. м/с
- Сыну көрсеткіші түсу бұрышына …. …. және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттері мен анықталады.
Дескриптор:
- Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын білді.
- Түскен сәуле мен сынған сәулені ажырата алды.
- Тұрақты шамаларды ортаның сыну көрсеткішін мен жарық жылдамдығының мәнін білді.
Кері байланыс беріп отырамын
Сабақтың ортасы
Білім дағдысы: Білу, түсіну, қолдану
(10 мин)
IIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіруЖарықтың сынуы. Жарық сәулелері бір ортадан екінші ортаға сәулелердің бағытының өзгеру құбылысы жарықтың сынуы деп аталады. Бұл құбылыс жарықтың таралу жылдамдығы әртүрлі ортада түрліше болатынының салдары болып табылады.
- Түскен сәуле (1), сынған сәуле (3) және шегарадағы түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықтың бойында жатады (39.2-сурет);
- Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады және екінші ортаның бірінші ортамен салыстырғандағы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады:
«Ойды жинақтау»-әдісі арқылы кесте толтырады1-Тапсырма
Дескриптор:
- Сызбада түскен сәуленің нүктесінде келтірілген пердикуляр сызықты сызды
- Сызбада түскен, шағылған және сынған сәулелерді белгілейді
- Заңдылықты тұжырымдады
- Сыну заңының формуласын пайдаланып сыну бұрышының мәнін анықтады.
Оқулық, маркер, стикер, плакат, транспортир
Кері байланыс беріп отырамын фигуралар арқылы
(11мин)Білім дағдысы: оқылым, жазылым, айтылым, есте сақтау2-тапсырмаIV«Кім жылдам»әдісі бойынша әр топқа есептер беріледі 1-топ Жіңішке жарық шоғы ауадан қандай да бір сұйыққа өтеді. Егер түсу бұрышы 30°, ал сыну бұрышы 15° болса, сұйықтың сыну көрсеткіші қандай? Осы сұйықтағы жарықтың таралу жылдамдығы неге тең? (Жауабы: 1,93; 1,55 · 108 м/с.)2-топ Жарық сәулелері ауадан шыныға өткенде түсу бұрышы 60°, сыну бұрышы 30°. Шыныдағы жарықтың таралу жылдамдығын және толық ішкі шағылудың шектік бұрышын табыңдар (Жауабы: 1,73 · 108 м/с; 35°)3-топ Жарық шоғының слюдаға тусү бұрышы 24 градус болғанда, сыну бұрышы 30 градусқа тең. Жарықтың слюда ішіндегі абсолютті сыну көрсеткішін және таралу жылдамдығын анықтандар.(жауабы: 0,82, 3,66·108м/с)4-топ Жарық шоғы ауадан суға өтеді. Түсу бұрышы 76 градус, сыну бұрышы 47 градус. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар.(жауабы: 1,33, 2,26·108м/с)Дескриптор:1. Есептің мәтінін оқып есеп шартын құрастыра алды.2. Түсу бұрышы мен сыну бұрышының мәнін анықтады 3. Сыну заңының формуласын түрлендіріп есептер шығара алды.8-сынып оқулық«мектеп» баспасыБ.А. Кронгарт, Ш.Б. НасоховаКері байланыс беріп отырамын фигуралар арқылы
(8 мин)Білім дағдысы: Білу, түсіну, қолданужазылым, айтылым3-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» жұптық жұмыс семантикалық карта толтыру.Мына кесте бойынша есептерді шығарыңдарДескриптор:
- Кестеге қарап есеп шартын құрастырды
- Сыну заңының формуласын дұрыс пайдаланды
- Кестені толтырды
Сұрақтар жазылған үлестірмелі кестелерСабақ соңы4 минБілім дағдысы: түсіну білу, қолдану, жазылым, ойланым.4-тапсырма. «Ойлан,ізден, тап»әдісі арқылы Кестенің екі бағанын толтырыңыз, үшінші бағанды үйден толтырып, келесі сабаққа әкелесіз.
«Таңдау»кері байланыс.Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?
- Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын.- Мен сабақта көп нәрсені үйрендім / үйренгенім аз болды.-Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.- Мен пікірсайыстарға жиі / сирек қатыстым.- Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын / риза емеспін.
Үйге тапсырм:§39 23-жаттығу №4,5
Бағалау