Ашық сабақ «Жану үдерісі» 7 сынып

0
Мектеп: Ақтерек ом МДШО және Жаманты бм» КММ Сабақ тақырыбы: Жану үдерісі. Күні: 11.12.18ж Мұғалімнің есімі: Азат Ақерке Бауыржанқызы Сынып: 7 «А» Қатысқандар саны 28 Қатыспағандар саны Сабаққа негізделген оқу мақсаты 7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу;7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;7.3.1.6 -заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу; Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:заттар жанғанда басқа затқа айналатынын біледі, отын түрлерін біледі. Оқушылардың басым бөлігі:жанудың басталуы мен тоқтату жолдарын біледі, өртті болдырмау шараларын біледі.Кейбір оқушылар: жану реакциясының өнімдерін атап, реакция теңдеуін сөзбен жаза алады. Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Жану үрдісі дегеннің не екенін, жану нәтижесінде түзілетін өнімдерді біледі, баяу тотығу ұғымын біледі. Отынның не екенін, оның түрлерін біледі. Жанудың басталуы мен тоқтату жолдарын зерделейді. Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен тіркестер: жану, жану өнімі, оксид, заттардың тұтануы, жануға қажетті құрамдас бөліктер. Құндылықтарды дарыту Оқушыларға жану үрдісін көрсету арқылы экологиялық мәдениетін қалыптастыру.Топпен жұмыс істеу арқылы оқушыларды ынтыматастық пен бірлікке шақыру. Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану пәні. 5- сынып5.1. Энергия түрлері мен көздері АКТ қолдану дағдылары Көрсетілім, интербелсенді тақта Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім 5.3 В Энергия және қозғалыс5.5.1.1 -энергия түрлерін ажырату Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар Басталуы3-5 минут І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.Оқушыларды топқа бөлу: смайликтер артындағы сөздер бойынша.1 топ- жану2 топ- оксидтер3 топ – отын4 топ- оттек Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. — Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! — Ұйымшыл боламыз десек 2 рет — Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Жеке жұмыс «Менен сұрақ, сенен жауап әдісі»диалог жүргізу арқылы сұрақ-жауап барысында оқушының үй тапсырмасын қаншалықты меңгергендігін бақылау.«Әріптер» арқылы сұрау. Оқушыларға әріптерді таратып беремін. Өзім бір әріпті таңдаймын, сұрақ қоямын, сол әріпі бар оқушы сұраққа жауап береді.

  • Ауаны сипаттаңыз.
  • Ауа таза зат па әлде қоспа ма?
  • Ауа құрамындағы тұрақты газарды ата?
  • Қай ғалым ауаның құрамын анықтаған?
  • Жануды қолдамайтын газды ата?
  • Ауа құрамындағы газдардың пайыздық мөлшері?
  • Тыныс алуға жарамды газ?
  • Қандай инертті газдарды білесіңдер?
  • Дескриптор:— сұрақтарға нақты жауап береді.-ауаны сипаттайды-ауа құрамындағы тұрақты газдарды атайды— ауа құрамын анықтаған ғалымды айтады.— ауа құрамын айтады-жануды қолдамайтын және тыныс алуға жарамды газды атайды— инертті газдарды атайды.Қ.Б. Жақсы, өте жақсы. Жақсы жауап бердіңдер.Мағынаны тану. Балалар мен сендерге қазір бір құбылыс көрсетемін, ол қандай құбылыс екенін анықтаймыз. Сіріңкені алып, тұтандырамын. Сонымен бұл қандай құбылыс: «Жану» құбылысы.

    Смайлик-тер

    Әріптер жазылған парақтар

    Сіріңке

    Ортасы20-25 минут7 мин

    10 мин

    Білу және түсіну.ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Джигсо әдісі .
  • 1 топ 55 беттегі мәтін2 топ-56 беттегі мәтін3 топ 57 беттегі мәтін4 топ 55 беттегі мәтінВидеоролик көрсету.Фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте жануы.

  • Әр топқа арнайы тапсырмалар беру.
  • 1 топ – Сөйлемді толықтыр.2 топ – Сызбанұсқаны жүзеге асыр.3 топ – Анықтама бер. 4 топ – Сұраққа жауап.1 топ.

  • ….. жылу және жарық бөле жүріп, тотыға……
  • Оксидтер — ……….. екі……… біреуі оттек……
  • Заттар ауаға қарағанда оттекте…….
  • Жай заттардың ……әрекеттесу сызбасы……..
  • Көміртек + ………
  • ….+… күкірт (ІҮ) оксиді……. көк жалынмен….. өткір иісті улы газ.
  • Фосфор + …….. ақ түтін түзе жанады.
  • Дескриптор

  • Сөйлемдегі сөздерді толықтырады
  • Жанудың анықтамасын айтады.
  • Оксидтерге анықтама береді.
  • Көміртек, фосфор, күкірттің оттекпен әректтесуін жазып, түсіндіреді.
  • 2 топ. Баяу тотығу деген не? Мысалы:

    Жану отын отын Дегеніміз түрлері

    Мыстың оттектеЖануы темірдің жануы

    балауыз шамның жануыДескриптор:

  • Сызбанұсқадағы бос жерлерді толықтырады.
  • Баяу тотығуға анықтама беріп, мысалдар келтіреді.
  • Отын және отын түрлерін атайды, мысал келтіреді.
  • Темірдің, мыстың оттекте жану реакциясын жазып, түсіндіреді.
  • Балауыз шамының жануын түсіндіреді.
  • 3 топ. Жанудың 3 құраушысы болады. Олар

    Өртті сөндіру үшін не істеуге болады?

    Дескриптор:

  • Сызбанұсқаны жүзеге асырады
  • Жанудың 3 құраушысын жазып, атайды
  • Өртті сөндірудің 6 әдісін жазып, атайды.
  • 4 топ. Сұраққа жауап.

  • Жану дегеніміз не?
  • Оксидтер дегеніміз қандай заттар?
  • Жай заттың оттекпен әрекеттесу сызбанұсқасы?
  • Көміртек пен оттегі қалай әрекеттеседі?
  • Күкірттің жануы?
  • Фосфордың жануы қалай жүзеге асады?
  • Жануды тоқтату үшін екі әдіс ұсыныңыз?
  • Дескриптор:

  • Сұрақтарға толық жауап береді
  • Жану мен оксидтерге анықтама береді.
  • Жай заттың оттекпен әрекеттесу сызбанұсқасын жазады.
  • Көміртек, күкірт, фосфордың жануын жазып, түсіндіреді.
  • ҚБ. Топтар бір-бірін «Шапалақтау» арқылы бағалайды. Интерактивті тақта.

    Оқулық

    Әр топқа арналған парақтар.

    Сергіту сәті1 мин «Химиялық ойын» Жанатын және жанбайтын заттарды атаймын. Егер жанатын зат аталса, онда қыздар орнынан тұрады, ал егер жанбайтын зат аталса, онда ұлдар тұрады.Заттар: бензин, тас, ағаш, пластмасса, шыны, табиғи газ, су, көмір, қағаз, құм, спирт, май. 7 мин Жұптық жұмыс.«Кім жылдам» әдісі.Оқушылар кестеге жаңа тақырыпқа байланысты жану реакциясын аяқтап, оксидтердің атауын атайды.Дескриптор

  • Оқушылар элементтердің оттекте жанатынын біледі.
  • Оксидтерді таниды.
  • Жұптар бір-бірін «Көрші-көрші» әдісі бойынша бағалайды. Аяқталуы7 минут

    2 мин

    Жеке жұмыс.Сәйкестендіру. Оқушылар өзін- өзі бағалайды. Дескриптор.

  • Анықтамаларды сәйкестендіреді.
  • Кері байланыс.«Бес саусақ» әдісі:Әр саусақтың –өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларыңызды жазасыздар.Бас бақмақ-мен үшін тақырып маңызды және қызық болды.Сұқ саусақ-маған қиын болды.Ортаншы саусақ- маған сабақтағы ұнамаған тұсы.Төртінші саусақ- менің көңіл күйім.Бесінші саусақ- менің ұсынысым. Тапсырманы әр оқушыға таратып беру.

    Саусақ пішінді парақтарды таратып беру.

    Үйтапсыр-масы1 мин § 9 тақырыпты оқып, 58 беттегі 7-8 тапсырмаларды орындау. Қосымша ақпарат Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға жұптық жұмысты орындауда алдын ала дайындалған тапсырмалар беріледі, жұптық жұмысын бағалауда көрші жұптың оқушылары олардың жұмыстарын өз жұмыстарымен салыстыра отырып, өз тапсырмаларының орындалуында қателіктер немесе қиындықтар туындаған жағдайда түзетулер енгізуге мүмкіндік алады. Топтар бір-бірін «Шапалақтау» арқылы бағалайды.Жұптар бір-бірін «Көрші-көрші» әдісі бойынша бағалайды.Оқушылар өзін-өзі бағалау.Оқушылардың үйренгенін тексеруді тиімді бағалау әдістері арқылы жоспарлаймын -жаратылыстану, физикада химиядағы термин сөздер көп кездеседі.-Тақырыпты толық түсінуде АКТ маңызды-топтық жұмыста проблемаларды шешу қабілеті, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті құндылықтары байқалады.