Ашық сабақ «Тянь-Шань тауы. Шоқан Уәлихановтың зерттеулері» 8 сынып
Автор: Спанова Маржан Аргыновна
Бағыты: География Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-06
Материал туралы қысқаша түсінік
Тянь-Шань ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.
Сабақ №56/57Күні: Сынып: 8 «А»Тақырыбы: Тянь-Шань тауы. Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріМақсаты: Білімділік: Тянь-Шань ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту. Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру. Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.Сабақтың түрі: ашық сабақҚұрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, интербелсенді тақта, слайд, кеспе қағаздар, асықтар.
Кезең | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті |
1 | Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Топқа бөледі. | Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. |
2
3 |
Үй тапсырмасын сұрау. Тест тапсырмасы арқылы (10 сұрақ)1. Сауырдың ең биік нүктесі? А) Мұзтау В) Тастау С) Аспан тау2. Ыбырай кімнің тәрбиесінде болды? А) ағасы Мұхаммед В) атасы Балқожа С) туысы Нығмет3. Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан тау? А) Жоңғар Алатауы В) Тянь-Шань С) Алтай4. Ыбырайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізгендер?А) Д. Байрон, А. Пушкин В) Әл-Фараби С) К. Ушинский, Я. Коменский5. … солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан, Қара Ертіс аралығында жатыр? А) Кенді Алтай В) Қалба жотасы С) Оңтүстік Алтай6. Қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп қай жылы ашылды? А) 1861ж. В) 1864ж. С) 1866ж.7. Қорғалжың қорығы қай жылы құрылды? А) 1968ж В) 1986ж С) 1974ж 8. Ыбырайдың «Азған елдің билері», «Әй жігіттер!» «Ана» атты өлеңдерінде қандай сипат басым? А) адамгершілік-ғибраттық В) ерлік С) әдет-ғұрып9. Тарбағатай тауының биік нүктесі? А) Тастау В) Мұзтау С) Үлкен Боқтыбай10. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған жыл? А) 1880 ж. В) 1882 ж. С) 1879 ж.
Тақырыпты ашу. «Жұмбақ арқылы ашу»Географиялық орны Тянь-Шань Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталарыҚазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайғақарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау – Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.Жер бедері, геологиялық құрылысы Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Қле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м). Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән. Шоқан Уалихановтың зерттеулеріКлиматы мен өзендері Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 – 25С, орта өңірде 15 – 17С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2 – 4С (оңтүстікте), –6 – 8С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарларықызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішіндеАқсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылыАлматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркі кұрылды. |
Оқушылар тест тапсырмасын жылдам, әрі нақты түрде жауап беріп , өздері тексереді.
1. А. 2. В. 3. С. 4. С. 5. С.6. В. 7. А. 8. А. 9. А. 10. С. Оқушылар Тянь-Шань туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.Тянь-Шань тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады. Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді. |
4 | Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді, постер қорғауІ топ — Ірі тау жүйелеріІІ топ – Шоқан Уалихановтың зерттеулеріІІІ топ – Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары | Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. |
5. | Сергіту сәті;1. Балама тест(ия немес жоқ)1. Тянь-Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесі2. Ең биік шыңы « Мұзтау»3. 1847 ж Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті 4. «Қырғыздың ең соңғы ханзадасының отауында» еңбегінің авторы Ф. М. Достоевский. 5. Хантәңірі шыңының биіктігі (6995 м)6. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм7. 1853 ж. Шоқан кадет корпусын корнет офицер шенімен бітірді8. 1857 ж. Уалиханов орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды9. Іле Алатауындағы ең ірі мұздық Корженевский10. 1926 жылы Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды.
2. Сабақты қалай меңгердік?І топ 1. силур мен девонның құмтастарынан, эффузивті, төменгі палеозойдың….2. 1835 ж. Мұхамедханафия, Абылай хан ІІ топ 1. биік нүкте, П.П. Семенов, 4566 2. Шоқан, сурет, топограф ІІІ топ 1. 1926, Ақсу-Жабағалы, жылы 2. 1858 ж, Қашғария, Р. Шлагинвейт |
Оқушылар жылдам әрі нақты жауап береді
1. Ия 2. Жоқ 3. Ия 4. Жоқ 5. Ия 6. Жоқ 7. И я 8. Ия 9. Ия 10. ия І топ 1.Іле Алатауы силур мен девонның құмтастарынан, порфир мен порфириттерден құралған төменгі палеозойдың эффузивті шөгінділерінен түзілген. 2. 1835 жылы Шоқан Құсмұрында туған. Оның шын есімі Мұхамедханафия. Оның арғы бабасы Абылай хан айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. ІІ топ 1.Қырғыз жотасының ең биік нүктесі- П. П. Семенов шыңы, биіктігі 4566м2. Шоқан сурет салуды ерте үйренді. Бұл өнерді оған орыс суретшілері, топографтары мен геодезистері үйретті.ІІІ топ- 1.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау үшін 1926 жылы Ақсу-Жабағалы қорығы ұйымдастырылды.2. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғар саяхатына барып қайтты.Неміс ғалымы Р.Шлагинвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтқан саяхаты қайғымен аяқталған болатын. |
6. | Сабақты бекіту; Асық ойыны (картамен жұмыс)1. Қазақстанның 9 ірі аймағын көрсету2. Жалпы Сырт қай жазықта орналасқан?3. Бетпақдаланың биік шыңы не деп аталады?4. Мойынқұм қай жазыққа жатады?5. Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстанға қай тұсы кіреді?6. Ертіс өзенінің алабы, түсіндір.
Таудың биік шыңына жету 1. Шоқан ғұмырының соңғы жылын кімнің ауылында өткізді?2. Кіші, Үлкен Алматы алабында ылғалдың ең көп түсетін кезі?3. 1865 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған Шоқанға, ескерткіш пен құлпытас орнатқан кім?4. Іле Алатауында 484 км2 алқапты алып жатқан мұздықтардың жалпы саны?5. Шоқан Уалиханов «Шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды»- деп жазған кім?6. Солтүстік-шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана Қазақстанға кіретін қай тау жотасы? |
Картамен, тақтамен жұмыс
1. Тезек сұлтан 2. Мамыр айы 3. Лепольд Ластовский 4. 380 мұздық бар 5. И. Н. Веселовский 6. Күнгей Алатауы |
7 | Оқушылар сабақ барысында жинаған ұпайларын қосып есептеп, өздерін бағалайды | Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады. |
8 | Үй тапсырмасы Тянь-Шань тауы мен Шоқан Уалихановты мазмұндау | |
9 | Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды. | Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.