Ашық сабақ Тәуелсіздік тұғырым 10 сынып

0

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 10 сынып

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.

Тексерілді: О. Сапаров Сайыс сабақ 11.12.2018ж.

Сабақтың тақырыбы: « Тәуелсіздік тұғырым»Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың  білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.Көрнекілігі:  Слайд, плакат, буклет.Сайыстың түрі: танымдық сайыс.Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, көрінісСайысқа қатысушылар: 2 топ (10В- сынып): «Тәуелсіздік» тобы. «Желтоқсан» тобы.Сайыстың барысы:І. Кіріспе.Әнұран орындалады.                       Атыңнан айналайын егемен ел,Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,Ғасырдың тойы болшы келе берер!         Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің « Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы аясында өтетін  сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Әрқашанда білім көптік етпеген,Талапсыз жан мұратына жетпеген.Сәлем бердік ұландарға талапкер,Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен, — дей отыра бүгінгі сайысымыздың үміткерлерімен танысайық:І топ – «Тәуелсіздік» тобыІІ топ – «Желтоқсан» тобы.  Қазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Бүгінгі оқушылар сайысында,Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.Бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

  • ______________________________________________
  • ______________________________________________
  • ______________________________________________

ІІ. Сайыстың кезеңдері.          Бүгінгі біздің сайысымыз мынандай 7 кезеңнен тұрады:

І кезең «Таныстыру»(топтың аты, ұраны, төс белгі)ІІ кезең «Қанат қақты»(топ басшыларына сұрақтар)ІІІ кезең « Самғау» (даталар сөйлейді)ІV кезең«Жерұйық» (мына  сөзді кім айтқан)V кезең «Шырқау» (ән айту немесе өлең оқу)VІ кезең «Көрініс» ( сахналық қойылым)

Әрқашанда алды бол,Артыңдағыны ұмытпа!Болашағыңды бүгіннен ойла,Тарихыңды ұмытпа!«Ал,  іске сәт!» дей отырып сайысымызды бастайық.      І кезең «Таныстыру»   Әдеппен,ізетпен танысуға, дей келе,сайыстың алғы шарты- «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді.)

Білімдіден шығады алғыр шешен,Шешендікпен болған ғой барлық көсем.Сайра шәкірт, суырып шарықташы,Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

ІІ кезең «Қанат қақты»(топ басшылар сайысы)Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.І – «Тәуелсіздік» тобына сұрақтар:

  • Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)
  • ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда,

Алматы, Астана)

  • Астана қаласының құрылғанына неше жыл толды? 20жыл.
  • ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков,

Шот Аман Уәлиханов)

  • Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)
  • 2015жылы өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол -– болашаққа бастар жол)
  • Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
  • Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел? (Түркия)
  • «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай?

(Болашақ қуаты, энергиясы)  10.Желтоқсан оқиғасына неше жыл толды? 32жыл. ІІ – «Желтоқсан» тобына сұрақтар:

  • Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
  • Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  • Түркі халықтарының рухани және саяси орталығы болып қай қала саналады? (Түркістан қаласы)
  • Елтаңбаларды зерттейтін ғылым? (Геральдика)
  • Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)
  • Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)
  • Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын ата?

(Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова) 8. Абылай хан қай жылдары билік құрды? (1771-1781жж) 9. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі? (Үкімет басына Колбиннің келуі)10. «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі қай уақытта болды? (10маусым – 10Қыркүйек)

Келесі  ІІІ кезең «Самғау» (жылдар сөйлейді) , яғни әр топтың мүшелері слайдта көрсетілген даталардың  сырын ашу керек, І- топ бастайды:   І – «Тәуелсіздік» тобы ІІ – «Желтоқсан» тобы

  • 1986 жыл 16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы
  • 1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент сайланды
  • 1991 жыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды
  • 1992 жыл 2 наурыз – БҰҰ-на мүше болды.
  • 1992 жыл 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды
  • 1993 жыл 28 қаңтар – Тұңғыш Конституция қабылданды
  • 1993 жыл 15 қараша – Ұлттық валюта –теңге айналымға енді
  • 1995 жыл 30 тамыз – Жаңа Конституция қабылданды
  • 1998 жыл 6 мамыр — жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
  • 2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.

Тауды биік деме сен,Талаптансаң шығарсың.Қарсылас  мықты деме сен,Білімді болсаң ұтарсың!ІV кезең «Жерұйық»  мына сөзді кім айтқан және тұлғаны таныстыру.

1.«Күнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар,Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным бар ,Алам десең, алыңдар!»  (Қайрат Рысқұлбеков)

  • «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» Н.Ә.Назарбаев
  • «Біз қазақпыз, қазақпыз!

Өмір керек азапсыз. Ел боламыз егемен, Сонда ғана азатпыз!» (Ләззат Асанова)

  • «Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады» (Д.А.Қонаев)

V кезең «Шырқау»  Мәнерлеп өлең оқу.Тәуелсіздік таңы сендер, білемін.Болашаққа бар білімін берерін.Барыс текті жастар, сендер, білемін,Жалындатып биік шыңда жүрерін, — дей отырып, келесі кезеңімізVI кезең «Көрініс» сахналық қойылым.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»— демекші, бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге, Тура төрелік жасаған әділ қазыларға, Қадірлі қонақтарғаҮлкен рахметімізді айтамыз! Осымен бүгінгі « Тәуелсіздік тұғырым» атты сайысымыз аяқталды, әрқашан еңсеміз биік, жүрісіміз нық, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.