Ашық сабақ Шаршамаймын десең 5-сынып

0
Пәні: Қазақ тілі Күні: 27.04.2018 ж. Сыныбы: 5 «А» Сабақтың тақырыбы: Шаршамаймын десең… Сабақтың мақсаты: 5.1.5.1 – тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру:5.4.4.1 – жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, т.б. Көрнекілігі: Қима қағаздар, кесте, интерактивті тақта, слайдтар Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті Ұйымдастыру кезеңі: І. «Психологиялық тренинг»1.Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне тілектер айтады.2.Топқа бөлу1-топ. Сергектік.2-топ. Зеректік.3-топ. Көңілділік.ІІ. Оқушыларды түгендеу.ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жаңа сабақ:Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңдар. Ойтүрткі: Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Көрші қыздың көңілді жүруінің сыры неде?
  • Қандай көңіл-күйдегі адам тез шаршайды?
  • Себебі неде деп ойлайсыңдар?
  • Достарыңа бақылау жүргізіп көріңдер.
  • Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей. Мәтіндегі жағымды және жағымсыз әрекеттерді білдіретін сөздерді бөліп жазыңдар.2-деңгей. Шаршаған кезде немен айналысатындарың туралы сұхбат құрып, 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.3-деңгей. Өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін достарыңа қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? Тізімін жасаңдар. Ой қорыту: І. Абайдың нақыл сөздері.ІІ. «Артық болмас білгенің» айдарында берілген мәліметтерді негізге ала отырып, «Қос жазба күнделігін» толтырады. Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды. Жауаптарға сәйкес бояйды. Үй тапсырмасы: Көңіл-күйді көтеретін сөздерді тауып жазып, оларды тұлғасы мен құрамына қарай талдайды. Бағалау: Топ басшылары бағалау парағы бойынша топтағы белсенді оқушыларды бағалайды.