Ашық сабақ Ойынның идеясын анықтау 6 сынып

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Информатика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 6 сынып

«Ойынның идеясын анықтау» атты сабақ жоспары 6-сыныптың информатика пәні оқулығына сай білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында әзірленді. Сабақ жоспарының соңында сабақ бойынша саралау жұмысы, бағалау жүйесі және қорытынды рефлексия жазылған.

13 шілде
2018 жыл
Бейнеу ауданының әкімдігінің Бейнеу гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
информатика пәні мұғалімі
Жеткизгенова Кунжаксы Таубаевна

6-сынып
информатика
Қатысқандар: 12
Қатыспағандар: 0

4-бөлім. Компьютерлік ойындарды әзірлеу
17-сабақ. Сабақ тақырыбы: Ойынның идеясын анықтау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
6. 3. 2. 1 – есептің шешімін кезеңмен талдау

Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Компьютерлік ойын және жанр ұғымдарын түсініп, Scratch программалау ортасында ойынды құру кезеңдерімен танысу;
Оқушылардың басым бөлігі:
Ойын құру кезеңдерін талдау;
Кейбір оқушылар:
Ойынды жобалауды дұрыс орындау маңыздылығын саралау

Бағалау критерийлері:
Компьютерлік ойын және жанр ұғымдарын түсініп, Scratch программалау ортасында ойынды құру кезеңдерімен танысады;
Ойын құру кезеңдерін талдайды;
Ойынды жобалауды дұрыс орындау маңыздылығын саралайды

Тілдік мақсаттар:
Тілдік дағдылар:
Жаңа сабақта мәтінді тыңдап, жалпы сұрақтарға жауап береді, мәселе бойынша өз ойын (пікірін) білдіреді, командаларды қолданып скрипт жазады
Терминология:
компьютерлік ойын – компьютерная игра – computer game,
Сөз тіркестері:
спрайт, сахна, скрипт, блок, команда, батырма, әмір, терезе

Құндылықтарды дарыту:
тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру; өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру; компьютерлік ойынның пайдасы мен зияны туралы саналарына сіңіру

Пәнаралық байланыстар:
орыс тілі – блоктардың командаларынан скрипт құру;
бейнелеу – ойын нысандарының өзара байланысуы;

АКТ қолдану дағдылары:
тақырыпқа байланысты таныстырылым, интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу:
Scratch ойын программалау ортасының интерфейсін білу

Ж О С П А Р

Жоспарланған
кезең, уақыт
Жоспарланған жаттығулар
Ресурстар

Сабақтың
басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
1 мин.
Мұғалім мен оқушылар амандасады.
Сабаққа қатысты тексеру

Топқа бөлу
1 мин.
Мозайка әдісі. Оқушылар қиындыларды құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.

Ой қозғау
2 мин.
Шыққан суреттеріңе сипаттама беріңіздер
Scratch программалау ортасы не үшін қолданылады?
Қандай компьютерлік ойындарды білесіңдер?
Scratch программалау ортасы

Сабақтың
ортасы
Миға шабуыл
1 мин.
Компьютерлік ойындар қалай әзірленеді?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау
слайд,
интербелсенді тақта

Жаңа сабақты ұғыну
10 мин.
Суреттер сөйлейді әдісі. Интербелсенді тақтада тақырыпқа қатысты суреттер дыбыстық сүйемелдеу арқылы көрсетіледі.
1-тапсырма. (Т). Бір минуттық әңгіме тәсілі арқылы білім алушылардың ақпарат алу дағдысын қалыптастыру. Білім алушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұпта пікірлесіп, топта талқылау арқылы түйінді пікірлерінін төмендегі тақырып аясында постерге салады.
І топ. Ойынды құру кезеңдері
ІІ топ. Ойын құру идеясы
Бағалау критерийлері
Дескриптор

Аудиожазба мазмұнын тыңдап, мәселені түсінеді
Мазмұнын мұқият тыңдап, ұғынады

Мазмұнын жеткізе алады

Негіз болатын тірек сөздерді анықтайды
Тірек сөздерді таба алады, ажыратады

Сұрақтар қою, жауап беру
Мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады

Сұрақтарға жауап бере алады

Білім алушылар ойын құру кезеңі және ойын құру идеясының үш этапын атап оларға сипаттама береді
фототаныстырылым,
3 минуттық аудиожазба, А3 парағы, маркерлер,

Бекіту
15 мин.
2-тапсырма. (С) Кинометафора әдісі арқылы ойынның құру кезеңдерін талдау. Бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой пікірлерін білу
Ойынның мақсаты ….
Ойынның идеясы ….
Ойын ….. жанр түріне жатады, себебі …. іс-әрекеттер бар
Қай жерде және қашан жүзеге асады?
Программалық кодқа түсініктеме беріңіздер
Оқушылардың әр жауабы жетондар арқылы бағаланады.
Дескриптор:
Ойын мақсатын анықтайды
Ойын идеясын анықтайды
Ойындағы іс-әрекеттер бойынша жанр түрін анықтайды
Ойынның жүру ортасын анықтайды
Программалық кодына ауызша түсінік береді
Қалыптастырушы бағалау сары түсті суретті жетондар арқылы жүзеге асырылады
3-тапсырма. (С) Ашық микрофон әдісі арқылы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.
Ойынды жобалауды дұрыс орындау маңыздылығын саралайды
Оқушылардың жауабы мадақтау арқылы бағаланады. Жарайсың!, Жауабың тамаша!, Белсенділік таныттың!, Пікірің құнды!, Өте жақсы!, Ойың анық!, Өзіндік ойыңды дәлелдедің!, Сенемін!, Сенің қолыңнан келеді!, Талпынысың жақсы!, т.б. қолдау көрсету

Сабақтың аяқталуы
Бағалау
4 мин
Білім алушылар өздерінің сабақ үдерісіндегі
іс-әрекетін бағалайды

Топтық жұмыстағы + сабақты бекітуде жинақтаған жетондары = бағалау шәкілі
9-10 ұпай – Өте жақсы!
7-8 ұпай – Керемет!
5-6 ұпай – Жарайсың!

Бағалау, кері байланыс
5 мин.
Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ойы туралы жазады

стикерлер

Үйге тапсырма беру, 1 мин.
scratch.mit.edu сайтындағы ойындарды қарап шығу

Қосымша ақпарат

Саралау
Сабақ білім алушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Мозайка әдісі бойынша тоқа бөлуден басталады. Қиындыларды құрастыру барысында, білім алушылардың алдыңғы оқу жылында өткен Scratch программалау ортасының интерфейсін еске түсіреді.
Білім алушылар жауаптары ескеріліп, жеке, жұптық, сынып жұмыстарына қатысы қадағаланады. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды. Кері байланыс арқылы бағыттау, мадақтау көмегімен оларға қолдау көрсетіледі

Бағалау
Білім алушыларды бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді. Қалыптастырушы бағалау сары түсті суретті жетондар арқылы жүзеге асырылады. «Сары түс» — «скретч түсіне сәйкес» дегенді білдірсе, жетон бетінде спрайт суреті бейнеленген. Жетонның келесі бетінде білім алушыларды қолдау, жетелеу, ынталандыру сөздері жазылған. Сол арқылы мықты және әлсіз тұстарына қарай кері байланыс беріліп, толықтырылып, «Рефлексия пирамидасы» арқылы кері байланыс жасалады.

Сабақ
бойынша рефлексия
Сабақ барысында оқу мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Білім алушылар ойынның идеясын анықтау туралы, ойын құру кезеңдері туралы қосымша ақпарат алады.
Оқу мақсаттарына сай сабақ мақсаттарының нақты қойылуы әдістердің де орынды және тиімді қолданылуына ықпал етеді. Сабақ өз мақсатына толық жетеді және ол жақсы деңгейде өтеді деп ойлаймын, өйткені оқушылар жеке жұмыста өз ойларын іркілмей жеткізеді. Бейнероликтен үзіндіні көріп жұптық жұмыс орындау арқылы ойынның құру мақсатын түсінеді. Талдау барысында ойынды орынды қолданылуын түсінеді.
Әр тапсырмаға сай алынған әдістер бойынша оқушылардың жеке, жұптық, сыныпта жұмыс жасау кезіндегі қатысы жіті бақыланып, жетелеу, дамыту, мадақтау сөздерімен қолдау көрсетіледі.
Сабақ үдерісінде қолданылатын әдістер мақсатқа лайық таңдалғандықтан, уақыт тиімді қолданылады.

Қорытынды бағамдау:

Мозайка әдісі. Оқушылар қиындыларды құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.

Шыққан суреттеріңе сипаттама беріңіздер
Scratch программалау ортасы не үшін қолданылады?
Қандай компьютерлік ойындарды білесіңдер?

Компьютерлік ойындар қалай әзірленеді?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.