Ашық сабақ Модель түрлері 6 сынып
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Информатика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 6 сынып
Пәні
Информатика
Мұғалім аты- жөні
Қазиев Еркебұлан
№101 мектеп — лицей
Бекітемін:
___________________
Сабақтың тақырыбы: Модель түрлері
Сілтеме
6 – сынып оқулығы
Тақырыптық презентация
Интернет желісінен алынған ақпарат
Сабақтың мақсаты
Модельдердің түрлері туралы түсінік беру және олардың қызметін, жұмыс жасау әдістерін меңгерту. Программаның негізгі мүмкіндіктері.туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.
Күтілетін нәтижие
Модель туралы түсініктерін толықтырады:
Нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады:
Модельдерді түрге ажырата біледі:
Компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады:
Түйінді идеялар
Модель түрлері
Модельдің қызметтері
Модельмен жұмыс жасау әдістері
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты ұсыну
Әдіс — тәсілдері
Венн диаграммасы, сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар, рефлекция
Пәнаралық байланыс
Геометрия
Кезең
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен сәлемдесіп, бүгінгі күнге сәттілік тілеу
Журналға белгі соғу, оқушыларды түгелдеу
Оқушылар назарын сабаққа бұру
Оқушыларды топұа бөлу
Фигуралар бойынша топқа бөлінеді
Түрлі геометриялық фигуралар
Үй тапсырмасы
Өтілген Модель және модельдеу тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақ – жауап
Модель дегеніміз не? Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу дегеніміз не? Модельдеу – нысандарды үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
Модельдеудің кезеңдері нешеге бөлінеді? 4 – ке бөлінеді. 1. Есептің қойылымы. 2. Модельді құру. 3. Компьютерлік модель. 4. Модельдеу нәтижесін талдау.
Модель құру, модельдеу не үшін қажет? Нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Нысанның іс-әрекеттен кейін қандай өзгеріске ұшырайтынын қалай анықтаймыз? Егер… не болады? деген сұраққа жауап беру керек.
Оқушылар берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Сұрақ – жауап
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
Материалдық модель тобы
1. Мысықтың баласы
2. Біздің мектептің бақшасында
өсетін көкеніс түрі
3. Баскетбол, волейбол ойнауға
арналған құрал
4. Ең төзімді үй жануары
5. «Арыстан» сөзінің орысша аудармасы
6. Жіңішкелік белгісі
Ақпараттық модель тобы
1. Қу жануар
2. Кішкентай сөзіне антоним сөз
3. Теннис ойнауға арналған құрал
4. Ешкінің төлі
5. Ең берік ағаш
6. «Кемпірқосақ» сөзінің орысша
аудармасы
7. Киім ілуге арналған құрал
Мысалы: өсіп тұрған гүл жөнінде биология маманы, дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.
Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып, тамырына, клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне көңіл бөледі.
Дәрігер өсімдіктің химиялық құрамын анықтап, оның денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын ашуға тырысады.
Оқушы гүлдің сыртқы көрінісіне , иісіне, үзілгеннен қанша уақыт солмайтына көңіл бөледі.
Модельді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға:
Қолданылу аймағы.
Модельде уақыт факторын ескеру.
Білім саласына қарай топтау.
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Модельді құрастырудың бірнеше себептері бар:
Күн жүйесінің моделі
Түпнұсқа өте үлкен болуы мүмкін. Түпнұсқа өте кішкентай
Әрбір адам күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның сапасына алдын алаоның орындалу моделі жасалады.Мысалы жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу, т.б әрекеттерді орындауалдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару,қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс-әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Оқыту модельдері- көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Зертханалық модельдер– жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми — техникалық модельдер– процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне- әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Еліктеу модельдері– шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.Модельді уақыт факторына байланыстыдинамикалықжәнестатистикалық
деп екі топқа жіктеуге болады. Статистикалық модель депобъект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель– уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінөзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Материалдық модельдібасқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельдіқолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модель-
нысанды ақпарат кодтау тіліндегі баяндалуы.
Вербальдық модельдегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модельдеп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель–графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель–иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель–объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
Компьютерлік модельдеп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды:
Компьютер
Интерактивті тақта
Тақырыптық слайдтар
Ой толғаныс
Ой толғаныс
Материалдық модель тобы –
Модель мен модельдеуді салыстыру
Ақпараттық модель тобы – Ақпараттық модельмен
материалдық мадельді салыстыру
1. Әр топ жеке жеке Венн диаграммасына берілген құрылғылардың ұқсастығы мен айырмашылығын ортаға салып, талқылайды
Постер
Түрлі түрлі карандаш
Венн диаграммасы
Пысықтау
Компьютермен жұмыс
Материалдық модель тобы – Paint графикалық редакторында жүк машинасын құрастыр.
1.Мысал бойынша жүк машина суретін сал.
2.Қандай элементтерді пайдаланыныздар.
Молоко деген сөзді енгізіңіз.
4.Жүк машина деп сақтаңыз.
Ақпараттық модель тобы –
Mecrosoft office word ортасында өз тобыңыздағы
Оқушының аты жөні:
Сыныбы:
Тобы:
оқушылардың ақпараттық (сөздік) модельін құру.
Орындаған практикалық жұмысын талдап береді: қай жерде не қолданды, қалай модель құрды, қалай сақтайды кейін қалай тауып алады осы орындаған әрекеттер қай жерде не үшін пайдаланамыз, деген сұрақтарға жауап береді
Компьютер
Қорыту
Күтілетін нәтиже
Модельді қандай топтарға жіктеуге болады? 1.Қолданылу аймағы
2. Модельде уақыт факторын ескеру 3. Білім саласына қарай топтау
4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Материалдық модель дегеніміз не? Материалдық модельдібасқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді.
Ақпараттық модель дегеніміз не? Ақпараттық модельдіқолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады.
Вербальдық модель дегеніміз не?
Вербальдық модельдегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель дегеніміз не? Таңбалық модельдеп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Сұрақ – жауап
Бағалау
Оқушылардың компьютерде орындаған жұмыстарын тексеріп, бағалау
Смайлик арқылы бағалау
Үйге тапсырма
11 тақырыпты мазмұндап, оқып келу
95- беттегі тапсырманы орындау, тестке жауап бер
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
Рефлексия
Білім ағашы
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін сикерлер тарату
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып Білім ағашына ілу
Стикерлер
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.