Ашық сабақ Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» 4 сынып

0
Ашық сабақ Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» 4 сынып

 

Автор: Ержанова Арайгүл Бакытханкыызы

 

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-09

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Оқушыларға ана туралы түсінік беру, яғни ананың қадірін түсіндіру. Ананың баласына қаншалықты алаңдайтыны, оны сағынатыны, сарғайып күтетіндігі жөнінде анықтама беру. Өмірмен байланыстырып өз аналарын мысалға келтіру. Балаларын сабаққа шығарып салып оны сабақтан келгенше асыға күтетінін, балам деп ойлап алаңдайтынын айту. Ана сөзін топтастыру және топтастырған сөздердіүш тілде айттырып, жаздырып, оқыту.


Пәні: Әдебиеттік оқуСынып: 4 «Ғ» Күні: 26.11.2018ж Кабинет: 201 Мұғалім: Ержанова А
Сабақтың тақырыбы Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Сабақтың мақсатыКүтілетін нәтиже ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекі өкілі М.Дулатов өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, « Шешенің балаларын сүюі » өлеңімен таныстыру. Оқушылардың өмірдегі ең ардақты жан – ананы сүюге, қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс – тәсіл оқыту, сұрақ –жауап, талдау, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі М.Дулатовтың портреті, слайд – суреттер, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс қазақ тілі, қазақстан тарихы, музыка
Сабақ барысы2 минут ҰйымдастыруПсихологиялық ахуалКүннің нұрын алақанға саламынЖүрегіме басып ұстай қаламынЖарық, жылы, нәзік әрі мейрімдіБолып кетер сонда дереу жан – жағымТопқа бөлуОқушылар қазір жылдың қай мезгілі? (күз)Иә дұрыс айтасыздар, ендеше бізге күзгі бақтан жеміске толы себеттер келіпті жемісті алып топқа бөлінейік.Мандаринді алғандар – «Алғырлар» тобынаАнарды алғандар – «Білімділер» тобынаАлмұртты алғандар – «Тапқырлар» тобына

Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс әрекеті

Басталуы5 мин Үй тапсырмасын бекітуТоптық тапсырмаКонверттегі сұрақтарға топ болып шешім шығару«Алғырлар» тобы«Қорқарың бар қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?«… Бірақ өңі сұп – сұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес еді». Мына үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?«Білімділер» тобыАбылай хан неше жасында ел билеген?1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?«Тапқырлар» тобы «Жоқ жаман мінез аштықтан да, махаббаттан да, жаман мінезден де емес, қорқақтықтан». Мына үзінді қай шығармадан алынған?«Бұл тұран ежелден – ақ Алаш жеріТұрансыз тарқамаған Алаш шері»Жеке тапсырмаСемантикалық карта Оқушылар бірігіп тапсырманы орындайды
Жаңа білім10 мин Ендеше балалар тақтаға назар аударайықИнтерактивті тақтадан ана туралы видеоролик көрсетіледі. Видеодан не көрдік?Видео кім жайлы?(ана)— Сонымен, балалар, «Ана деген кім?» сұрағына қойылатын жауаптар тізбегін жазайық.Тақтамен жұмысАна кім?— Қамқоршы— Дос— Ұстаз— Жарық өмір сыйлаушы— Жанашыр— Ақылшы— Мейірімді жан— Пана— Аяулы жанбіздің қазақ әдебиетінде ана тақырыбына қалам тартпаған жазушы кемде- кем. Ана бізге жарық сыйлаушы, өмірдің тірегі, отбасының ұйытқысы. Ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз осыған арналмақ.Алаш қайраткері, бес арыстың бірі, Ахмет Байтұрсыновтың шәкірті Міржақып Дулатовтың Шешенің балаларын сүюі деген тақырыппен танысамызМ.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы видео ролик көрсетіледіСұрақ-жауапМ.Дулатов қай жылы дүниеге келген?Оның шығармалары қандай?Ең алғаш қандай өлеңдері жарық көрді?Ол өлеңдерді қандай атпен шығарды?Шешенің балаларын сүюі аудиоСұрақ – жауап Өлеңде кім жайлы айтылған?Ананы қалай сипаттаған?Ия оқушылар сіздерді де үйлеріңізде осылай күтетін аналарымыз бар?Ендеше біз аналарымызды не істеуіміз керек екен? (сыйлау, құрметтеу,айтқанын тыңдау т.б) Оқушылар видеоға назар аударады. Видеодан көргенімен бөліседі

Оқушылар тақтаға өздерінің ойлаған сөздерін жазады

Видеоға назар аударадыСұрақтарға жауап береді

Аудионы тыңдайдыСұрақтарға жауап береді

Ортасы15 минут Оқулықпен жұмысӨлеңді іштей және жеке,тізбектей оқуДәптермен жұмыс / Тақтамен жұмысКешенді талдауАвторы: М.Дулатов Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналғанЖанр түрі – поэзия ( өлең) Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – бала, соның амандығыШумақ – 4Тармақ — 16Бунақ – 8Буын— 178Ұйқас — қара өлең ұйқасы (а,а,б,а)Арнау — анағаТұрақты тіркес — төбесі көкке жету, түн ұйқысын төрт бөлуЭпитет- қамқор анаң, сорлы ана.СөздікКөз жасын көлдету – қатты жылау Оқушылар өлеңді оқидыТақтағы кешенді талдау жасай отырып дәптерлеріне жазады
Сергіту сәті2 мин Ана туралы жыр Караоке арқылы оқушылар хор болып ән орындайды
Аяқталуы5 мин Постер қорғау«Білімділер» тобыҚазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?«Тапқырлар» тобыАна туралы қандай даналық сөздер, мақал – мәтелдер білесіңдер?«Алғырлар» тобы Қарттар үйі деген ұғымды қалай түсінесіздер? Қарттар үйіндегі ата – аналар жайлы не ойлайсыздар?Қорытынды— Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың күз мезгілі ағаштардыі жапырақтары сарғайып түсіп қалады. Осындай бір ағашты анамызға арналған жүректен шыққан жылы сөздеріміз арқылы ағашты көркейтейік. Тапсырманы топ болып біріге жұмыс жасай отырып
Үй тапсырмасы М.Дулатов « Шешенің балаларын сүюі » өлеңін жаттау«Мен анамды сүйемін» эссе жазу немесе өлең құрастыру Күнделіктеріне жазады
Бағалау 4 топ бірін – бірі бағалайды Топбасшылар топтарды бағалайды

№12 жалпы білім беретін бастауыш мектеп

Ашық сабақТақырыбы: «Шешенің балаларын сүюі»

4 «Ғ» сынып жетекшісі: Ержанова А

2018/2019 оқу жылы

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.