Ашық сабақ «Механикалық жұмыс» 7 сынып

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2 Мектеп: Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Арықбай Алтынай Пәні: Физика Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Механикалық жұмыс. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.3.1 механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіну. Сабақ мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:Механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіедіОқушылардың көпшілігі орындай алады:Механикалық жұмыстың формуласын жазып, есептер шығады. Кейбір оқушылар орындай алады:Механикалық жұмысты есептеуде күрделі есептерді шығады Бағалау критерийі 1.Механикалық жұмысқа сипаттама береді2.Механикалық жұмыста күш және орын ауыстыру ұғымының байланысын анықтайды.3.Механикалық жұмысты күрделілігі жоғары есептер шығарады Тілдік мақсаттар Сабақта қоланылатын физикалық ұғымдарМеханикалық жұмыс, күш, уақыт, жылдамдық, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы, микроватт (мкВт), килоджоуль (кДж) ұғымдарын түсіндіреді тұжырымдайды.Сабақтағы диалогта қолдану сұрактарыМеханикалық жұмыс ұғымын қалай түсінемізДененің қозғалу бағытында әрекет ететін механикалық жұмысы дегеніміз не? Құндылықтарға баулу Механикалық жұмыстың тапсырмаларын орындау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, еңбек сүйгіштікке баулу және жауапкершілікке үйрету. Пәнаралық байланыстар Математика –математикалық амалдар қолдану, есептеулер жүргізу. (6 сынып) Алдыңғы білім Жұмыстың түрлері. ( «Дүниетану» 4 сынып) Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы 5 мин

Сабақтың ортасы 10 мин

«Болжау ағашы»әдісі5 мин

«Формулалар сыр шертеді» әдісі 5 мин

«Кім жылдам?» әдісі8 мин

«Денотатты граф» әдісі 5 мин

Сабақтың соңы2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың назарын сабаққа аудару.І. Өткен сабақты қайталау, қорытындылау.«Серпілген сауал» әдісі. Бір-біріне қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп,өткен тақырыптарға шолу жасау арқылы өткен тарау бойынша білімін шыңдайды.1. Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρ сұйық және ρ дене ) 2. Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр) 3. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші) 4. Архимед күшінің формуласы қандай? ( F = ρс g Vд) Мадақтау сэндвичі

Жаңа тақырып «Болжау ағашы». Оқушылар назарына жаңа тақырыпқа байланысты суреттер ұсынылады. Суретте не берілген? Бірдей жұмысты кім жылдам бітіреді? Неліктен? Қоршаған ортадан және күнделікті өмірден тағы қандай мысалдар келтіруге болады? Өз ойы жазылған стикерді ағашқа жабыстырады.

Жұмыс ұғымын қалай түсінесіңдер.

Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.Мұндағы: А-жұмыс; Ғ-күш; s – жүрілген жол.Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.1Дж=1Нх1м=1Н∙м.1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жаңа тақырыпты бекіту ІІ. . «Семантикалық карта» әдісі. Физикалық шамалар мен олардың белгіленуін, формуласын, өлшем бірлігін нұсқамамен сәйкестендіру.

.

«Кім жылдам?» әдісі. Жұппен есептер шығару. 1. Машина 144 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2500 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?2. Автокран массасы 2,5 т жүкті көтеріп, 37, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?3.Арбаға жегілген ат 400 Н күш жұмсап, оны 0,8 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Ат 1сағатта қанша жұмыс істейді?

V. «Денотатты граф» әдісі. Негізгі ұғым сөзбен оның ерекшеліктерін сөз тіркестері арқылы анықтау.

  • ДЖоуль – жұмыстың өлшем бірлігі.
  • Механикалық жҰмыс – күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс.
  • ДинаМометр – күшті өлшейтін құрал.
  • ОрЫн ауыстыру – бағытталған кесінді сызық.
  • Секунд – уақыттың өлшем бірлігі.
  • «Жұлдызша арқылы бағалау

    Оқушының сабақтағы өз әрекетіне рефлексиясы

    Стикер

    Суреттер Слайд

    Карточкалар

    Үлестірме қағаздар

    VII.Үйге тапсырма Тақырып бойынша эссе жазу.Есептер шығару. Оқулық Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушылардың оқу қажеттілігі және деңгейлерін ескере отырып оқушыларға әртүрлі тапсырмалар беремін. «Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылардың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін өткен тақырыптан сұрақтар қойылады.«Кім жылдам» әдісі арқылы жұптық тапсырмада оқушылар жылдам жұмыс істейді.«Денотатты граф» әдісі арқылы оқушыларға түйінді сөз жұмыс ұғымы берілді.Түйінді сөзді және оның қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктерін анықтап.Бастапқы түйінді сөзді тармақтарға жіктеп.Тармақтар мен түйінді сөз сәйкестендіреді.Дереккөздер арқылы оқушыларға қолдау көрсетемін. Әрбір кезең бойынша, әр тапсырмадан кейін оқушыларға ауызша және жазбаша кері байланыс беріп отырамын. Кері байланыс беруде «Саған ….. бойынша іздену керек» ауызша және жазбаша кері байланыс түрлерін қолданамын.Оқушыларды өзін өзі бағалауын Жұлдызша әдісі және өзара бағалауы арқылы бағалаймын Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау, АКТ-ны тиімді пайдалу, санитарлық гигиеналық ережелерді сақтау, дене сымбатының қалыптасуындағы дұрыс отырудың маңызы айтылады. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Жалпы бағалау

    Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)? 1:2:Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2:Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?