Ашық сабақ Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы 7 сынып
Бағыты: Физика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып
Материал 7 сынып мұғалімдері үшін қажет құрал. Ашық сабақты өткізуге пайдасы зор.
1 бетМеханикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы
2 бетДененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
3 бетБұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өгерте алады.денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.
4 бет Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз. Өзара тік бұрыш жасап қиылсатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің нүктесінде, яғни О нүктесінде орналасқан деп есептеледі. Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координата жүйесі деп, ал сызықтардың қиылсу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.
5 бет
Суреттегі адам тыныш тұрымын деп те, қозғалып келемін депте айта алады. Екі жағдайдада оның ойы дұрыс. Мәселе таңдап алған санақ денесіне байланысты екен. Адам экскалатормен бірге қозғалып барады, ал ол экскалатор қабырғасымен салыстырғанда тыныштықта тұр. Демек кез-келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.
Қозғалыс — барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материалық дүниеге тән қасиет.
6 бетСанақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесімен сағатты айтамыз. Бір ғана дененің әр түрлі санақ жүйесіне қатысты қозғалысы түрліше көрініс береді. Мысалы, Жер бетіндегі денелердің қозғалысын қарастырғанда Жермен байланысты санақ жүйесін алған тиімді. Ал Жердің өз қозғалысын қарастырғанда санақ жүйесін Күнмен байланыстырған ыңғайлы, т.с.с.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.
Қаралым саны: 208