Ашық сабақ «Күннің жылдық қозғалысы» 7 сынып

0

Ашық сабақ «Күннің жылдық қозғалысы» 7 сынып

 

Автор: Сулейманов Бегдулла Жалгасбайулы

 

Бағыты: Физика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-07

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Материал 7 сынып мұғалімдері үшін қажет құрал. Ашық сабақты өткізуге пайдасы зор.




1 бетКүннің жылдық қозғалысы

 

2 бетКүнді бақылай келе, ғалымдар ерет кезден –ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Эклиптика зодиак шоқжұлдыздары (грекше зодиакос куклос – жан — жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді.

 

3 бетКүн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз және 23 қыркүйекке сәйкес келетін, күн мен түннің теңелуі деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді. Күн мен түннің көктемдегі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады. 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашық орналасады. Бұл ең ұзақ күн – жазғы Күн тоқырау күні. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке қарай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн – қысқы Күн тоқырау күні.

 

4 бетМәселен, атақты Пифагордың (б.з.б. VI – V ғғ.) оқушылары Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны сияқты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлде қарсы болды.

 

5 бетМың жылдан астам уақыт бойы Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыны жайында сөз етпеді.

 

6 бетКүннің бетінде көптеген қоңыр дақтар болатыны белгілі. Мінеки, осы дақтарлың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған. Бұдан шығатын қорытында: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

 

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.