Ашық сабақ. «Ежелгі Қазақстан жазба деректерде»

0

1 бет

ІІІ-тарау.
ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ДӘУІРІНДЕ

2 бет

Сабақтың тақырыбы:
Ежелгі Қазақстан жазба деректерде

3 бет

Сабақтың мақсаттары.
Білім беру:Қазақ аумағындағы тайпалық одақтар жайлы Ежелгі Парсы,Грек,Қытай жазба деректемелерімен таныстыра отырып білім беру
Тәрбие беру: Оқушыларға адамгершілік тәрбиесін,еңбек тәрбиесін,патриоттық тәрбие беру.Білімді болуға,ата -баба тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту.Ізденуге,зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізе алуға баулу.Тарихи біліктілігін арттыру.

4 бет

І.Оқушыларға алдын ала іздену,зерттеу жұмыстарының тақырыптары берілген.(Мұғалім толықтырады)
Оқушылар ізденіп-зерттейтін тақырыптар:
Көне парсы деректері.
Көне грек жазбалары.
Скиф данасы-Анахарсис.
Қытай жазба деректері.

5 бет

ІІ. Жаңа сабақ:Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді,ең алдымен,деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді.Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы,көне грек,латын,қытай тілдерінде бізге келіп жетті.Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.

6 бет

7 бет

КӨНЕ ПАРСЫ ДЕРЕКТЕРІ

8 бет

Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі «Авеста» деген кітап атауымен белгілі.

Авеста – Заратуштра (грекше Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 1 мыңжылдықтар арасы) қалыптасқан. Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды. Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі.Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді.

9 бет

“Авеста” кітабында арийлердің мекені туралы да айтылады. Арийлердің жері Ариан Вайджа—арийлер даласы деп аталды. Ол қазіргі Волгадан бастап, Әмудария, Сырдария, Каспий теңізі, Арал теңізі және Памир- Алтай мен Тянь-Шань тауларына дейін созылды. Әрине, оған Қостанай – Торғай даласы да кіреді.
Арийлер бір ғана тайпадан тұрған жоқ, уақыт өте келе іріленді, өсті. “Авестаның” мәліметінше, оның құрамына арий, тур, хвон, дай, сайрим, сай, дах сияқты этностар кірген.

.

10 бет

Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы») «Құдіретті еркектер»,
Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған.

11 бет

Көне грек авторларының шығармалары

12 бет

Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик(көне грек) авторларының шығармалары.Көбіне грек тіліндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты ерекше атауға болады.

13 бет

Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар

14 бет

Соғыста өлтірген жауларының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен. Жауларының жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгерді ардақтап құрмет еткен. Жыл сайын үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекедегі ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған.

15 бет

Геродот келтірген “алтын қырыққан құзғындар”туралы аңыз Алтай өңірімен байланысты шықса керек.Ірі алтын кені бар Алтай өңірін,Зайсан көлі маңын аргиппей және аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар дәлелдейді.Ал Шығыс Қазақстандағы сақтардың Берел,Пазырық,Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат жайғандығын көрсетеді.

16 бет

Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр жауынгер, «қасқа қатал, досқа адал» халық болған. Олар қастасқан жауын аямаған.

17 бет

Ертедегі грек географы әрі тарихшысы Страбонның еңбектерінде де скифтер жайында айтылған.Страбонның тарихи материалдары көбіне Геродоттыкіне ұқсас.

18 бет

Скиф данасы- Анахарсис

19 бет

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығынмен атағы шыққан». Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.

20 бет

Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқы би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ғақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті. Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис скфиский дегеніміз осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың дәлелдемелері көңілге қонарлық. «Біріншіден – дейді ол, Майқы бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис Сақ патшасы Кұдуйдің інісі. Ол Афиныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский – ел басқару жүйесінде реформа жасаған әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды.

21 бет

Қытай жазба деректерінде

22 бет

Қытайдың батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде деректер жинаудан басталды.

23 бет

Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді

24 бет

Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтерді император У-ди ( б.з.д. 140-87 жж) жинатқан

25 бет

Қазақ жеріне жіберілген тұңғыш қытай елшісі Чжан Цян екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Оған ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді.

26 бет

“Қытай тарихының атасы” Сыма Цянның (б.з.д. 145-86 жж.) “Тарихи жазбалар” еңбегінде ғұндар туралы мәліметтер бар.Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіз жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас

27 бет

Ежелгі мемлекеттердің орналасуы

28 бет

Бань Гудың (б.з.д. І ғ.) “Ежелгі Хань тарихы шығармасының “Батыс өлке туралы хикая” деген тарауында Қытай ханшасының Үйсін гуньмосына ұзатылған сапарын әсерлі суреттеген.

29 бет

Қытай деректерін ғылыми айналымға енгізуге алғаш еңбек сіңірген орыс шығыстанушысы Н.Я. Бичурин (1777-1853жж) болды.Оның 1851 жылы “Орталық Азияны ежелгі дәуірде мекендеген халықтар туралы мәліметтер жиынтығы” деген еңбегі жарық көрді.

30 бет

ІІІ. Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
1. “Авеста” жинағы ертедегі Қазақстанды мекендеген тайпалар туралы қандай мәліметтер береді?
2. Грек авторларының жазба деректеріндегі тайпа атаулары қандай археологиялық зерттеулермен расталып отыр?
3.Қытай жазба деректерінің Ежелгі Қазақстан тарихын оқып-үйренуде алатын орны қандай?

31 бет

Үйге тапсырма:
“Ежелгі металлургия”,
”Зергерлік өндіріс”,
“Ежелгі қыш өндірісі” тақырыптарына
ізденіс жұмыстары

32 бет

Назарларыңызға рахмет!