Ашық сабақ 6 сынып Қазақ тілі Ұлы тұлғалар өмірі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Дүйсенбиева Г.
- өз ойларын жеткізе алады;
- жоғары дәрежелі сұрақ қоя алады;
- тапсырмаларды орындай алады;
- тақырып бойынша ұлы тұлғалар өмірін айтып береді;
- табу сөздерді ажырата алады;
- эвфемизм мен дисфемизмді ажырата алады;
- диалогқа түсе алады;
- құрылымын сақтап өмірбаян жаза алады
Тілдік құзіреттілікТарихи тағылым, тарихи тұлға РесурстарОқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.Пәнаралық байланысТарих, әдебиет Алдыңғы оқуАбай — ұлы тұлғаСабақтың жоспарыЖоспарланған уақытСабақ барысы :Бағалау түрлеріСабақтың басы5 минут-Сәлемдесу Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңберін құруҚол ұстасып бәріміз,Жылықты сезейік.Шуақ шашқан күндей боп,Күлімсіреп жүрейік.— Бір-біріне күлімдей қарап гүл шоқтарын ұсыну— Топқа бірігу «Абай» «Ыбырай» «Әлихан» «Қаныш»
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийен таныстыру
«Миға шабуыл» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрауТарихи тұлғалар деп кімді айтамыз?Ұлағат дегенді қалай түсінесіңдер?Дарынды тұлға дегенге үңіліп көрейікші?Ұлы тұлғалар деп кімдерді айтамыз?
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
Тақырып бойынша «Ұлы тұлғалар» видеоролик көрсетуІ тапсырма Топтық жұмыс І топ Әлихан Бөкейханов өмірін «Эйлер шеңбері» әдісіне салып айту. ІІ топАбай Құнанбаев туралы білгендерін айта отырып, «Буриме» әдісі арқылы өлең шығару ІІІ топЫбырай Алтынсарин ағартушы, педагог екенін «Автор орындығы» әдісі арқылы оның еңбектерін айту ІҮ топ Қаныш Сатбаев туралы мәтінді түсініп оқып, «Джигсо» әдісі арқылы тапсырмаларды орындау.Дескриптор
- Тақырып бойынша ұлы тұлғалар өмірін айтып береді;
- Сұраққа жауап береді;
ҚБ: Бағдаршам арқылы «Тілдік бағдар»Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңілісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пенқұрметтің ерекше белгісі болып табыладыІІ Тапсырма Кітаппен жұмыс 1 топ 3 тапсырма Табу сөздерді теріп жазу;ІІ топ 4 тапсырма Тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбектері туралы диалог құру; ІІІ топ 8 тапсырма Эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерге мысал жазу кестені толтыру ІҮ топ «Сингвейн» әдісіТұлға сөзінеДескриптор
- Табу сөздерді ажырата алады;
- Эвфемизм мен дисфемизмді ажырата алады;
- Диалог монологқа түсе алады;
ҚБ: Смайлик ІІІ тапсырма «Мен баяндай келе…» келе Мәтінді пайдаланып (өмірбаян құрылымын сақтап) Қ.Сәтбаев туралы өмірбаяндық мәтін жазу Дескриптор
- Құрылымын сақтап өмірбаян жаза алады;
ҚБ: смайликтер арқылы
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар,
түрлі-түсті маркерлер
Кітап, қалам
Сергіту сәті2 минутКім зерек Оқушылар эвфемизм айтқанда қолын көтереді, дисфемизм айтқанда көтермейді
Аяқталуы Сабақты бекіту10 минутБББ кестесі
Саралау тапсырмалары: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар. 1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды. 2. Шошқаға ерген балшыққа аунар. 3. Жолдасың соқыр болса, Сен де бір көзіңді қысып қой. 4. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.— Тентекжан – ау, мені тастап бара жатқаның ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б. Майлин)Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой.— Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:— Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, — деді.ҚБ: Жарайсың! Өте тамаша!
Кері байланыс3 минут БағалауЖелкенді кеме Сабаққа қатысуларына қарай бағалау Үйге тапсырма: 10 тапсырма Табу сөздерді қатыстырып шағын мәтін жазу. Ережелерді қайталауКері байланысҚосымша ақпаратСаралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғарыоқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалайжоспарлайсыз?Бағалау — Оқушылардыңүйренгенін тексерудіқалай жоспарлайсыз?Пəнаралық байланысҚауіпсіздік жəне еңбектіқорғау ережелеріАКТ-мен байланысҚұндылықтардағыбайланыс
РефлексияСабақ / оқу мақсаттарышынайы ма? Бүгін оқушыларне білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішіндеүлгердім бе? Мен өз жоспарымақандай түзетулер енгіздім жəненеліктен?.
Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:2:Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымдыжетілдіруге көмектесетін не білдім?