Ашық кіріктірілген сабақ «Ауылға саяхат»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық кіріктірілген сабақ «Ауылға саяхат»

Автор: Бисаринова Нургуль Калымовна

Бағыты: Шағын орталық Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-09


Материал туралы қысқаша түсінік

Сөйлеуді дамыту, сенсорика,көркем әдебиет сабақтарымен байланысты




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

.Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Сөйлеуді дамыту, сенсорика,көркем әдебиетТақырыбы «Ауылға саяхат» Мақсаты: үй жануарлар және олардың төлдері туралы түсінік беруМіндеттері:Білімділік міндеті: Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту , оларды бір-бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.Дамытушылық міндет:Үй жануарларының дыбыстарына дұрыс еліктеуін қадағалау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін дамыту, ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауды қалыптастыру. Ойын барысында балалардың сөздік қорларын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік міндеті:Үй жануарларына қамқор болуға, мейірімді болуға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ —жауап, әңгімелесу, ойын.Көрнекі құралдар:руль,билет үшін геометриялық пішіндер, үй жануарларының ойыншықтары, үй, қаша, күн, әр түсті күннің шуақтары, әтеш ойыншығы. «Төлдерін тап та, ата» дидактикалық ойыныПолилингвальный компонент: Сәлеметсіздер ме здравсвуйтеGoodmoning .Әтеш-петух-Cock, үй жануарлары-домашние животные- domestic animals.

Іс-әрекет қызметі Тәрбиешісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті/
Мотивациялық-қозғаушы Балалар бүгін бізге топқа қонақтар келіпті. Кәне бәріміз амандасайық. Сәлеметсіздер мездравсвуйтеGoodmoning .Шаттық шеңберін құрадыүннен қуат алайық. алақанға салайық. Жүректен жылу алайық.Алақанға салайық.Алақандағы жылуды қонақтарға сыйлайық.Әтештің шақырған дауысы Балалар қонақтармен үш тілде амандасады. Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, қимыл-қозғалыстарын жасайды. Әтештің дауысын естиді
Іздену -ұйымдастырушы -Бұл ненің дауысы? Ол қайдан шығады?Әтеш қайда өмір сүреді? Ауылда-Олай болса бәріміз автобуспен ауылға барайық. Автобусқа отыру үшін билет керек. 1. Мен сендерге геометриялық пішіндері бар билет берем сондай пішіндерді орындықтардан тауып отырасындар. Балалардан пішіндерді, түстерін сұрау. Музыка әуенімен ауылға келеді. Әтеш ойыншығын көрсету.-сәлеметсіңдер ме, балалар!-сәлеметсің бе, әтеш!Тілдің үштұғырлығы: әтеш-петух.Балалар, әтешке күнді оятуға көмектесейік. Қараңдаршы күн оянды,неге шуақтары жоқ? -Қазір қай мезгіл? Қыс мезгіліСондықтан жылуын аз шашып тұр. Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келеді. Күннің шуағы бізді қатты жылытады.2-тапсырмаКүнге шуақ жасап берейік.-Міне,күн де оянды. Оянды да күлді. Ол қандай әдемі.Әтештің ку-ка-ре-ку деп шақырған дауысы шығады.-Балалар, әтештің әдемі дауысынан жануарлар да ояныпты. Үй жануарларының да дауыстары шығады.2-тапсырма-Әтеш тағы нені оятты? Сиырды-Тағы нені оятты? Жылқыны -Тағы нені оятты? Қойды-Тағы нені оятты? Ешкіні-Тағы нені оятты? Итті Жарайсыңдар ,балалар.тілдің үштұғырлығы: үй жануарлары— домашние животные.Неге оларды үй жануарлары дейміз?Біз оларға қамқор боламыз, тамақтандырамыз, шөп ,су береміз.-Үй жануарларының адамға пайдасы бар.- Сиыр бізге не береді? Сүт-Жылқы не береді? Көлік ретінде -Қойдың қандай пайдасы бар?- Ешкінің қандай пайдасы бар?жүні,сүті-Иттің қандай пайдасы бар?-Мысықтың қандай пайдасы бар?Олар туралы қандай тақпақтар білеміз.Үй жануарлары туралы тақпақтар айтуөре -шөре лағымТентек болма ,шырағым.Секектеме деміңді ал.Селтендемей құлағың.Құлыншағым -құндызым.Құлдырайды ,шабады.Айналайын қозым.Малдан жуас бозым.Ұзап шық та үйденОттығуды үйрен.-Ауылдың ауасы қандай таза, дем алыңдаршыіраз демалып алайық.Сергіту сәті:Әйымыршық,шымыршық аю қалай жүреді? Аю былай (2) жүреді.Әй,шымыршық,шымыршық қоян қалай жүреді? Қоян былай (2)жүреді.Әй,шымыршық,шымыршық түлкі қалай жүреді? түлкі былай(2) жүреді.Әй,шымыршық,шымыршық апа қалай жүреді? Апа былай(2) жүреді.Әй,шымыршық,шымыршық ата қалай жүреді? Ата былай(2) жүреді.

Үй жануарларының дауыстары шығады. олар төлдерін жоғалтып алыпты. Көмектесеміз бе?«Төлін ата да анасын тап» дидактикалық ойны.Ойын барысы: Балалар төлдерді атап, олардың аналарын табуға талпынады.-Бұл не?- Бұл не? — Бұл не? -Бұл не? Сиыр сендерге рахмет айтып жатыр.-Мө -мө ( Бұзау мө-мө- дейді)-ешкі, қой да рахмет айтты мә-мә. Әтештің дауысы шығады. Балабақщаға қайтатын уақыт болды. Автобусқа отырып, ауылға қайтады. Музыка әуені

-көмектесеміз.Ойынды қызыға ойнайды.Балалар төлдерді атап, енлерін табады.Бұзау ҚұлыншақҚозыЕшкі , күшік .Дауыстарына еліктейді.Әтештің дауысын естиді. Әтешпен қоштасадыалалар балабақшаға қайтады.
Рефлексивті-түзетушілік -Бүгін біз қайда қонаққа бардық?- Әтеш қандай жануарларды оятты?-Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз? Біз оларға қамқор боламыз. — Көмектескендерің үшін сыйлық берді. — Сабақ ұнады ма?Қонақтармен қоштасу. Сау болыңыздаросвидания Ауылға Үй жануарларын оятты.Олар адамның жанында өмір сүреді.Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:Білу: үй жануарларын және төлдерін атайды, дыбысқа еліктейді.Түсінуге тиіс:.үй жануарлары адамның қасында өмір сүреді, қамқор болу керек.Істей білу керек: сұрақтарды тыңдайды және жауап береді. Оқу іс-әрекетінде алған білім дағдыларын әңгіме барысында пайдаланады.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.