Әшекей бұйымдар. Орфография мен орфоэпия

0

Пәні: Қазақ тіліМектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 5 «Ә»Қатысқандар:24Қатыспағандар:0Сабақтың тақырыбы:Әшекей бұйымдар. Орфография және орфоэпия Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.Ж6.Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.Сабақтың мақсатыБарлық оқушы орындай алады: 1.Орфоэпия бойынша дұрыс айта алады.2.Мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:1.Мәтіннен кілт сөздерді теріп жазады.2.Орфографиялық норма мен орфоэпиялық норманы ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады: 1.Сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуын ажырата алады.2.Зергерлік өнер туралы айта алады.Бағалау критерийі— Мәтін негізінде сұрақтарға жауап бере алады.— Орфографиялық және орфоэпиялық норманы ажырата алады.- Айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді біледі, орфографиялық 3 ұстанымды біледі.Құндылықтарға баулу- Қолөнерге деген құрмет қалыптастыру.- Сұлулық, әсемдік туралы ұғымдарын кеңейту.- Өзіндік талғамы дамиды.Пәнаралық байланысТарих, әдебиетТақырыпбойыншаалдыңғыбілім1.Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын біледі.2.Қазақтың қолөнері туралы біледі.Сабақ барысыСабақтыңжоспарланғанкезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстарСабақтыңбасы

Сабақтың ортасы

І.Ұйымдастыру кезеңі.Суреттер арқылы 3 топқа бөлемін.

ІІ.Үй тапсырмасы.«Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын сұрау.1.Қазақ әліпбиінің атасы кім?2.Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?3.Латын әліпбиінен қазақ әліпбиіне қай жылы көшті?4.Қазақ әліпбиі неден бастау алады?5. Көне түркі жазуына ортақ жазу қалай аталады?6.Қай ғасырдан бастап қазақ даласында араб жазуы пайда болды? Фишкалар арқылы бағалау.

Жаңа сабақ.Болжау стратегиясы.Сөздерді дұрыс жазудағы басты ұстаным қандай?Не үшін бізге керек? Орфография мен орфоэпияны презентация арқылы түсіндіру. Мәтінді оқыту. (Оқылым)Сөздікпен жұмыс.Бау-басқұр-киіз үйдің ішкі көрінісін әшекейлеуге арналған арқан-жібі.Ақық-араб.асыл,қымбат тас.Лағыл-араб,қызыл түсті асыл тас.Зергерлік өнер-сәндеу үшін түрлі бұйымдарды ою-өрнектермен, асыл тастармен әшекейлеу және әшекейлі сәндік бұйымдар жасау өнері

Топтық жұмыс. 1А тапсырма.1-топ. Ою-өрнек, әшекейлермен безендірілетін бұйымдарды атаңдар?2-топ. Әшекейдің түрлері қалай ажыратылып, топтастырылады?3-топ. Қолға және мойынға тағылатын әшекейлерді атаңдар?Смайликтер арқылы бағалау.

Жұптық жұмыс. 5- тапсырма. Орфоэпиялық сөздерді орфографияға сай жазу. Айтылуы Жазылуы

Осы жерде орфографияның 3 қағидатты ұстанымы бар екенін айтамын. Бармақ арқылы бағалау.

Жеке жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшіріңдер. 3-тапсырма.Орфографиялық нормаға сай жаз.8-тапсырма.

Оқулық«Қазақ тілі» 5-сынып

Суреттер

Фишкалар

Интербелсенді тақта

Смайликтер

Бағалау парақшасы

Сабақтың соңыҮйге тапсырма: 4- тапсырма.Логогрифтерді шешу. 1 шумақ сыныпта оқып шешу, 3 шумақ үйге беріледі.

Рефлексия.«Алма ағашы»Оқушылар алма ағашының суретіне смайликтер жапсырады.

Алма,гүл,жа-пырақ смайликтері

Қосымша ақпаратӘшекей бұйымдарының жасалу тарихы. Бейнеролик көрсету.Интербелсенді тақта
Саралау – Сіз қандай тәсілменкөбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағандақабілетті оқушыларға қандайтапсырмаларбересіз?Бағалау – Сізоқушылардыңматериалды игерудеңгейін қалай тексерудіжоспарлапотырсыз?Денсаулық жәнеқауіпсіздік техникасынсақтауСабақ барысында оқушыларды ынталандыру үшін мақтау, мадақтау. Мұны барлық сабақ барысында қайталап қолданып отырамын. Қабілетті оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін.1.Бағалау парақшалары арқылы.2.Алдағы сабақта осы тақырыпқа сай тапсырмалар орындату арқылы.Сергіту сәтін өткізу, жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырма беру, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.СабақбойыншаРефлексияСабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауапберіңіз.
Сабақ жоспарланған мақсатына жетті. Бүгінгі сабақта оқушылар Зергерлік өнер туралы ақпарат алды. Орфографиялық норма мен орфоэпиялық норманы ажырата алды.Сабақ жақсы деңгейде, ұйымшылдықпен өтті. Жоспарланған саралау іске асты. Тапсырмалар оқушы деңгейіне сай болды.Уақытты тиімді пайдаландым.Жалпы бағалауСабақта ең жақсы өткенекінәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1: Топтық тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар жүйелі жауап берді.2: Жұптық жұмысты орындау барысында оқушылар орфография мен орфоэпияны жақсы меңгергендерін байқатты.Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оңықпалетереді (оқыту мен оқуға қатысты)?1: Әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана білуім керек2:Тапсырманы түрлендіру керекОсы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардыңжетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсегеназар аудару қажет? Оқушылардың кейбірінің сөз байлығының жетіспеуі, баяу қимылдауы байқалды. Оқушылардың кері байланысын ескере отырып, келесі сабақта басшылыққа алу керек.