Ас қорыту жүйесінің потологиясы | Скачать Реферат

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКАРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМІЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің потологиясы

Орындаған : Куатбек М.М.
Тобы: ВМ-503 Тексерген: Ахметжанов О.Н.

Семей — 2018 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын және ішек аурулары
А) тарылу және бітелу, ішектің бітелуі және дивертикульдар мен эктазиялар.
Б) мес қарынның газбен жіті кернелуі, қарынның жіті кернелуі, химостаз және капростаз, қарынның бұралуы және қарынның жыртылуы.
В) ішектің орынан жылжып кетуі, жарықтар және түсіп кетулер және қарын-ішек тастары
Г) ас қорыту мүшелерінің қабынуы және жарақаттану ретикулиті
Д) қарын мен ішектің қабынуы және қарынның ойылым аурулары.

III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) — адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді — өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді — жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Ас қорыту мүшелері мен құрсақ қуысы бет пердесінің аурулары негізінен дерт ретінде, басқа бір дерттерге қосаралана да туындайды. Алғашқылары малды азықтандыруға, бағып күтуге, пайдалануға қойылатын талаптарының бұзылуынан, улы заттар әсерінен, микроорганизімдер мен паразиттердің әрекетінен болады. Бұл аурудың тек бір бөлігі ғана морфологиялық тұрғыдан қабыну процестері болып табылады.

Негізгі бөлім
2.1. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын және ішек аурулары.
А) тарылу және бітелу, ішектің бітелуі және дивертикульдар мен эктазиялар.
Тарылу және бітелу. Көбінесе ауыз қуысында, жұтқыншақта, өңеште, қосалқы қарында байқалады. Мүшенің тарылуы мен бітелуі толық та, жарым-жартылайда болады, өз бетіншеде және басқа бір сырқаттың саолдарынан екінші кезекті де туындайды.
Этиологиясы. Көбінесе ірі қара малдың өңеш тамыр жемісі мен (сәбіз, қызылша, картофель) бітеледі. Кейде, күйіс малдары ккекіргенде мес қарыннан ірі алшықты азық кезегі немесе канкремент өңешке өтіп, оны бітеп тастайды. Қатпаршақ қарын ірі талшықты азықтың қатты бөлшектерімен, құммен толып, бітеледі. Мүшелердің бүлінуі, жиырылуға қабілеттілігі, қоректің заттың іркілуі және бітелуі кейде азықтандыру талаптарынан бұзылуынан, уланудан туындаған осы мүшелердің гипотониясынан, салдануынан немесе жартылай салдануынан болады.
Дерттену. Ішек қарын ішіндегі қоректік заттың жылжуының баяулап немесе тоқтап қалып, іріп шіріп, газдардың, улы заттардың пайда болуы аталған мүшелердің газ есебінен қампаюына, іштің кебуіне, организімнің улануына әкеледі, жүрек салданып не мал тұншығып өледі.
Ішектің бітелуі. Құрсақ тұсындағы кенеттен пайда болған шаншумен білінетін, малдың барлық түрі шалдығатын, дегенмен жылқыда жиірек кездесетін дерт. Туындау себептеріне қарай динамикалық және тромбоэмболиялық бітелуі деп жіктеледі.
Динамикалық бітелу. Ішектің белгілі бір жерінде қуытың тарылып немесе тығындалып, ішіндегінің жылжымай, оның сыртқа шығарылмауы. Кедергінің сипатына қарай , ол тығындалып бітелу, сығылысып бітелу және аралас бітелу деп үшке бөлінеді. Тығындалып бітелу-ішек қуысының белгілі бір телімде тығындалуына немесе тарылуына байланысты туындайды. Оған шажырқайдың керілуі немесе жаншылу қосарланбайды. Ішек нәжіспен, конкременттерімен, бөгде денелермен, ісікпен немесе гельминттермен, ішек қабырғасындағы гематомамен, т.б. біеледі. Қысылып бітелу-ішектің түйілуінен, өз өсін айнала жылжып кетуінен, ішек ілмегінің, шажырқайдың қысыла буылуынан, олардың тамырлары мен жүйкесінің жаншылуынан, ісік бауымен құндақталуынан, т.б болады.
Ішектің ұйысэмболиялық бітелуі-мүшенің қан тамырлары алыстан қанға ілесіп келген эмболмен немесе шажырқайлық алдыңғы артериядағы гельминттер әрекетінен болған ұйыстан үзілген эмболмен тығындалуына байланысты туындайды. Бұл бітелудің ерекшелігі ішектің қуысы бос болады да, оның қабырғасы мен шажырқайы жаншылмайды.
Потологиялық морфологиясы. Ішек бітелудің барлық түрлеріне зақымданған мүшелердегі ерекше өзгерістер және жалпы сипаттағы өзгерістер тән: көптеген мүшелерде қан айналысы бұзылады, паренхималық мүшелер бүлінуі процестеріне ұшырайды, мида веналық қан молаяды, қанның ұюы нашарлайды, жүрек қуыстарын борпылдақ қан кернейді, ішектің зақымданған ілмектерінің және құрсақ қуысын астарлаған бет перде де, сонымен қатар, басқа да мүшелерде қанталаулар пайда болады, өкпеде веналық қан молайып, домбығу, альвеолалық және интерстицийлік эмфизема туындайды.
Дивертикульдар мен эктазиялар. Түтікті мүше қуысының біркелкі емес жергілікті кеңейіп, қабырғасының бір жақты томпаюын дивертикул дейді. Көбінесе өңеш пен ішектің зақымдаитын бұл сырқат, туындау механизіне қарай пульістік және тракциялық дивертикульдар деп бөлінеді. Пульстік дивертикульдар-көбінесе көбінесе түтікті мүше қабырғасы ет қабатының зақымдалуына немесе қоректік заттың жылжу жолында кедергілердің пайда болуына байланысты туындайды. Тракциялық дивертикульдар-түтікті мүшенің зақымдалған көршілес мүшеге беку нәтижесінде туындайды. Мысалы өңеш қабынған лимфалық түйінмен, іріңді ұрамен немесе ісікпен тұтасады. Функциялық әрекет кезінде мұндай мүшенің қабырғасы сыртқа тартылып, бір жақты томпайып, қуыстың кеңеюіне әкеледі.

Мүше түтігінің ұзына бойына, қабырға шеңберіне тұтас қамти қапшыққа ұқсай кеңеюін эктазия дейді. Жемсауы жоқ үйрек-қазда байқалатын сырқат. Әдетте мұше түтігінің кеңеюінен бұрын осы мүшенің ет қабаты қалыңдайды. Бқл теңгеру процесі сырқатқа ұшыраған мүшенің әлсіреген функциясын қалыпты деңгейде ұстауға бағытталған қарқынды жұмыстың нәтижесінде туындайды.
Б) мес қарынның газбен жіті кернелуі, қарынның жіті кернелуі, химостаз және капростаз, қарынның бұралуы және қарынның жыртылуы.
Мес қарынның газбен жіті кернелуі-мес қарыннң газға толып кернелуі беде, жоңышқа, шіріген картоп сияқты тез бөртетін азықтарды мол жеуден, жауын-шашынан кейін шық басқан көк шөпті отаудан болады. Сырқат өңештің бітелуіне және улы шөптерді жеуге де байланысты туындайды.
Дерттену. Газбен кернеліп, көлемі ұлғайған мес қарын ішектің артқа қарай ысырады, диафрагманы ілгері көкірек қуысына қарай шартитады, құрсақ қуысы мүшелері және тамырларын жаншиді. Нәтижесінде тыныс алу мен қанның айналуы нашарлап, мал тұншығып өледі.
Потологиялық анатомиясы. Аурудан өлген күйіс малын сойып зерттегенде құрсақ қуысының тым қампиып кеткені, бас аумағындағы кілегейлі қабықтардың көгергені, мойындағы веналарды, қаңқа бұлшық еттері мен тері шелісіндегі тамырларды кернеген қара-қызыл түсті қанның ұйымағаны көңіл аударады. Қампиған емес қарынның тым керілген, бозарыңқы қабырғасы тілгенде шуылдап газ шығарады. Мүшенің ішінде өте мол, қоймалжың, газ араласып көпіршіктенген, бөрткен азық болады. Мес қарынмен жаншылып, қаны азайған бауырдың түсі ақшыл-сұр немесе сұрғылт-қоңыр тартады. Бүйректе, талақта, ішекте, ұлтабарда қан мол болуы мүмкін.
Қанның молайған өкпе домбығуға ұшырап, бронхыларда, кеңірдекте көпіршіктенген сұйық жиналады. Жүрек тұншығуға тән жай күйде болады: кеңейген оң жақ қарынша мен жүрекшеде ұйымаған қара-қызыл түсті қанның аздаған борпылдақ ұйысы болады. Эпикардта, қан тамырларының бойында, өкпеде, дененің алдыңғы жағындағы лимфалық түйіндерде, көкірек қуысының бет пердесінде қанталаулар байқалады. Мидың заты мен қабықтары тамырларын қан кернейді, қарыншаларда өте мол сұйық жиналады. Кейде мес қарын жыртылып кетеді. диягфрагманың да жыртылуы мүмкін.
Ауруға диягногз алдын ала деректерді және потологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып қойылады. Ауруды дистрофиялық және қабыну процестерімен, оларға қосарланған тимпаниямен сипатталатын шөппен уланудан ажырату қажет. Өңеш пен қатпаршақ қарын бітелгенде де мес қарын тимпанияға ұшырайды. Жылдың жылы айларында мес қарынның газбен қампаюы өлеселік процесс ретінде де байқалады.
Қарын жіті кернелуі. Негізінен жылқы мен итте байқалады, бірінші және екінші кезекті процесс ретінде туындайды. Сапасыз, тез бөртетін, тез ашитын азықтан болады. Аурудың туындауы қарынның жиырылуы және секрециялық қызыметінің бұзылуымен тығыз байланысты. Пилорустың кенеттен құрыса жиырылуынан қоректік заттың ішекке көшуі тоқтап, ол тез бөртеді. Аурудың тікелей себебі-пилорустың кенеттен құрыса жиырылуынан қоректік заттың ішекке көшуі тоқтап, ол тез бөртеді. Аурудың тікелей себебі-пилорустың құрысуы. Қарынның жіті кернеулі екінші кезекті сырқат ретінде ішектің түйілуіне, химо-және капростазға байланысты туындайды.
Өлекседе тым қампайған құрсақ қуысының қабырғасы тырсиып тұрады. Жаншылған құрсақ қабырғасының ет қабаты кейде трқалады да, ішек ілмекерім терінің астына өтеді. Өлексені сойып зерттегенде жалпы көрініс мес қарынның жіті кернелуінен өлген күйіс малдарын сойып зерттегенде байқалатын көрініске ұқсас.
Химостаз және капростаз. Аш ішек ішіндегісінің іркілуін химостаз, ал тоқ ішек ішіндегісінің іркілуін капростаз дейді. Сапасыз азықты жегізгенде, ішектің жиырылуы бұзылғанда, ішек бітелгенде туындайды. Жылқыда, қойда, итте, сирегірек ірі қара мал мен шошқада байқалады.
Өлген жануарларды сойып зерттегенде ішекте нығыздалады, құрғақ қиқымды масса байқалады. Химо-капростазға ұшыраған ішек телімінің қабырғасы жұқа, бозарыңқы болады, оған көршілес алдыңғы ішек бөліктерін әдетте газ кернейді.
Қарынның бұралуы. Сирегірек иттердің ірі тұқымдарында байқалатын, азықты мол жегеннен кейін кенет қимылдарға байланысты туындайтын ауру. Өлексені ашып көргенде қарынның оң жағының солға қарай бұралғаны, өңештің аяққы бөлігінің бұралғаны, ащы ішек пен он екі елі ішектің жаншылғаны байқалады. Газбен толып, шарға ұқсай қампиған қарын қарақошқыл түсті болады. Бұралғаны қарынға ілескен талақ қисайып кетеді, қанмен кернеліп, көлемі ұлғаяды. Қарында қан араласқан қоректік затпен газ болады. Бұралған қарынға ілескен талақ қисайып кетеді, қанмен кернеліп, көлемі ұлғаяды. Қарында қан араласқан қоректік зат пенн газ болады. Кілегейлі қабық, жалпы мүшенің басқа қабықтары да қара-қызыл түсті келеді. Өңештің бұралғаны жерінде ақшыл түсті странгуляциялық жылға байқалады. Құрсақ қуысында біршама қанға ұқсаған сұйық жиналады. Орыннанн аздап ысырылған бауыр бозарыңқы болады. Өкпедегі қан іркілді, домбығу сұйығы жиналады. Жүректің кеңеген қуыстарын борпылдақ ұйыған қан кернейді.
Қарынның жыртылуы. Қарынның ешқандай өзгерістерге ұшырамай-ақ та, дистрофиялық, қабыну процестеріне ұшырап барып та жартылады. Мүшенің қабырғасы түгел жыртылуы мүмкін. Кілегейлі қабық кейде жыртылмайды да, жыртылған екі сыртқы қабаттағы тесік арқылы томпайып шығып тұрады. Қарын қабырғасы көбінесе үлкен иінді бойлай жыртылады. Жыртықтың ұзындығы 30-40см дейін жетеді. Әуелі ылғалды қабық, сосын ет қабаты, одан әрі кілегейлі қабық жыртылады. Қоректік затпен ластанған, қанмен кеуленген жыртықтың жиегі тегіс емес, шашақты болады. Өлексе тез және өте күшті күмпиеді. Құрсақ қабырғасы жыртылып, қоректік зат тері астына өтуі мүмкін. Құрсақ қуысында лайланған, қоректік зат араласқан қызғылт сұйық болады. Қарынның жыртылуы өлекселік процесс болуы мүмкін. Мұндай жыртылудың жиектері тегіс болады және қанталамайды.
В) ішектің орынан жылжып кетуі, жарықтар және түсіп кетулер және қарын-ішек тастары
Ішектің орыннан жылжып кетуі бұралу, инвагинация және жарықтар түрлерінде байқалады.
Ішектің бұралуы-ішектің әдеттегі қалпы өзгеріп, оның өз бойымен 90, 180, 360 градусқа бұралуы. Көбінесе жылқы шошқа мен ет қоректілер ұшырайды.
Ішектің бұралуы шажырқайдың да бұралуына, ондағы веналардың жаншылуына, сөйтіп қанның іркілуіне, одан әрі ішектің іркілу инфарктісіне әкеледі. Өлексені сойып зерттегенде құрсақ қуысында бірнеше литр, қара-қызыл, мөлдір сұйық болады. Ішектің бұралған бөлігі ылғалды және кілегейлі қабықтарды күңгірт-қызыл түсімен, қабырғаның қызғылт жалқаяқпен кеуленіп қалыңдаумен ерекшеленеді. Кілегейлі қабықта лас сұрғылт реңкті өліге ұшыраған телімдер байқалады. Тоқ ішектің тікелей бұралған жерінде ішек қабырғасы жаншылып, ағарады.
Осындай өзгерістер ішек ілмегі ісіктің бауымен қысылғанда да байқалады.
Ішек ілмегінің қысылып, түтігі бітеліп, қабырғасының қанталаған инфарктіге ұшырауы ішек ісік бауымен, ылғалды қабықтағы сырқаттық процестерге байланысты пайда болған дәнекер өрмелік талаптары мен буылғанда туындайды.
Ішек инвагинация- ішектің бір бөлігінің екінші көршілес бөлек ішіне енуі. Негізінен жіңішке ішек ұшырайды. Ішек ілмегінің төменгі ілмек ішіне енуі, яғни төменге түсетін және жоғарыға көтерілетін инвагинациялар түрлерінде байқалады. Инвагинацияға ұшыраған телім бір-біріне еңген үш-сыртқы, ортаңғы және ішкі түтіктерден тұрады. Сыртқы және ортаңғы түтіктер бір-біріне кілегейлі қабықтармен, ортаңғы және сыртқы түтіктер-ылғалды қабықтар мен бағытталған.
Көп мәртелі, яғни екі, үш мәртелі инвагинацияларда кездеседі. Мұндай жағдайда инвагинацияға ұшыраған телімдегі қабаттар саны да артады. Ортаңғы және ішкі түтіктер арасында шажырқай қысылып, ондағы тамырлар жаншылып, ішектің осы телімінде іркілу инфарктісінің туындауына әкеледі.
Инвагинаттар ылғалды қабығы көкшіл-қызыл, қара-қызыл тартады, онда көптеген дақ және жолақ қанталаулар болады. Кілегейліні, оның астындағы қабатты эритроциттер жайлайды.
Бір-біріне енген ішек ілмектерінің қабықтарына микрофлора еніп, ылғалды қабықты фибринді қабынуға ұшыратып, ішек … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz