Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары | Скачать Реферат

0
720

Жоспар.

І. Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …3-4
ІІ. Негізгі бөлім … … … … … … … .. … … … … … … … … … … .5-6
2.1. Ірі қараны бордақылау … … … … … … . … … … … … … … …7-8
2.2.Шошқаны бордақылау. … … … … … … … … … … … … … … 9-10
2.3. Жылқыны бордақылау. … … … … … … … … … … … … … …11
2.4. Қойды бордақылау. … … … … … … … … … … … … … … … 12-15
2.5. Жайып бағу. … … … … … … … … … … … … … … … … … .16
ІІІ. Қорытынды. … … … … … … … … … … … … … … … … … ..1 7
ІV. Пайдаланылған әдебиет … … … … … … … … … … … … … ..18

І.Кіріспе.
Қазақстанда малды бордақылауды азық қорына байланысты бірнеше түрде болады: табиғи жайылымды пайдалану, табиғи жайылыммен қатар құрама жеммен немесе шөппен үстеп қоректендіру, бордақылаудың соңғы байлауда құрама жем, сүрлем, өндipic орындарының қалдықтарын (қант, спирт өндipicтepi) пайдалана отырып жоғары қоңдылыққа өткізу. Ipi қараны жайылымда дайындықты етке тапсырылатын малды табынға бөлуден бастайды. Бағалау (бонитировка) немесе жарамсыздықка шығарылған сақа малды олардың жынысы, жасына байланысты табынға бөледі. Сиыр табынының көлемі 150-200 бас, жылқы 100-150 бас, қой — 600-900 бас. Жас малды жайып ceмірту 4-5 ай, ал сақа малды жоғары коңдылыққа 3-4 ай қажет. Мүмкіншілігіне қарай малды жайылымда семіртуді ет кешендеріне айдаумен бірге жүргізеді. Бұл жағдайда жайылымның жағдайына қарай үстеп азықтандыру және сумен қамтамасыз маңызы зор.
Қазіргі кезде ет өндірісінде төмендегі түрде ет өндіретін арнаулы шаруашылықтар бар.
1. Толық айналымдағы арнаулы ет өндіру шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтар табиғи жайылымы жеткілікті, көп мөлшерде шөп өндіретін аймақтарда орналасқан. Бұл шаруашылықтарда ет өндірісі үшін айналымнан артық бұзаулар пайдаланылады. Оларды етке өткізу үшін арнайы өсіріп, бордақылайды.
2. Арнайы eттi мал өcipy шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтардың міндетіне eттi мал алу жатады. Олар бұзауды тек қана сиыр басын толықтыру үшін өсіреді. Ал одан артық бұзау мал бордақылау шаруашылықтарына өткізіледі.
3. Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтарда eттi тұқым мал өсіріліп, олар басқа шаруашылықтағы eттi тұқымдарды асылдандыруға пайдаланылады.
4. Арнаулы асыл тұқым шаруашылықтары. Бұл шаруашылықтарда eттi тұқым мал өсіріліп, олар басқа шаруашылықтағы етті тұқымдарды асылдандыруға пайдаланылады.
Республикамызда халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде мал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі ол етке қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар төрт түлік жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігінің негізін қалайды. Ал ет адам организмінің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті ақзаттың, көмірсудың, витаминдердің, минералды заттардың негізгі көзі. Сойысмалы – союған емес етке өткізуге тағайындалған мал. Сойыс малының кұрамы түліктің түріне, тұқымына, мал тобының құрылымына байланысты. Қойда сойыс малын әртүрлі жастағы ісек, төл алуға жарамсыз деп танылған саулық, жақсы жетілген, семізеркек қозы (марқа) мен еркектоқты, мүйізді ірі қара малда – бордақыланып немесе жайып семірткен еркек тайынша, өгізше, өгіз, табында ұстауға жарамсыз деп табылған сиыр, жылқыда – дөнен, басы артық тай, құнан, құнажын байтал, жарамсыз топқа шығарылған бие, ат, айғырлар құрайды.

ІІ. Негізгі бөлім.
Бордақылау — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды Бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 — 14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы Бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды.
Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басынд ажайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Денісау мал ғана тез қоңалып семіреді. Сондықтан бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет.

2.1.ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ.
Тана-торпақты әдетте тәулігіне ірі азықпен 3 рет, ал шырынды азықпен 2 рет азықтандырған жөн: алдымен жем салып, содан кейін шырынды азықтар, артынан ірі азықтар салады. Бір жасқа дейінгі малға тамыр жемістілерді турап берген жөн. Ұрықтандырылған құнажындардың күтімін күшейтіп, олардың салмақ қосуы азайып, аза бастаса, буаздырының соңғы 3 айында 1 — 3 рет құнарлы жем қосып азықтаңдырады. Ірі қара малының денсаулығын сақтау және өнімділігін арттырудың басты кепілі оны дұрыс бағып-күтуді ұйымдастыру. Ғылым және шарушылық тәжірибесінде ірі қараны ұстаудың озық әдістері жинақталған.
Қазіргі уақытта бұл салада жетпейтін мәселе сиырларға арналып салынған және пайдаланып келе жатқан қораларда оптималды микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің жоқтығы және олрада санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталмауы.
Ал енді жеке шаруашылық жағдайларында ірі қара малы жеңіл-желпі қораларда, қалыптасқан белгілі бір бағу жүйесіз ұсталуда, ал азықтандыру мен оларды бағып-күтуде гигиеналық-санитариялық талаптарға аса мән берілмеуде. Нәтижесінде мал өнімділігінің көрсеткіштерінің төменділігі, әртүрлі аурулардың мал арасында етек алуы. Ал ірі қара мал шаруашылығын қарқынды дамытудың бірден-бір бағыты заман талабына сай озық күтіп-бағу жүйелерін енгізу жене санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау болып табылады.
Ірі қара малдарын тұрғызып ұстауға арналған қоралардың микроклиматы тұрақты және қалыпты, яғни малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ауа температурасы +8 градустан төмендемей, салыстырмалы ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы қыс айларында 0,3 мсек артпай, көмірқышқыл газының концентрациясы 0,25 пайыздан жоғарыламай, әр куб.м ауада аммияктың мөлшері 20 мг-нан, күкіртті сутегі газы – 10 мг-нан аспауы керек. Қораның табиғи жарықтану коэффициенті 1:15 қатынасынын төмен болмауға тиіс.

2.2.Шошқаларды бордақылау.
Шошқа шаруашылығында етті бағытта жас шошқаларда бордақылау, оның ішінде беконды (қақтап тұздауға арналған) семірту және ірі шошқаларды майланғанша бордақылау болып екіге бөлінеді. Бордақылау шошқа шаруашылығында ет өндірудегі соңғы процесс болып саналады. Бордақылауға жас шошқаларды және бракқа (жарамсызға) шығарылған үлкен малдарды қояды. Бордақылауға жас шошқаларды 2,5-3 айлық жасынан, тірі салмағы 25-30 кг жеткенде 20-25 бастан топтап және топтағы шоқалардың салмақтарының алшақ айырмасы 3 кг аспайтындай біріктіріп станоктарда ұстайда. Оларды 25 бастан топтау кезінде бір станокта 3 аналық шошқаның ұясынан іріктеп енесінен айырған торайлар жиналады. Топтаған жас шошқалардың санын әртүрлі бірнеше ұялардан жиып ұлғайту олардың араларында талас тудырып, бірін-бірі ығыстырып, азықтан шектеп, азықтың сіңуіне бөгет жасайды да, өсіп-жетілуден кем қалуына апарып соғады. Ең жоғарғы бордақылау көрсеткіштері бір ұядан (станоктан) бөлініп алынған жас торайларды жекелеп ұстаған кезінде алынады. Ондай тәсілді бордақылау кезінде жас торайларды бір станоктан екіншісіне ауыстыру, олардың бір-бірімен үйлесуі, азық жеуге үйренуі және жаңа жағдайға қалыптасуы оңайлап, малдарда стресс тумайды. Құнарлы азықтар мен көректендіріп, бордақылау кезінде қалыпты жағдай тудырып, күтіп-баққанда жас шошқалардың тәуліктік салмақ қосуы жоғары болып (700-1000 г) шығады. Бордақылау кезінде азықтың құнарлылығына баға бере отырып, ондағы аминқышқылдарының рациондағы мөлшерін анықтап, көңілді аса лизин қышқылына бөліп, оның жетіспеушілігін рационға балық, ет және сүйек ұндарын, бұршақты тұқымды өсімдіктердің шөп ұндарын және арнайы синтетикалық (жасанды) жол мен алынған лизинді қосып қалыптау қажет.
Шошқа eтін өндіретін шаруашылықтар
1. Толық айналымдағы шаруашылықтар. Мұндай шаруашылықтарда мегежіндер ұсталады, алынған торайларды өcipy және бордақылау жүргізіледі.
2. Торай алу шаруашылыңтары (репродукторные хозяйства). Бұл шаруашылықтарда торай алу және оны 4 айға дейін өcipy жүргізіледі.
3. Бордақылау шаруашылықтары. Негізінен өз азық корының күшімен шошқаны бордақылауға мамандандырылған шаруашылық.
4. Асыл тұқым зауыттары мен кеңшарлары. Бұл шаруашылықтар шошқа тұқымын асылдандыру жұмысын және асыл тұқымды торайлармен баска шаруашылықтарды қамтамасыз етеді. Кейінгі кезде шошқа етін өндіретін аса үлкен кешендер жұмыс істейді. Олар жыл сайын 12, 24, 54 және 108 мың бас шошқа өсіруге, оны бордақылауға арналған. 108 мың басқа арналған кешеннен әр 2 күн сайын, тірілей салмағы 110-115 кг болатын 500 шошқа алынады, 24 және 54 мың басқа арналған кешендерден осынша мал әр 4-8 күннен ал 12 мың бастық кешеннен 166 күннен алынады. Мұндай шаруашылықтар ipi қаралар маңында, ipi астық өндіретін аймақтарда орналасқан. Бұған Алматы облысындағы Іле, бұрынғы Көкшетау облысындағы Көкшетау , Карағанды облысындағы Волынь шаруашылықтары, т.б. жатады.

2.3. ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАУ
Жылқыны әдетте күзде( қыста бордақылайды, ал кейде дербес шаруашылық иелері өз қажеттеріне қарай жаздың екінші жартысында да, қараша-желтоқсан айларында да бордақылауларына болады. Жылқыны жылдың жылы кезінде төбесі ашық қорада, қыста жылқы қораларда бордақылайды. Кейде дербес шарушылық иелерінің жеке-жеке бордақыламай, бірнеше үй бірігіп бордақылауына да болады. Жылқы бордақылайтын қорада ені 0,7 — 1,0 метр, тереңдігі 30 — 40 сантиметр үнемі тұз тұратын астау, жем салатын оттық болады. Бір жылқыға астауша оттықтап кемінде 0,6 метрден орын тиетін болу керек. Жылқының оттықтың екі жағынан бірдей тұруы мүмкін, сондықтан ондайда әрбір малға 0.4 — 0,5 метрдей орын бөлінеді. Бордақылайтын жерде су құятын науа болуы керек. Осы науаға су құйып, бордақыдағы жылқыны күніне үш рет суару қажет. … жалғасы