Арманым – менің шабытым

0
257

Арманым – менің шабытым

Сәлеметсіз бе?! Құрметті массагет сайтының тұрақты оқырманы.

«Сәлем-сөздің анасы» демекші өзімді таныстыруды жөн санадым.Менің есімім Асель.Мен Түркістан облысы Шымкен қаласының тумасымын.Қазіргі таңда Алла қалауымен  11 сыныпты тәмәмдағалы жатырмын.Алдымда мені Ұлттық Бірыңғай Тест күтіп тұр.Соған қызу дайындық үстіндемін.Таңдау пәнім математика+география.Алдағы уақытта өзімді менеджмент саласында көргім келеді.Әртүрлі компанияларда,коорпорацияларда,фирмаларда кәсіпкерлермен жұмыс жасағым келеді.Оның себебі;ондай жұмыс менің қызығушылығым және қалауым.Мен осы сала бойынша Қазақстанға үлкен серпін беріп,дамытқым келеді.

Жалпы,ҰБТ ға дайындалатын оқушы массагет сайтында не үшін блог жазып отыр? деген сұрақ көкейіңізде тұрған болар.Әрине оның жауабы… Мен массагет сайтын 8 сынып оқып жүрген кезімде көрген болатынмын.Сол уақыттан бері массагет сайтынан әртүрлі пайдалы әрі қызықты ақпараттар алып келе жатырмын.Ала бермекпінде.Сол кездерде менде менде осындай блогтар жазсам екен деп армандайтынмын.Өзіммен жасты оқушылар блог жазып,дүйім жұртпен өздерінің ойымен бөлісіп жатқанда менде неге осылай өзімді дамытпасқа? деген ойлар сап ете түсті.Міне арманым арманым араға жылдар салып орындалып жатыр.Бұл мен үшін қуаныш әрі жетістік.массагет сайтына блог жазу өзімді дамытудың алғышарты және хоббиім болмақ.

Ал енді бастапқы тақырыптың аясын кеңінен ашсам ба деп отырмын.Кез келген адамның өмірінде армандаған арманы,алға қойған мақсаты болады.Онсыз өмірді елестету мүмкін емес деп ойлаймын.Адамның таңертең қуанышпен оянуына осы армандаған армандары түрткі болады.Тіпті қол жетпейтін армандар болса да армандай білу керек,оның тап өзі орындалмаса да шағын бөлігінің орындалу сіз үшін жетістік.Ал мен үшін арманым шабытым.Армандарымның орындалып жатқаны көз алдыма елестеген кезден-ақ мерейім тасып,шабыт аламын.Сіздерде армандаңыздар.Армандар алға жетелейді.Арманды мақсатқа айналдырып,жетістікке жету сіздің қолыңызда.

Басқасынан бейхабармын,бірақ армандардың бір күні болмаса бір күні орындаларына сенімім мол…..


Дереккөз: https://massaget.kz/