Архитектура және өнер

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Архитектура және өнер

Автор: Хасенова Райхан Калигожакызы

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Сабақтың мақсаты:
— Түркі тілдес халықтардың мәдениетінде ерекше орын алатын сәулет, бейнелеу және қолтанбалы өнер ескерткіштері жайлы оқушыларға жан жақты түсінік беру:
Сабақтың негізгі ұғымдары: Архитектура. Өнер. Ақыртас, Білеулі ғимараттары. Садобалар. Діни сәулет өнері. Бейнелеу өнері, мүсін өнері. Қолданбалы өнер. Терракота.
Сабақтың уақытың тиімді пайдалану үшін үй тапсырмасы тест сұрақтары арқылы тексеріледі сұрақтарды ауызша қоюға немесе үлестірме қағаздар арқылы таратуға болады.




Архитектура және өнерСабақтың мақсаты:

  • Түркі тілдес халықтардың мәдениетінде ерекше орын алатын сәулет, бейнелеу және қолтанбалы өнер ескерткіштері жайлы оқушыларға жан жақты түсінік беру:

Сабақтың негізгі ұғымдары: Архитектура. Өнер. Ақыртас, Білеулі ғимараттары. Садобалар. Діни сәулет өнері. Бейнелеу өнері, мүсін өнері. Қолданбалы өнер. Терракота. Сабақтың уақытың тиімді пайдалану үшін үй тапсырмасы тест сұрақтары арқылы тексеріледі сұрақтарды ауызша қоюға немесе үлестірме қағаздар арқылы таратуға болады.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Жартылай көшпелі мәдениет дегеніміз не?
  • Қала мәдениетінің ерекшелігі қандай?
  • Материалдық мәдениетке не жатады?
  • Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының материалдық мәдениетіне сипаттама беріндер.
  • VI-IX ғасырлардағы сауда мен ақша айналымы туралы не білесіндер?

Жаңа сабақты оқыту жоспары:

  • Діни сәулет өнері.
  • Бейнелеу өнері.
  • Қолданбалы өнер.

Өткен сабақ пен жаңа тақырып сабақтастығын дамыта отырып, түріктердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетінің дамуы, рухани мәдениет салалары – сәулет өнері, бейнелеу және т.б. өнер түрлерінің өркендеуіне алап келгені баяндалады. Мұғалім тақтаға сол кезеңдегі архитектуралық ескерткіштердің суреттерін іліп, олардың тарихымен таныстыруына болады. Картадан архитектура мен өнер ошақтарының орналасқан жерлерін көрсету қажет. Тақырыпты оқушылардың меңгеруін жеңілдету үшін мұғалім әрбір тақырыпшаны тірек –сызба арқылы түсіндіреді. Әрі қарай оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, іздену қабілеттерін дамыту мақсатында өзіндік жұмыстар тапсырылады. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Әр топқа алдымен тірек – сызба құрастыру және сөздік жұмысын жасау үшін тақырыпшалар бөлінеді 1-Топ – Архитектуралық құрылыс жүйесін талдау.2- Топ – Діни сәулет өнері ескерткіштері мен бейнелеу өнерін талдау.3-Топ – Мүсін өнері мен қолданбалы өнер туындыларын талдау.Өзіндік жұмыстар тексерілген соң, сабақты бекіту сұрақтары қойылады. Сабақты бекіту сұрақтары:

  • VI-IX ғасырларда архитектура мен өнердің қандай ерекшеліктері болды?
  • Өнердің қандай түрлері бар?
  • Сендерді өнердің қандай түрлері қызықтырады?
  • «Балбалдар» қазіргі кезге дейін сақталған ба?
  • VI-IX ғасырларда қолданбалы өнердің қандай артықшылықтары болды?

Үйге тапсырма:Сұрақтарға жауап беру

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.