Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері

0

Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері.
ЖОСПАР.
І. Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қоныстар мен мекенжайлар және олардың түрлері.
2.Жерлеу ескерткіштері және олардың түрлері.
3.Археологиялық ескерткіштердің басқа да түрлері.
4.Су астындагы ескерткіштер
ІІІ .Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе- Адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады.

Археологиялык ескерткіштер көп түрлі, олар: қоныстар, жерлеу орындары, адамдардың іс-әрекетіне, шаруашылығына қатысты орындар, рухани дүние ескерткіштері және т.б. топтарға бөлуге болады.
Қоныстар. Ежелгі адамдардың уақытша не ұзақ мерзімді қоныстанган жері қоныс деп аталады. Қоныстар пайдаланылған, салынған уақытына және қүрылысына қарай тұрақ, елді мекен және қала болып бөлінеді. Тұрақтар. Түрақ деп алғашқы қоғам адамдарының уақытша не үзақ уақыт түрақтаған, мәдени қабаты бар, бірақ, қолдан салынған күрделі қүрылысы жоқ орындар аталады. Адамдар тұрақ ретінде үңгір, қалқа, апандарды пайдаланған. Пайдаланылған уақытына қарай: олар төменгі ерте тас (Бөрікдзған, Шоқтас, Қоскорған); жоғарғы ерте тас (Ащысай, Үшбас); жаңа тас ғасыры (Қараүңгір, Ш.Уәлиханов) тұрақтары болып бөлінеді. Елді мекендер. Алғашқы қоғам дамуының келесі кезеңдерінде табиғат жағдайы тіршілікке қолайлы жерлерде адамдардың қолымен салынған үйлер (кұрылыстар) — еллі мекендер кеңінен тарала бастаған. Мысалы: мыстас (Ботай), қола ғасыры (Қанай), ерте темір ғасыры (Ақтас), ортағасырлық (Бабата, Құлантөбе (3-сурет) Құмбүлақ) елді мекендері. Түрақ пен мекендерде бекініс болмайды. Қалалар. Елді мекендермен қатар жер бедері қорғанысқа қолайлы өзен, көл, теңіз жағаларында, мүйістерде, өткелдердің басында, тау шатқалдарында, оларға кіре (шыға) берісте, керуен жолдарының бойында қалалар салына бастаған. Қалалардың түрақ пен елді мекеннен басты айырмашылығы сонда, оны қоршаған қамал, ор және т.б. қорғаныс қүрылыстары болады. Қалалар салынған, өмір сүрген уақытына қарай ежелгі (антикалық) калалар (Шырық рабат, Алтын асар), ерте ортағасырлық қалалар (Ақтөбе, Күлтөбе), ортағасырлық қалалар (Сығанақ, Қарашық), кейінгі ортағасырлык қалалар (Сауран, Созақ), қазақ хандықтары кезіндегі қалалар (Өгізтау, Қырыққыз) болып; тарихи-топографиялық қүры-лымдарына қарай: үш бөлікті (шахристан, цитадель, рабат) қалалар (Отырар, Түркістан); ұзын қорғанды (орталық бөлік, шаурашылық аймағы және оларды қоршаған, үзындығы бір не бірнеше км үзын қорғаны бар) қалалар (Ақтөбе, Аспара); төртбүрышты (Оққүм, Түймекент), көп бүрышты, дөңгелек (Қотан) қалалар; алаңды төбе үлгісіндегі (Арыстөбе, Қараағашты) қалалар. Бірқатар қалалардың ертедегі аты сақталған. Мысалы, Тараз, Меркі, Аспара, Жүйнек қалалар осы аттас қазіргі елді мекендер мен қалада орналасқан. Кейбір қалалардың аттары жазба деректерде айтылған, бірақ олардың нақты орналасқан жері қазіргі күнде белгісіз. Мысалы, ортағасырлық Мейрамтөбе, Бадухкет және т.б. қалалар.Тарихи қалалардың көпшілігі бүгінгі күнге бүзылған күйінде жеткен, олардың тарихи-топографиялық қүрылыс-тары шөгіп, үстіне шөп өсіп кеткен. 2000 жылдық тарихы бар ежелгі Тараз қаласы қазіргі Тараз қаласының астында қалып, толық бүзылып кеткен ескерткіш. Қазақ жеріндегі ортағасырлық тарихи-топографиялық бедері және бекініс жүйелері жақсы сақталған бірден-бір қала -ортағасырлық Сауран .Түрақтар, елді мекендер мен қалалар кепшілігінде биік жерде, қазіргі елді мекендер мен қалаларға жақын орналасқан, әрі олардың мәдени қабаттары бірнеше см-ден ондаған метрге дейін жетеді, сондықтан да оларды іздеген кезде олардың орналасу ерекшелігіне, тарихи-топографиялық бедеріне көңіл аударған дүрыс.
Қарауыл мұнарасы, қарауылтөбе. Археологиялық ескерткіштердің бүл түрі керуен жолдарының бойында, асуда, өткелдің басында, ежелгі және ортағасырлық қалалардың төңірегіндегі жан-жақты бақылап түруға ыңғайлы биік жерге салынған. Мысалы, Ботамойнақ, Кіші Бурыл мұнаралары ежелгі Тараз қаласын жан-жағынан қоршап жатқан тау жоталарының биік жерінде, Ақсүмбе (Ақбикеш) Қаратаудың теріскей беткейіндегі биік тау жотасының үстіне салынған (6-сурет, 1), ал Ақкесене мүнарасы — ортағасырлық керуен жолының Мойынқүмды кесіп өткен жерінде түр. Кең таралған археологиялық ескерткіштердің қатарына жерлеу орындары жатады, олар үстінде үйіндісі бар не жоқ болуына қарай екіге бөлінеді: біріншісі — үстінде үйіндісі жоқ қабір шүңқырлары мен қоршаулар, екіншісі -үстінде үйіндісі бар обалар.
2. Қабір шұңқыры. Үстінде үйіндісі жок қабір шүңқыры жерлеу орны ретінде төменгі ерте тастың мустье кезінен бастап тарала бастаған, олар, сонымен қатар, жоғарғы ерте тас және қола ғасыры кезінде де таралған. Кейбір зерттеушілердің пікіріне қарағанда, кезінде қабір шүңқырының үстіне ағаш, топырақ не шым жабылған болса керек, бірақ, олар әртүрлі себептерге байланысты осы уақытқа дейін сақталмаған. Қола ғасыры кезінен бастап Қазақстанда үстінде үйіндісі жоқ, қырынан көмілген тастармен төртбүрышты, сопақша, дөңгелек етіп қоршалған қоршаулар тарала бастаған.
Обалар. Үстінде үйіндісі бар жерлеу орындары оба деп аталады. Обалар үетін-§ дегі үйіндінің неден үйіл-геніне қарай: топырақ, топы-пен тас аралас және тас обаларға белінеді, ал көлеміне қарай: кіші және үлкен обалар болып бөлінеді. Мысалы, Үлкен Бесшатыр обасының аумағы 104 м, биіктігі 17 м. Сыртқы жобасына қарай обаларды: жәй оба, коршаулы оба мұртты оба жөне т.б. деп бөледі. Қазақ халқы обаларды санына қарай: үщ оба, жеті оба, мың төбе деп, ал жер атына байланысты: Бесшатыр, Берел, Ёсік, Берікқара т.б. деп атайды. Сонымен катар, обаларды орналасқан жердің тодырағының түсіне қарай Сортөбе, Актөбе, Қызылтөбе деп те атаған.Үстінде үйіндісі жоқ жеке қабір шүңқыры не обадан түратын жерлеу орындары сирек кездесе-ді. Бір жерге топтасқан (шоғырланған) обалар обалар корымы деп аталады. Жерлеу орындарына тікелей қатысы бар ескерткіш-тердің қатарына бос мола (кенотаф), пирамида, кесене, төртқүлақ, сағаналар кіреді. Бос мола- кенотаф (ғрекше kenotaphion — бос мола). Ескерткіштің бұл түрі Орталық Азия мен Қазақстанда таралған. Жазба деректерге және этнографиялык байқауларға қарағанда бос мола туып-өскен жерінен жырақта (басқа жерде) жүріп өмірден озған ру, тайпа мүшесінің қүрметіне салынған жерлеу орны болып табылады. Бос мола рулык зираттың ішінен қазылады.Пирамидалар мен кесенелер әлеуметтік жағдайы ерекше қоғам мүшелеріне арнап салынған жерлеу қүрылыстары.
Пирамида … жалғасы