Әрдайым әдемі көрінгіңіз келсе
✅ 1. Ең алдымен өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындаңыз. Өз-өзіңіздің жалқаулығыңызды жеңе біліп, ерте тұрып жаттығу жасап, артық салмақтан арылуға ұмтылыңыз.
✅ 2. Тамақтанып болған соң ешқандай сусын ішудің қажеті жоқ. Себебі ол сіздің ішіңіздің созылып кетуіне себепші болады. Тамақтан кейін шамамен 1 сағаттай шыдай тұрыңыз, сосын іше берсеңіз болады.
✅ 3. Қарныңыздан құтылғыңыз келсе, әртүрлі жаттығу жасаңыз. Әсіресе пресс жасаған өте жақсы әсер етеді. Бірақ күнделікті белгілі бір тәртіппен жасауды дағдыға айналдырыңыз.
✅ 4. Жиі және аз-аздан тамақтанған жақсы. Күніне 5 рет әр үш сағат сайын тамақтансаңыз дұрыс болады. Тек қана уақытын өзгертпеңіз. Бір мезгілде ішіп үйреніңіз.
✅ 5. Монша мен сауна артық салмақтан құтылуға көмектеспейді. Олар тек 2 сағаттан кейін қайтып келетін сіздің ағзаңыздағы суды шығарады.
✅ 6. Сағат төрттен кейін ақуызды заттарды тұтыныңыз. Өйткені күннің екінші жартысында көмірсулар майға айналады.
✅ 7. Таңертең міндетті түрде душ қабылдаңыз. Ол тек сіздің қанайналымыңызды жақсартып, зат алмасу процесін жеделдетіп қоймайды, сонымен қатар көңіл-күйіңізді көтеріп, күш-жігеріңізді арттырады.
✅ 8. Асыңызды әрқашан асықпай әрі әбден шайнап жұтыңыз. Ол зат алмасуды жеделдетіп, калориядан тезірек құтылуға көмектеседі.
✅ 9. Аяғыңызды сермеп жаттығу жасаңыз. Бұл саныңыздағы майдан арылуға керемет көмектеседі.
✅ 10. Компьютердің алдында немесе кітап оқып отырып тамақ ішуді қойыңыз. Арқасы тік үстелге отырып, барлық ас ішетін құралды пайдаланып тамақтаныңыз.
✅ 11. Жеңіл-желпі жүрек жалғап алғыңыз келсе, кішігірім жаттығу жасап жіберіңіз. Егер оған ерініп тұрсаңыз, душқа түсіңіз. Ең бастысы тамақты ұмытып кетсеңіз болды.
✅ 12. Физикалық жаттығуларды күн сайын жасап тұруға тырысыңыз.
✅ 13. Егер денеңіздің тартымды болғанын қаласаңыз, аптасына 2-3 рет болса да спортпен шұғылданыңыз.
✅ 14. Таңертең аш қарынға екі стақан су ішіңіз. Лимон қосып ішіңіз, сосын 10 минуттан соң зәйтүн немесе зығыр майын араластырып ішсеңіз болады. Таңғы ас кезінде бір жасыл алма жегеніңіз де пайдалы.
✅ 15. Дана халқымыз «таңғы асты тастама» дейді. Сондықтан таңертеңгі тамағыңыз күні бойы күш-қуат беретіндей құнарлы болуы керек.
✅ 16. Ас мезгілдері арасындағы үзілісте су ішіңіз. Су – сіздің ең жақсы досыңыз. Оның денсаулығыңызға пайдасы мол.
✅ 17. Ал кофе, темекі, алкоголь, газдалған сусындар, фастфуд, майонез, шұжық, түрлі қытырлақ картоп денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Тіпті адам айтса сенгісіз ауруларға ұшыратуы мүмкін.
✅ 18. Жаңғақтар мен майлар – өте пайдалы тағамдар. Бірақ оларды өз мөлшерімен тұтыну керек.
✅ 19. Тамақ ішіп отырған кезде, шай ішетін әдетіңізді ұмытыңыз.
✅ 20. Тамаққа тойғаныңыз 20 минуттан кейін сезілуі мүмкін. Сондықтан «тойған жоқпын» деп жей беруді қойыңыз. Өйткені 20 минуттың ішінде қаншама зат жеп қоюға болады.