Арбаға таңылған досымен ән айтқан жігіт жұрттың жүрегін ауыртты (ВИДЕО)

0
844

Әлуметтік желіде сахнада арбаға таңылған досымен бірге ән шырқаған жігіт видосы айда болды. Бұл бейнежазбаны әнші Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында жариялаған.

Жас жігіттер Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдулиннің орындауындағы «Досым» әнін айтқан. Олардың бірі арбада отырса, екіншісі қасында қолдау көрсетіп тұрған.

«Кеуде бөлек жаны бір достар көп болсын. Алла жар болсын бауырларға, жүрекке жылылық ұялатады мына көрініс», – деп жазған Әбіджаппар видео астына.

Бйнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары мүгедек жігітке зор денсаулық тілеп, адал достықтарының мәңгі болуын тілеген.