Аралық станциялар | Скачать Материал

0
489

Кіріспе

Халық шаруашылығы мен тұрғындарды тасымалдау қажеттілігін
қамтамасыз ететін еліміздің бірегей көлік жүйесінде теміржол көлігінің
алатын орны ерекше. Көліктердің барлық түрлеріндегі жүк айналымның
жартысы жэне жолаушы тасымалы айналымының үштік бөлігі осы темір
жолдың үлесінде.
Темір жол желісі телімдерге бөлінсе, ал телімдер аралықтарға бөлінеді.
Аралық шекарасында түрлі пунктер қызмет етеді: станциялар, разъездер,
аралық пунктер мен жол бекеттері (телімдер автоматты блоктаушыдан,
станция аралықтары блоктелімдерден тұрады және өтпе жолдар кіреберіс,
шығаберіс бағдаршаммен қамтамасыз етілген).
Тасымалдау үдерісі станцияда басталып, станцияда аяқталады.
Станцияның жұмысына мыналар жатады:
— белгіленген жоспарға сай, техникалық тексеруден өткен, массалық
салмағы мен ұзындығы анықталған поездарды кесте бойынша жөнелту;
— поездардың қозғалысты қауіпсіздендіру, оларды қабылдау және жөнелту;
ашық жылжымалы құрамды, жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік
ережелерін сақтаумен қамтамасыздандыру;
— жүк және жолаушыларды тасымалдаудың қазіргі заманға сай талаптарын
орындау;
— тасымалдау бағасының төмендеуі;
Станция жұмысы атқаратын қызметіне қарай аралық , телімдік,
сұрыптамалы, жүк және жолаушылар болып бірнеше түрге бөлінеді.

Менің курстық жобамның басты мақсаты — аралық станцияның

жұмысы, оның жіктемесі мен құрылысы туралы таныстыру болып

табылады.
Менің курстық жобамның міндеті – аралық станцияның жұмысын
ұйымдастыру туралы толық мәліметтер жинау, білу.
Аталмыш материалдар нақты болу үшін көрнекілік ретінде кестелер,

сызбалар пайдаландым.
Түрлі станциялардың сызбасын білу сол станция жүмыстарының
ерекшеліктерімен тез танысуға, оның резервтері мен жіңішке жерлерін көруге
жүмыстың алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануға мүмкіндік беріп, оларға
қажетті конструктивтік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            … жалғасы