Ар-ұждан –адамдық өлшемі.

0
Ар-ұждан –адамдық өлшемі.

 

Автор: Кажгалиева Салтанат Оразовна

 

Бағыты: Өзін-өзі тану Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 11 сынып

 

Жарияланған уақыты: 2019-01-06

 

Материал туралы қысқаша түсінік

 

Құндылық:Ақиқат Қасиеттер:Ойдың, сөздің және істің бірлігі, адалдық, шыншылдықОқушылардың ар-ұждан туралы ойларын дамыта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.


Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыБекітемін ………… Күні: Мектебі:Мерген ОЖББМ Мұғалімі: Қажғалиева С.О.Сынып:11Оқушылар саны:№10 .Тақырып:Ар-ұждан –адамдық өлшемі.Құндылық:АқиқатҚасиеттер:Ойдың, сөздің және істің бірлігі, адалдық, шыншылдық.

Сабақ мақсаты:Оқушылардың ар-ұждан туралы ойларын дамыта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:

  • Өз-өзіне және айналасына адал болудың маңыздылығын үйрету.
  • Оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.
  • Оқушыларға ойдың, сөздің және істің бірлігі болу керектігін түсіндіре
  • отырып, ар-ұждан дауысын естуге және адалдыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)11-сынып оқулығы, «Жақсы адамдар» әнінің сөзі,
Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.5Т ережесі

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.

2.Үй тапсырмасын тексеру.10 сабақ 39 бет«Махаббат мейрамы» І.Есенберлин үзінді оқып келу.Сұрақтар:-Қалай ойлайсыздар Қайназарға тоқтау салатын күш бар ма?Осындай адамдар өмірде кездесе ме?-Қандай да бір іс-әрекетеріңізге іштей қиналған кездеріңіз болды ма?

Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз.Ақылды болсаң, арыңды сақта, Ар-ұждан керек әр уақытта .Нақыл сөз 

Ақылды болсаң, арыңды сақта дегенді қалай түсінесіздер?Неліктен әр уақытта Ар-ұждан керек ?Ар-ұжданды таза ұстау, өз-өзіне адал болу үшін бізге қандай қасиеттер қажет?

Интернет желісінен
4.Әңгiмелеу

Қожа Ахмет Йасауи Ахметті бала кезінде ата- анасы Сайрамда тұратын Ақ ата деген молдаға оқуға беріпті.Ол кісінің шашы да,қасы да аппақ екен.Соған орай ел оны «Ақ ата» деп атайды екен.Бір күні Ақ ата сабақтан соң балаларға:

  • Үйге барған соң ешкімге көрсетпей тауық немесе қоразды ертең өздеріңмен бірге сабаққа алып келіңдер, — деп тапсырма беріпті.
  • Ертеңіне балалардың бәрі тауық пен қораздарды ұстаздарына беріп жатады.Тек Ахмет үндемей тұрады.Мұны көрген Ақ ата:
  • Ахмет ау, мұның қалай,- дейді.Сонда Ахмет саспастан:
  • Ұстаз,мені кешіріңіз.Мен оны ешкімге білдіртпей алғаныммен,өз ұрлығым ішім біліп тұрады ғой,- дейді.
  • Бәрекелді,Ахметім! Мен сені сынап көру үшін барлық балаларға осы тапсырманы берген едім.Сен сынақтан өттің, жан дүниен адал екеніне көзім жетті, деп Ақ ата Ахметтің арқасынан қағыпты.

Сұрақтар:

  • Ақ ата Ахметті неге сынады?
  • Ахметтің «өз ұрлығым ішім біліп тұрады ғой» дегенін қалай түсінуге болады?
  • Қай жағдайда адам тыныштық табады?
Самопознание kzжурналы
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ар-ұждан туралы өсиет-Ар-ұждан дегеніміз не?-деп сұрады ұлы әкесінен.-Ар-ұждан дегеніміз –ешбір адам оны саған бере алмайды және ешкім сенен тартып ала алмайды. «Ар-ұждан адамның тумысынан берілген сыйы»-деді әкесі.-Ал Ар-ұжданның бізде бар екенін қайдан білеміз?-Уайымдама,сен одан қашып құтыла алмайсың,саған ол тыныштық бермейді. Ол әрқашан сенің жүрегіңде болады,тек оны тыңдай біл.

-«Ол сенің жүрегіңде болады,тек оны тыңдай біл»- дегенді қалай түсінесіздер?-Әрекетіміз дұрыс болмаған жағдайда ішкі ойыңызда қандай өзгеріс болады?-Ар-ұждан дегенді қалай түсінесіңдер?

«Ар-ұжданыма саяхат» тақырыбында эссе жазу.

5.Топпен ән айту. «Адалдық өткелі»Сөзі: Ақмарал ЛеубаеваӘні: Жарылқасын Дәулетов Сүйетініме шүбәм жоқ,Сүймей ме деген күмән көп.Түстім бе деген тура жол,Көрінбейді тұман боп. Қайырмасы:Бақытқа толы мұң-кесем,«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.Қай жаққа болсын кетер ем,Қолымнан ұстап «жүр» десең. Көзіңді жұмып тұнығым,Соңымнан ерші, құлыным.Өзгелер қолы жетпеген,Өзіңмен өтсін ғұмырым. Тағдырға сенбей болмайды,Шын бақыт екі қонбайды.Адалдық дейтін өткелден,Көп адам өте алмайды.
6.Үй тапсырмасы.№11 сабақ «Біздің жігіттер»Т.Айбергенов өлеңін оқып келу. 45 бет
  • Сабақтың қорытынды сәті. Ақиқат дегеніміз не?

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

Баяу әуен

Материалды сайттан тегін жүктеу

 

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

 

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.