Ақыл — ой тәрбиесінің міндеттері
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Пәні: Мамандандыру
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ақыл ой тәрбиесі
Орындаған: сырттай оқу бөлімінің 3а
КДО топ студенті
Гарифуллина С.Ж.
Тексерген: Абилова А.Ә.
Орал, 2013ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы
2. Ақыл – ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
3. Ақыл – ой тәрбиесінің әдістері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ақыл-ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі
жеке тұлғаның қалыптасып, дамуы оның білім алу және оқу әрекетімен тығыз
байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой
тәрбиесінен басталады.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық
қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, есте сақтау, шығармашылық
қиял, сөйлеу, ойлау).
Білім мен ақыл – егіз. Білім – ақылдың ажар көркі. Оны халқымыздың
Ақыл азбайды, білім тозбайды деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама Әл-
Фараби: Ақылды болу үшін ғылым меғгеру, өнерге жетілу қажет деп, Білімді
болу деген сөз, ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы
басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады, деп түсіндірген,
С.Торайғыров Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам демекші, қазақ
халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауаттылығын,
білімді және мәдениеттілігін аңсаған. Білім – мақсат емес, қару — деп
орыс жазушысы Л.Толстой айтқандай, ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы
қасиет екенін ұмытпауымыз керек.
Көне грек философы Сократ Білмеген масқара емес, білгісі келмеген
ұятсыздық десе, оның шәкірті Платон Ештемені білмейтін және бірдемені
білмейінше деп талпынбайтын адам — өте жаман адам, оның бойына екі кесел
бірден ұялаған — дейді.
Ендігі жерде ой, ойлау ұғымдарына келсек, бұл өте күрделі, қайшылыққа
толы, сан қырлы ұғым.
Бой жетпеген жерге ой жетеді, қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп
халқымыз бекер айтпаған. Ойлай білуге, дұрыс ойлауға, жастарды ерте кезден
жасына машықтандырған абзал. Ол үшін, алдымен ой — өрісін айналадағы
қоршаған дүниені, табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің
ойлау қабілетін тани бастаған жөн. Бұл процес бір — бірімен тығыз
байланыста жүргізіледі. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі – адамзат ғасырлар
бойы жасап келген ұлан — теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру.
Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады. Адам ойлаудың арқасында
заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді.
Ойлау — әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс деген анықтама
беріледі. Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып
есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдаумен салыстырғанда айқын
көрінеді.
Негізгі бөлім
1. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы
Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен, ол
табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
Ойлау дегеніміз – белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нітижесі.
Ойлау — мидың жемісі. Адам миының еркшелігі, өмір сүрген оратсы, онымен
қарым-қатынасы бар. Ойлау – қарым қатынас нәтижесі. Ол үшін ата — аналар
мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлай білуге үйрету, дағдыландыру
қажет.
Ойлау – дүние құбылыстары мен заттарын олардың әр түрлі байланысы мен
қатынастарында танып білу.
Ақыл – ой дегеніміз — адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен
бірге оның адамдық қасиеті.
2. Ақыл – ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
— жеке тұлғаның сана сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту;
— адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтарды меңгерту;
— оларды өмірге, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру.
— баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлау білуге үйрету.
Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері
1. Оқушыларды … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz