Ақшаның пайда болу негіздері | Скачать Реферат
Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ақшаның пайда болу негіздері
Мамандығы: Экономика, 1 курс
Студент: Өміртай Кәмшат
Оқытушы: Асилова А.С
Алматы- 2018
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 3
I Ақшаның пайда болуы … … … … … … … … … … … … … 4
1.1 Ақшаның шығуы туралы пікірлер және айырбас формалары … … .. 4
1.2 Ақшаның шығуы және дамуы … … … … … … … … … … … … … .. 5
II Ақшаның экономикадағы рөлі … … … … … … … … … … … 8
1.1 Ақшаның жаңа формасының пайда болуы … … … … … … … .. … 10
1.2 Ақшаның функциясы мен мәні … … … … … … … … … … … … … .10
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … ..12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … 13
Кіріспе
Ақшаны табу — табандылық,
Сақтап қалу — ақылдылық,
Ал оны жұмсау — өнер.
( Б. Авербах)
Ақша сөзі бәріміз үшін таныс сөз. Себебі, ақша өміріміздегі қажеттіліктерді пайдалануға, сатуға және айырбастауға ықпал ететін тауар не символ. Оның көмегімен тауардың бағасын анықтап, сатып алу оңай. Ақша бұрыннан танымал тауар болып есептеледі және ол жоғарғы экономикалық өсу процессінде пайда болған. Қазіргі таңдағы жалпыға ортақ қолданыста жүрген доллар, еуро және т.б резервті валюталар XX ғасырда пайда болған. Бірақ, біз бұл уақытқа дейінгі өнімді сату, айырбастау үдерісін әлде қайда бұрын пайда болғанын жоққа шығара алмаймыз.Себебі, ақша түсінігі әр елде әртүрлі болып есептеліп, тауар құны сол елдегі көпке ортақ заттармен айырбасталып жүрді. Кез келген мемлекеттің экономикасы мен нарығының тілі болып ақша есептеледі. Дұрыс ұйымдастырылған және нақты жоспарланған ақша системасы мемлекеттің әлеуметтік жағдайы мен тұрақты реттелген экономикасында елеулі рөл ойнайды. Күнделікті адамдар жұмсаған ақшалар тек өздерінің емес, өмір сүріп жатқан мемлекетінің дамуына үлкен ықпал жасайтынын біреу білсе, біреу білмес. Экономика сферасындағы талпыныс барынша көп қаражат табу мен бәсекелестікке бағытталған. Ақша сөзіне әрекет етпеу сөзі қарама- қайшы болып есептелінеді. Себебі, әр секунд сайын дүние жүзінде тауар алмасу немесе қажеттіліктерді өтеу барысында ақша өз рөлін ойнауда. Менің өзіндік жұмысымның мақсаты- ақшаның пайда болуы мен оның әрекет ету негіздері туралы баяндау.
I Ақшаның пайда болуы
1. Ақшаның шығуы туралы пікірлер және айырбас формалары
Ақша- адам ойлап тапқан нағыз маңызды заттың бірі. Себебі, экономиканың құрылысы осы ақша негізінде жүреді. Ақша ұзақ уақыттар бойы кері және ілгері үдерістер барысында пайда болған. Ақша эволюциясы тауар өндірісі эволюциясының негізгі бөлігі болып табылады. Ақша қалай пайда болды? Бұл сұраққа ғалымдар екі пікір негізінде жауап берді. Біріншісі, рационалдық. Бұл екі адам арасында ортақ келіссөздер нәтижесінде пайда болған деп қарастылатын пікір. Рационалдық пікірді қолдаушылар өкілі болып Аристотель, К.Р. Макконелл болып табылады.Екіншісі, эволюциялық. Бұл теория ақшаны уақыт өте келе, көптеген тауар айырбасы нәтижесі мен экономикалық даму барысында біртіндеп пайда болған деп есептейді. Нақты қай пікірдің дұрыс екендігі анықталмағанмен, көпшіліктің пайымдауынша эволюциялық теория шындыққа жанасатын пікір деп қарастырылады. Тауар айырбасы дамуы төмендегі формалар нәтижесінде қалыптасты.
1. Кездейсоқ форма. Бұл айырбас формасы бойынша тауар кез келген затқа айырбасталып, нақты бағасы болмаған.
Формуласы: Тауар = Тауар
2. Толық форма. Бұл айырбас формасы бойынша тауар айрықша және жалпыға мәлім затқа айырбасталды. Мысалы, өз заманындағы ерекше мәлім тауарлар сиыр, мал, тері, металл.
Тауар В
Тауар С
Тауар Д
Формула: Тауар А =
3. Жалпы форма. Бұл форма ерекшелігі жалпыға ортақ тауар болып бір тауар болмаған. Уақыт өте келе, заман талабына сай болып бір эквивалент тауар түрін екіншісі басқан.
Формула: Тауар= Ақша= Тауар
2. Ақшаның шығу және даму тарихы
Зерттеушілердің пайымдауынша жалпыға ортақ эквивалент ақша б.э.д 2 -3 мыңжылдықта пайда болған. Алғашында ол айырбас сауда ретінде қалыптасқан. Мысалы, малшы үшін мал, егінші үшін түрлі дәнді- дақылдар, аңшы үшін аң терісі болған. Ежелгі Германия жерінде ақша рөлін мүйізді сиыр, Мексика жерінде қант және баобаб өнімдері, Ежелгі Русьте құндыз терілері, Перу мен Боливияда бұрыш болса, Моңғолияда шай болып есептелінген. Ал ең әйгілі ежелгі заман валютасы болып теңіз бақаршақтары болған. Олар Африка, Үндістан және скиф жерінде айрықша танымалдылыққа ие болған. Бірақ, ақша рөлін атқарған бұл тауарлар мәңгі емес, оңай бұзылатын және өзге тауарға айырбастауға ыңғайсыздық тудырды. Уақыт өте келе, адамның санасының дамуы арқасында бәріне ортақ эквиваленттің пайдалануы дұрыс деген шешімге келді.
Көптеген тауар айырбасы барысында тауардың әр түрлі болуы ыңғайсыз болғандықтан жаңа валюта болып металлдар қолданыла бастады. Маңызды металдар болып күміс және алтын есептелінді. Себебі, олар уақыт өте келе бұзылмайды, оңай бөлінеді, көп уақытқа дейін сақталады. Бірақ, ең маңыздысы олардың — сиректілігі. Жер шарында олар аз мөлшерде кездесіп, бағалы металдар болып табылады. Осы металлдардан тиындар жасалынды. Тауардың көбеюі және айырбас саудадағы тауарлардың құнының сәйкес болмауы көптеген мәселер мен қолайсыздықтар тудырды. Осы себепте металлдарды өндіру арқылы қолданысқа тиындар шықты. Алғашқы тиындар б.э.д V ғасырда Ежелгі Римде пайда болған. Олар алтын, күміс, қоладан жасалынды. Негізгі қолданыстағы монета болып қола құймасы есептелінді. Қола, алтын және күміс монеталарының көп қолданысқа ие болуы ақшаны уақтау кәсібінің (меняльное дело) өркендеуіне алып келді. Елде пайдаланылатын металдарға байланысты биметаллизм және монометаллизм термині қалыптасты. Әр елде қолданылған тиындар әртүрлі болды. Мысалы, Ежелгі Қытайда ортасы тесік тиындар қолданылса, Ежелгі Рим, Грекияда өз билеушілері бейнеленген тиындар болды. Биметаллизм дегеніміз елде ақша ретінде 2 металдың қолданылуы. Биметаллизм XVI-XVII ғасырларда Батыс Еуропа елінде қолданыста болды. Металдар ретінде алтын және күміс рөл атқарды. Бірақ, биметаллизм өндірісте тұрақсыздыққа бой алдырып, адамдар арасында түсініспеушіліктерге алып келді. Осы орайда, оның орнын монометаллизм басты. Монометаллизм дегеніміз — ақша ретінде бір ғана металдың қолданылуы. Әрине, бұл рольді алтын атқарды. Мысалы, Ұлыбританияда барлық ақша системасы, тауар бағасы алтынмен есептелінді. Ұлыбритания отарлы ел болған болғандықтан алтынмен есептелетін жүйе өзге елдерге де ықпал жасады.
Тиындардың ақша рөлін ойнауы көп мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен нарықтағы қарама — қайшылықтардың азаюына әсер етті. Бірақ, оңай пайдаға кенелгісі келетін адамдар жалған тиындарды сапасыз металл қоспаларынан жасады. Тиынның түпнұсқасын ажырату үшін мемлекеттің дәрежеде расталған дөңгелек тиындардың шетіне түрлі белгілер басылды. Осылайша, олар адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды үш мың жылдан аса байланыстырды. Бірақ, уақыт өте келе құрлықаралық, құрлықішілік сауда байналыстары кезінде тиындарды тасымалдау үлкен қолайсыздық пен шығынға ұшыратты. Себебі, тиындардың салмағы ауыр және үлкен тасымалдау көлігін қажет етеді. Олардың орнын қағаз ақшалар басты.
Ежелгі Грек монеталары
Қағаз ақшалар ғалымдардың пікірінше Ежелгі Қытайда пайда болған. Уди патша 400000 мыс ақшаны бір қазыналық билетке теңесін деген жарлық шығарады. Олар алғашында бұғының терісінен жасалынды. Бірақ, бұл билеттер халық арасында танымалдылыққа ие болған жоқ. Себебі, бұғы терісінен жасалған билеттерді пайдалану тиімсіз әрі жануардың жойылу қауіпін төндірді. Уақыт өте келе қытайлықтар бұл идеяны IX ғасырда қайта жаңғыртты. Ол кезде қағаз ақшаны ұшатын ақша деп атады, өйткені олар жел тұрғанда оңай ұшатын, салмағы жағынан металл ақшадан әлдеқайда жеңіл болды. Қағаз ақшалар сертификат түрінде берілді. Ол Қытай елінде танымал болып, ұзақ уақыт бойы қолданыста болды.
Қытайда пайда болған ақшалар саудагерлер мен жиһангерлер арасында үлкен сұранысқа ие болды. Марко Поло өз еңбектерінде қағаз ақшаның пайда болуы мақсатқа жету үшін талпынған альхимиктерге таптырмайтын дүние деп айтып оны жоғары бағалаған. Бірақ, қағаз ақшаны шығару оңай болғандықтан, халық арасында байлыққа жету үшін жалған ақшалар жасалына бастады. Ол кезде қағаз ақшаның құндылығы алтын қорымен сәйкес болуы керектігін ешкім ойламады. Сондықтан, XVI ғасырда қағаз ақша құнсызданып, гиперинфляцияға алып келді.
II Ақшаның … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz