Ақшадан маңызды 11 дүние
Қарым-қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.
Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз.
Неке
Адамды шын жақының ретінде қабылдау өміріңізді өзгерте алады. Өзгені таныған сайын жақсы адам болуға деген ынта пайда болады.
Достық
Ақшамен сатып алған достың дос еместігін ұғу керек. Ол жалданбалы адам. Қуанышты да, қайғыны да бірге қарсы алу ең қиыны. Ең жақын дос – жар.
Денсаулық
Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз. Бірақ ақша арқылы денсаулықты құртпаудың жолдарын қарастыра аласыз.
Рухани байлық
Күрделі мәселеден қашудан гөрі оны қалай шешудің жолын қарастыратын адам рухани бай. Адамның миы тыныш болса, жаны да жайсаң болады.
Құштарлық
Адам белгілі бір әрекет-құбылыстан әсер алуы, құштарлығының оянуы өмірді түрлі-түсті түске бояйды.
Тілдесу
Көңілдегі көрікті ойды жеткізе білу және қабылдай алу ішкі әлемніңнің жай-күйі. Тілдесу мен жақын адамдардың болуының өзі бір бақыт.
Өзіңе-өзің тірек болу
Ақша келеді де кетеді. Ақшасыз-ақ гүлденіп, жан баға алу, төзімділік көрсету ерлікпен пара-пар.
Алғыс
Рақметті қалтаға сала алмайсыз. Десе де, оның адам көңіл-күйіне қаншалықты әсер ететінін ескерейік, тіпті өмірдің сәнін келтіретін құнды қасиеттердің бірі осы рақмет айта білу.
Хобби
Адамдар тіршіліктің қамымен жүріп, өзінің жан қалауын ұмыта салады. Қаншалықты ақша тапса да, қаншалықты ісі болса да, бір уақыт арнайы бөліп, жаныңның қалаған ісімен айналысу бір ғанибет
loading…