АҚШ барлауы Қытайдың коронавируспен байланысты жағдайды не үшін жасыратынын анықтады
Қытай үкіметі дәрі — дәрмектер мен медициналық жабдықтарға қор жинау үшін коронавирус туралы ақпаратты жасырған, деп хабарлайды американдық Associated Press.
АҚШ — ның барлау қызметінің есебіне сәйкес, індет қаңтардан басталғанда, Бейжің медициналық заттардың импортын күрт арттырды, ал экспорт, керісінше, оларды мүмкіндігінше азайтты. Алайда Бейжің бұл мәліметтерді жоққа шығарды.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустың Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан бүкіл әлемге тарала бастауы мүмкін екенін айтқан. Ол егер бұл нұсқа расталса, Қытайды жауапқа тартамыз деп қорқытты.
Сонымен қатар, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және Ұлыбритания Қытай Халық Республикасының зертханаларында айғақтарды жоюды бұйырды және вакцина жасау үшін халықаралық қауымдастыққа вирус сынамаларын беруден бас тартты деп мәлімдеді
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ — Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты